Микразим / Бұл қызық / Ушыққан ішек синдромы

Ушыққан ішек синдромы

  1. Бұл не?
  2. Себептер
  3. Симптомдар
  4. Диагностика
  5. Емдеу
  6. Алдын ала емдеу (профилактика) және болжау

Ушыққан ішек синдромы

Бұл асқазанның ауруымен жалғасатын функционалдық бұзылыс. Ішек қабырғаларында қандай да бір құрылымдық бұзылыстар жоқ. Емделушілердің орташа жасы 20-40 жас, оның үстіне әйелдер осындай патологиямен 2 рет жиі ауырады.

Бұл не?

Ушыққан ішек синдромы (УІС) денені ауыртып байқалады және:

  • Үлкен дәретке отырғаннан кейін әлсірейді; немесе
  • Үлкен дәретке отыру жиілігінің өзгеруімен үйлеседі;
  • Сұйық нәжіспен немесе іштің қатуымен үйлеседі.

Сондықтан, МКБ (К 58) бойынша ауру кодтары іш өткізетін (К58.0) және іш өткізбейтін (К58.9) УІС қамтиды. Патологияның кездесу жиілігі әлемде 23%-ға жетеді. Халықтың шамамен 1% жыл сайын ушыққан ішек синдромымен ауырады.

Үлкен дәретке отыру бұзылысымен байланысты іштің кез келген ауруын осы патологиямен көрінісі деп айтуға болмайды. Науқас адамның шағымы кемінде жарты жылға дейін созылуы қажет. Оның үстіне «іштің ауруы – нәжіс – аурудың тоқтауы» ең кемі соңғы 3 ай бойы ай сайын ең аз дегенде үш күн мазалауы тиіс. Осындай ауру белгілері бар науқастардың 2/3-нің көп бөлігі медициналық көмек сұрамай, осы мәселені өз бетінше шешуге талпынады. Бұл созылмалы ішек ауру диагностикасына және емделмеген УІС аясында өмір сапасының нашарлауына себепкер болады.

Себептер

Осы патологияның дамуының тікелей себептері белгісіз. Алайда, ауру ықтималдығын арттыратын қауіп-қатер факторлары болады:

  • 20-39 жас;
  • Әйел жынысы, оның үстіне әйелдерде УІС іш өтумен байқалса, ерлерде іш қатумен көрініс табады; ұзақ мерзімге созылған жағдайда, әйелдер мен ерлерде зақымдау жиілігі 50 жас пен одан үлкен жаста бірдей болады;
  • Жаман әрі сапасыз тамақтану;
  • Осындай аурумен ауырған науқастың жақын туысында болуы УІС ықтималдығын 3 есеге арттырады; күйзелістер, алаңдаушылық, жабығу күйлері, психикалық жарақаттар;
  • Зорлық-зомбылық, оның ішінде «үйде көрген» зорлық-зомбылық;
  • Бұрын ауырған гастроэнтерит.

Симптомдар

Қатерлі ісік сияқты ішек ауру күдігін туғызу себептері жоқ 45 жасқа дейінгі адамдарда диагноз белгілер (симптомдар) негізінде ғана қойылады. Нәжіс, іштің қатуы немесе іштің өтуі жиілігінің өзгеруімен байланысты асқазанның ауруынан бөлек УІС кезінде басқа да белгілер байқалады:

  • Ішектің кебуі;
  • Аптасына 3 реттен аз немесе күніне 3 реттен артық нәжіс шығару;
  • Күшену қажеттілігі;
  • Шұғыл нәжіс шығару белгілері;
  • Ішек жолын толық босатпау сезімі;
  • Тік ішектен нәжіспен шырышты қоспаның шығуы;
  • Күйзелістен немесе ас қабылдағаннан кейінгі белгілердің күшеюі;
  • Мазасыздану, жабығу.

Емделушілер үшін ұзақ мерзім бойы ауру, көптеген шағымдар, қанағаттанарлық көңіл-күйде ұзақ тексеру тарихы. Өмір сүру сапасы жұмыс, ұйқы тәртібінің бұзылуынан, сондай-ақ, өзінің денсаулығы үшін алаңдаудан зардап шегеді.

Осындай емделушілерде УІС көріністерін ауырлататын күйлер пайда болады:

  • Фибромиалгия – бұлшық еттердің тұрақты ауруымен жалғасатын түсініксіз ауру;
  • Созылмалы шаршау синдромы;
  • Шықшыт буынының артрозы (шораяғы);
  • Кіші жамбастың ұзақ уақыт бойы ауруы.

Балаларда ушыққан ішек синдромы сирек кездеседі. Осы жаста функционалды диспепсия, целиакия, лактазды жетіспеушілік, ішектің анатомиялық құрылысындағы ауытқулар.

Диагностика

Ушыққан ішек синдромы ас қорыту органдарының ауру белгілері жоқ жастарда кездеседі. Екінші жағынан ол ережеден тыс диагноз болып қала береді. Сондықтан, нақты жағдайға байланысты диагностикалық зерттеу жиынтығы келесі тесттердің кейбіреулерін қамтуы мүмкін:

  • ЭТЖ және СРП деңгейін анықтайтын қанның анализі;
  • Эндомизияға антиденелер (ішектің тегіс бұлшық етінің жалғайтын тінді бөлігі);
  • Құрсақ қуысының УДЗ;
  • Жасырын қанды, ішек құрты жұмыртқалары мен басқа паразиттерді анықтау үшін нәжістің анализі;
  • (балалардың) лактозаны көтере алмау тесті.

Колоноскопия бірге болатын мазасыздық кезінде 50 жастан жоғары жастағы барлық науқастарға және 50 жастан аспаған емделушілерде орындалады. Сонымен бірге, тоқ ішектің тереңдетілген зерттеуі жақында пайда болған шағымы бар қарт адамдарға, сондай-ақ, ішек ісігінің тұқымдық жағдайларында тағайындалады.

Ұзақ мерзімді іш өту кезінде кешенді тексеріс қажет. Ол мыналарды қамтиды:

  • қанда цианокобаламин, ферритин, фолий қышқылы, альбумин, кальций концентрациясын анықтау;
  • ТТГ және қалқанша без гормондарын зерттеу;
  • нәжістің микроскопиялық зерттеуі;
  • тік ішек қабырғасының биопсиясы;
  • барийлік ерекшелейтін ішектің рентгенологиялық тексерісі және колитті шығаратын колоноскопия.

Емдеу

Емделудің жақсы нәтижесі көбінесе науқастың дәрігердің кеңестерін қаншалықты орындауына байланысты.

Барлық емделушілерге диета ұсынылады:

  • асықпай, теледидарға немесе жұмысқа алаңдамай, тұрақты ас қабылдау;
  • ұзақ уақыт бойы үзіліссіз күніне 5-6 рет тамақтану;
  • темекіні шектеу, ішімдік және газдалған сусындардан бас тарту;
  • іш кепкен кезде еритін талшықтарды (ботқаны), іш қатқанда жасұнықты және кебекті қабылдау керек;
  • сұйық нәжіс кезінде көкөніс пен жеміс-жидек сияқты ішекті ушықтыратын заттарды шектеп, газдар мен сұйықтықты байланыстыратын «Фильтрум» дәрі-дәрмегін тағайындайды;
  • метеоризм кезінде жануарлар майын, қырыққабатты, сүтті, пісірмені қабылдауды шектеу керек.

Өте маңызды: қолданар алдында нұсқаулықпен танысыңыз немесе дәрігермен кеңесіңіз.

Ішектің бұзылуын күшейтетін азық-түлік өнімдерін анықтау үшін тамақтану күнделігін жүргізген абзал.

УІС-пен ауыратындар күніне бір рет 30 минуттан қалыпты физикалық белсенділікпен (жылдам жаяу жүріс, жүзу) шұғылдану қажет. Аздаған демалыс, күніне бір рет жаттығу жасау керек.

Дәрі-дәрмектер ішінен емдеу хаттамасында:

  • түйілуді басатын дәрілер;
  • іш өтуге қарсы дәрілер;
  • іш жүргізетін дәрілер;
  • құрама дәрілер;
  • пробиотиктер;
  • депрессияға қарсы дәрілер;
  • бас миында құсуды әлсірететін дәрі-дәрмектер;
  • жүйке тінінде зат алмасуына әсер ететін кейбір бас сақинасын емдейтін дәрілер;
  • ішек шырынының пайда болуын күшейтетін және нәжісті жүргізетін дәрілер қолданылады.

Емделушілерге психотерапия жақсы көмектеседі.

Алдын ала емдеу (профилактика) және болжау

Ушыққан ішек синдромының дамуын ескерту патология қауіп-қатерін жою негізінде жасалады. Сондықтан, ас қорыту бұзылыстарын алдын ала емдеу мынадай шаралар қамтиды:

  • көп мөлшерде су ішу (тәулігіне 1,8 – 2 литрге дейін);
  • ішек үшін пайдалы микроорганизмдерді, сондай-ақ, осы микробтардың дамуы үшін қолайлы орта жасайтын пребиотиктерді диетаға қосу;
  • газ түзейтін азық-түлік өнімдерін (орамжапырақты, қара нанды, жүзімді, газдалған сусындарды) тұтынуды шектеу;
  • майлыны аз жеу;
  • құрамында кофеин, алкоголь бар ішімдік сусындарын, сондай-ақ, коланы қолданбау;
  • артық жемеу, күні бойы тағамды бірқалыпты үлестіру;
  • асты жақсылап шайнап, асықпай жеу;
  • сорбитолы және фруктозасы бар азық-түлік өнімдерін алып тастау;
  • күйзеліс жағдайларын болдырмау.

Өткізілетін терапияға қарамастан, көп емделушілерде патология белгілері сақталады. Алайда, олардың қарқыны өспейді. 1-2 жыл ішінде олардың жойылу ықтималдығы 38%-ды ғана құрайды.

Асқазанның жайсыздығын жоятын ықтималдықты азайтатын факторлар:

  • сұйық нәжістің басым болуы;
  • толық емделгісі келмеу немесе толық емделу мүмкіндігінің болмауы;
  • ішектің ауыруынан қорқу;
  • ұзақ мерзім бойы ауру;
  • патологияның науқастың күнделікті белсенділігіне біршама әсер етуі;
  • тұрақты күйзеліс;
  • психикалық ауытқулардың болуы.
ТАҒАЙЫНДАР ЖӘНЕ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА МЕДИЦИНАДА ҚОЛДАНЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚТЫ МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ
Aқпаратпен таныстым, жасыру