Микразим / Бұл қалай әрекет етеді

Микразим қалай әрекет етеді?

Айналамызда қызықтар өте көп!. Ал кейде біздің осы әлсіздіктеріміз жағымсыз жайтқа соқтырады және ішіміздегі жайсыздықпен аяқталады! Микразим мұндай жағдайларда сіздің асқазаныңызға жеңуге, ал Сізге жақсы көңіл- күйде болуға көмектеседі!

1 Тамақ не үшін қажет?

Біздің ағзамыздың қалыпты жұмыс істеуін қолдау аса маңызды қорек заттарын - ақуыздар, майлар мен көмірсулар алу мен игеруге тікелей байланысты.

Ақуыздар

Неліктен қажет?  Біздің ағзамыз үшін құрылыс материалы – тіндер, дене жасушалары мен органдары, сондай-ақ гормондардың, ферменттер мен антителалардың негізі.
Қайда болады?  Ет, балық, жұмыртқа, сүзбе, ірімшіктер, бұршақ тұқымдастар.
Қажетті фермент:  ПРОТЕАЗА

Майлар

Неліктен қажет?  Майлар –энергия көзі, олар тәбетті төмендетіп, тою сезімін қамтамасыз етеді. Айырбас процестеріне, гормондар түзуге қатысады, глюкоза деңгейін реттеуге, дәрумендерді игеруге көмектеседі, ми мен жүйке жүйесін қоректендіреді.
Қайда болады? Сары май және өсімдік майы, майлы сүт өнімдері, жаңғақтар, майлы балық, авокадо
Қажетті фермент:  ЛИПАЗА

Көмірсулар

Неліктен қажет?  Көмірсулар – ағзаға энергия түсуінің негізгі көзі және бас миына қажет «тағам». Ферменттердің, қышқылдар мен иммуноглобулиндердің құрамына кіреді. Әсіресе өз рационыңа күрделі көмірсуларды кіргізу маңызды.
Қайда болады?  Көкөністер, жемістер, дәнділер, жармалар, нан, тәттілер, бал.
Қажетті фермент:  АМИЛАЗА

2 Дәмді тағам көп болмайды!

Тағам – энергиямен толықтыру тәсілі ғана емес. Тамақ үстінде біз сөйлесеміз, демаламыз және дәмдік сезімдердің алуандығымен рахаттанамыз. Тамақ – адамзатқа белгілі рахат алудың ең ежелгі құралдарының бірі. Бүгінгі көз қызықтырғыштардың молдығы кезінде кейде біздің артық тамақ ішіп қоятынымыз ғажап емес.

Асқазанымыз толып тұрса да аздап дәмді нәрсе жегіміз келетін кезде, біздің әрқайсысымыздың қосымша «тәттіге арналған асқазанымыз» бар деп әзілдейтініміз белгілі. Бірақ біз уақытты жағымды өткізіп, дәмді және көп тамақтанып алғаннан кейін іс жүзінде не болады?

  • Тамақты көп жеп қойған кезде асқазан қабырғалары тамақты қорыту үшін жеткілікті асқазан сөлін шығарып үлгере алмайды. Тиісінше өңделмеген тамақ ені 5 мм тар жол арқылы әрі қарай, ұлтабарға әрең өтеді.
  • Химус ішегінде - асқазан сөлімен араласқан, ұсатылған тамақ бірден ұйқы безі сөлімен және бауыр өтімен өңдеуге ұшырайды. Желінген тамақтың үлкен мөлшері кезінде сөл мен өттің ферменттері химустағы ақуыздар мен майларды еріту үшін жеткіліксіз болып шығады. Ас қорыту процесі белгісіз уақытқа созылады. Нәтижесінде біз асқазанның толып кету, ауырлық және ішімізде жайсыздық, жүрек айну, қыжылдау сезімдерін және тіпті ауру сезімдерді сезінеміз.
  Пилори сфинктері
  Өт
  Ұйқы безінің сөлі
  Химус
3 Микразим – егер кенет артық тамақ ішіп қойсақ.
Артық тамақ ішіп қойған кезде сіздің асқазаныңызға жылдам көмек қажет. Бұл жағдайда заманауи ферментативті препараттар көмекке келеді. Қандай құралды қабылдаған дұрыс?
Дұрыс таңдау жасау үшін, препараттардың стандартты түрі – таблеткалар мен Микразим капсулаларының әсері немен ерекшеленетінін көрейік:

Сіз кәдімгі таблетканы қабылдайсыз

Кәдімгі таблетка өзінің көлемінің салдарынан тамақтың артынан үлгермей қалады. Таблетка толықтай еріп және ферменттері толық күшпен әрекет ететін жерге түсуі үшін уақыт қажет. Ішіміздегі жағымсыз сезімдер мен жайсыздыққа шыдаудың не қажеті бар?

Сіз микразим капсуласын қабылдайсыз

Микразим капсуласы микротүйіршіктерді босатып, асқазанда бір сәтте ериді. Шағын түйіршіктер тамақпен бір уақытта ішекке жеңіл өтіп, ас қорыту мен сіңіруге кәдімгі таблеткалардан анағұрлым тезірек және тиімдірек көмектеседі.

ТАҒАЙЫНДАР ЖӘНЕ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА МЕДИЦИНАДА ҚОЛДАНЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚТЫ МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ
Aқпаратпен таныстым, жасыру