Микразим / ІҚЖ аурулары

ІҚЖ (ішек- қарын жолы) аурулары кезінде Микразимді пайдалану

Микразимді пайдалануға көрсетілімдер аса кең. Микразимді қабылдау ферменттердің жетіспеушілігімен байланысты ас қорыту бұзылулары, ұйқы безінің сыртқы сөл бөлу функцияларының жетімсіздігі, асқазан, бауыр және өт қабы, ішек аурулары және басқа да аурулар кезінде ұсынылады.

1 Созылмалы панкреатит

Ұйқы безінің асқынуымен жүретін ауру. Панкреатит кезінде ұйқы безі шығаратын ферменттер ұлтабарға шашырамайды және бездің ішінен бұзып, оның асқынуын туғызады.

Созылмалы панкреатит
Қабынған ұйқы безі
Қабынған ұйқы безі
Он екі елі ішек
Он екі елі ішек
Басты жол
Басты жол
Жалпы өт жолы
Жалпы өт жолы
Ашылатын жалпы жолы бар үлкен бүртік
Ашылатын жалпы жолы бар үлкен бүртік

Созылмалы панкреатитді емдеу кезінде аурудың туындау себептерін жоятын дәрі- дәрмектер мен диетадан басқа, ас қорытуды қалпына келтіру үшін ферменттерді тікелей ұлтабарға жеткізетін Микразим препаратын қабылдау ұсынылады.

Созылмалы панкреатит кезінде тамақтану. №5 диета (II нұсқа)

Диетаның мақсаты: асқазан мен ішектердің механикалық және химиялық сақталынуы, өт қабының рефлекторлық қозуын азайту. Тағамды езілген түрінде әзірлейді, буға немесе тұмшапеште пісіреді. Тамақтану тәртібі бөлінген, күніне 5-6 рет.

Ұсынылатын өнімдер мен тағамдардың тізілімі

Ұсынылады:

Нан және нан-тоқаш өнімдері: кеше пісірілген немесе кептірілген 1-ші және 2-ші сұрыпты бидай наны (күніне 200-300 г), майқоспалы емес печенье.

Көжелер: сары майдың (5 г) немесе қаймақтың (10 г) шағын мөлшерін қосумен вегетариандық көкөніс, жарма (тары мен жүгеріден басқасы), езілген немесе шырышты.

Ет және балық: шандыр, сіңір және майсыз майлы емес сұрыпты ет (сиыр еті, бұзау еті, тауық, күркетауық, үй қоянының еті), суға немесе буға пісірілген түрінде (котлет, кнели, фрикаделька, бефстроганов, езбе, суфле, орама және т.б.), ремиссия кезеңдерінде — жұмсақ және майсыз ет; тауық, үй қояны, күркетауық етін кесектей пісірілген түрінде қолдануға болады, майлы емес сұрыпты балық (нәлім, алабұға, көксерке, шортан және т.б.) кесектей пісірлген түрінде немесе туралған (тефтели, суфле, котлет).

Жарма және макарон өнімдері: түрлі жармалардан (ұнтақ жарма, сұлы, арпа, күріш) әзірленген ботқалар, вермишель, макарон, езілген, жартылай жабысқақ ботқалар; суға немесе сүтпен жартылай араласқан суға пісіріледі.

Сүт және сүт өнімдері: кальцийландырылған немесе айраннан жасалған, әсіресе қолдан дайындалған, табиғи немесе пісірілген пудинг түріндегі тұщы сүзбе; тағамға қосылған қаймақ және кілегей, қышқыл емес айран, ащы емес ірімшіктер.

Жұмыртқа: ақуыздан жасалған омлет (2 жұмыртқадан).

Көкөністер: езілген түріндегі пісірілген және тұмшапеште пісірлген көкөністер (сәбіз, асқабақ, картоп, гүлді қырыққабат, көк бұршақ, жас үрмебұршақ, қызылша).

Майлар: тұздалмаған сары май (30 г), зәйтүн немесе тазартылған күнбағыс майы (10—15 г) тағамға қосылады.

Жеміс, жидек, тәттілер: қышқыл емес пісірілген немесе езілген алма (қабықсыз), құрғақ жемістен жасалған езілген қышқыл компоттар, ксилит немесе сорбит негізіндегі шырындардан жасалған мусстар.

Сусындар: лимон қосылған қою емес шай, қант қосылмаған жемісті-жидекті шырындар, итмұрын, түймедақ немесе қара қарақат қайнатындысы.

Тұздықтар: көкөніс қайнатындысы негізіндегі сүтті қою емес, жемісті-жидекті қатықтар.

Қолдануға болмайды:

Қою ет, балық, саңырауқұлақ сорпалары, майлы ет пен балық, баяу еритін майлар, сүр, консервілер, шұжық, тұздалған өнімдер, маринад, дәмдеуіштер, саңырауқұлақтар, қою шай, кофе, какао, шоколад, ақбас қырыққабат, қымыздық, салат, шалғам, шомыр, шалқан, бұршақ тұқымдастар, шикі езілмеген көкөністер мен жеміс-жидектер, мүкжидек.

Майқоспалы ұннан жасалған және кондитерлік бұйымдар, қарабидай наны, суық тағамдар мен сусындар, балмұздақ, газдалған және алкоголь сусындары.

2 Гастрит және гастродуоденит

Гастрит – асқазан қабырғасының ішкі шырышты қабықшасының асқынуы. Созылмалы гастрит – ІҚЖ ең таралған ауруларының бірі, шырышты қабықшаның, ал кейде асқазан қабырғасының тереңірек қабаттарының созылмалы асқынуымен көрінеді. Бұл жағдайда, егер асқыну ұлтабарға таралса, гастродуоденит пайда болады. 75% жағдайда созылмалы гастрит созылмалы холециститпен бірге жүреді.

Гастрит және гастродуоденит
Тело желудка
Тело желудка
Слизистая оболочка
Слизистая оболочка
Қабыну ошағы
Қабыну ошағы

Созылмалы гастрит және гастродуоденит өт қабынан өт қайтымының бұзылуларымен бірге жүреді. Нәтижесінде ферменттік жетімсіздік дамиды, оны Микразим препаратын қабылдау толықтыруға көмектеседі.

Гастрит және гастродуоденит кезінде тамақтану. №1 диета:

Диетаның мақсаты: толыққанды тамақтану кезінде асқазан-ішек жолының орташа химиялық, механикалық және термиялық сақталынуы, қабынуды азайту, жаралардың жазылуын жақсарту, асқазанның секрециялық және қимыл қызметтерін қалыптандыру. Диетада асқазанның шырышты қабығын күшті қоздырушылар мен тітіркендірушілер, соның ішінде суық және ыстық, қиын қорытылатын және асқазанда көп тұрып қалатын өнімдер шектеледі. Тамақ езілген, жартылай сұйық және езбе түрінде, суға не буға пісірілген болуы тиіс. Диетада ас тұзын орташа шектеу қарастырылады.

Ұсынылатын өнімдер мен тағамдардың тізілімі

Ұсынылады:

Нан және нан-тоқаш өнімдері: кеше пісірілген немесе кептірілген 1-ші сұрыпты бидай наны; құрғақ бисквит, құрғақ печенье. Аптасына 1-2 рет - жақсылап толықтай пісірілген майқоспалы емес тоқаш, алма, пісірілген ет немесе балық, жұмыртқа, джем және сүзбе қосылған тұмшапеште пісірілген бәліш.

Көжелер: рұқсат етілген езілген көкөністерден жасалған сәбіз, картоп қайнатындысы негізіндегі көжелер; езілген немесе езіліп пісірілген жармадан (геркулес, ұнтақ жарма, күріш және т.б.), вермишельден, езілген көкөністер қосумен жасалған сүт көжелері, көкөністерден жасалған сүт езбе көжелері; алдын ала езіліп пісірілген тауық еті немесе еттен жасалған, ұнтақ жарма қосумен езілген тәтті жидектен жасалған езбе көжелер. Көжелерге сары май, жұмыртқа-сүт қосындысын, кілегей қосады.

Ет және құс еті: майлы емес ет пен құс еті, құс еті сіңір, шандырсыз. Сиыр етінен, жас майлы емес қой етінен және кесіліп алынған шошқа етінен, тауық, күркетауық, бұзау, үй қояны етінен кесектелген немесе туралған түрінде дайындалған буға не суға пісірілген тағамдар.

Балықтың терісі алынған майлы емес түрлері, кесектей немесе котлет ретінде жасалған. Суға немесе буға пісіріледі.

Сүт және сүт өнімдері: Қышқыл емес ұйыған сүт, ацилофилин. Жаңа дайындалған қышқыл емес сүзбе (езілген) және қаймақ. Сүзбе тағамдары: пісірілген сырниктер, суфле, жеңіл дайындалған варениктер, пудингтер. Ащы емес ірімшік, езілген, сирек - кесекпен.

Жұмыртқа: Күніне 1-2 дана шала пісірілген жұмыртқа немесе буға пісірілген омлет.

Жарма және макарон өнімдері: Сүтке не суға пісірілген (жартылай сұйық немесе езілген) ұнтақ жарма, күріш, қарақұмық, сұлы ботқалары. Ұнтақталған жармадан жасалған буға пісірілген суфле, пудинг, котлеттер. Вермишель, макарон - пісірілген ұсақ туралған.

Көкөністер: Буға пісірілген немесе езілген картоп, сәбіз, қызылша, гүлді қырыққабат (езбе, суфле, буға пісірлген пудингтер). Езілмеген ерте піскен асқабақ пен кәді. Көжелерге ұсақ туралған аскөк. Пісіп жетілген қышқыл емес қызанақтар (100 г дейін).

Жеңіл астар: пісірілген көкөніс, ет, балықтан жасалған салаттар, пісірілген тіл, бауырдан жасалған паштет, шұжықтар: доктор, сүт, диеталық. Көкөніс қайнатындысы негізіндегі сорпа құйылып ұйыған балық, бекірелер уылдырығы: майлы емес сирек жібітілген майшабақ және форшмак, ащы емес ірімшік, майсыз тұздалмаған ветчина.

Жеміс, жидек, тәттілер: Езілген, пісірілген және тұмшапешке пісірілген жеміс-жидек, кез келген түріндегі тәті жидектер мен жемістер. Тәтті тағамдардан: езбе, кисель, мусс, желе, самбук, компот (езілген), меренга, снежок, кілегей кремі, сүт киселі. Қант, бал, қышқыл емес тосап, зефир, пастила.

Тұздықтар: сары май, қаймақ қосумен ұнды қуырусыз сүттен дайындалған (бешамель); жемісті және сүтті-жемісті.

Сусындар: Қою емес шай, сүт және кілегей қосылған шай, сүт қосылған ашық түсті какао және кофе (табиғи емес). Жеміс-жидектен жасалған тәтті шырындар. Итмұрын қайнатындысы.

Майлар: Тұздалмаған сары май, жоғары сұрыпты балқытылған сиыр сүтінен алынған май.

Қолдануға болмайды:

Қарабидай және кез келген жаңа піскен нан, майқоспалы және қабаттама қамырдан жасалған өнімдер.

Ет және балық сорпалары, саңырауқұлақ және қою көкөніс қайнатындылары, көк сорпа, борщ, окрошка.

Ет пен құс етінің майлы және сіңірлі сұрыптары, үйрек, қаз еттері, консервілер, сүр. Майлы, тұздалған, ысталған балық, консервілер.

Қышқылдығы жоғары сүт өнімдері, ащы тұздалған ірімшіктер. Қаймақ шектеледі.

Ұзақ қайнатылған және қуырылған жұмыртқа.

Тары, арпа, ұсатылған арпа, жүгері жармалары, бұршақ тұқымдастар, бүтін макарон.

Ақбас қырыққабат, шалқан, тарна, шомыр, қымыздық, саумалдық, пияз, тұздалған, ашытылған және маринадталған көкөністер, көкөніс жеңіл консервілері.

Ащы және тұздалған жеңіл астар, консервілер, сүр.

Қышқыл, толық пісіп жетілмеген, жасұныққа бай жеміс-жидек, езілмеген құрғақ жеміс, шоколад, балмұздақ. Шектеледі: аскөк, ақжелкен, ванилин, даршын.

Ет, балық, саңырауқұлақ, қызанақ тұздықтары, ақжелкек, қыша, бұрыш.

Газдалған сусындар, квас, қара кофе.

3 Созылмалы холецистит

Созылмалы холецистит – өт қабы қабырғаларының асқынған ауруы.
Бауыр үнемі ас қорыту процесі үшін қажетті өтті, ақуыздар мен майларды ерітуге қатысатын, айтарлықтай улы субстанцияны бөліп шығарады. Өттің қайтуы мен дұрыс қозғалыс қандай да бір себептермен бұзылған кезде, өт қабы қабырғасының қозуы мен бұзылуы жүреді, асқыну процесі басталады.

Созылмалы холецистит
Өт қабы
Өт қабы
Бұғатталған өт жолы
Бұғатталған өт жолы
Қабыну ошағы
Қабыну ошағы

Созылмалы холециститті емдеу схемасы дәрілердің бірнеше тобынан тұрады және аурудың негізгі симптомдарын жоюға және ішек- қарын жолының жұмысын қалпына келтіруге бағытталған. Ферменттердің жетіспеушілігінің орнын толтыру және ас қорытудың қалыпты процесін қалпына келтіру үшін де Микразим препаратын тұрақты қабылдау ұсынылады.

Созылмалы холецистит кезінде тамақтану. №5 диета

Диетаның мақсаты: толыққанды тамақтану жағдайында бауырдың химиялық сақталынуы, бауыр және өт жолдарының қызметін қалыптандыруға көмектесу, өт бөлінуін жақсарту. Липотропты заттектердің, жасұнықтың, пектиндердің, сұйықтықтың мөлшері жоғары өнімдер ұсынылады. Азотты экстрактілі заттектерге, пуриндерге, холестеринге, қымыздық қышқылына және қуыру кезінде пайда болатын майлардың қышқылдану өнімдеріне бай өнімдер қарсы көрсетіледі. Тағамдарды пісірілген, тұмшапешке пісірілген, сирек - қуырылып пісірілген түрінде дайындайды. Тек сіңірлі ет пен жасұныққа бай көкөністерді езеді; ұн мен көкөністерді қуырмайды. Өте суық тағамдар қолданылмайды. Тамақтану тәртібі: күніне 5-6 рет.

Ұсынылатын өнімдер мен тағамдардың тізілімі

Ұсынылады:

Нан және ұннан жасалған өнімдер: 1-ші және 2-ші сұрыпты ұннан пісірілген бидай наны, кеше пісірілген еленген және кебекті ұннан жасалған қарабидай наны. Пісірілген ет және балық, сүзбе, алма қосылған майқоспалы емес тұмшапешке пісірілген өнімдер. Созылмалы печенье, құрғақ бисквит.  

Көжелер: Көкөніс қайнатындысы негізіндегі көкөніс, жарма; макарон өнімдерімен сүтті; вегетариандық жемісті, борщ және көк сорпа, қызылша сорпасы. Көжеге қосылатын ұн мен көкөністерді қуырмайды, жай кептіреді.

Ет және құс еті: Майсыз немесе майсыздандырылған, шандыр және сіңірсіз, құс еті терісіз. Сиыр еті, жас майлы емес қой еті, шошқаның майсыз еті, үй қояны, тауық, күркетауық еттері. Кесектей және туралған түрінде пісірілген, пісірілгеннен кейін тұмшапешке пісірілген. Голубцы, пісірілген еттен жасалған палау. Сүтті сосискалар. 

Балық: Майлы емес түрлері. Кесектей және кнели, фрикаделька, суфле түрінде пісірілген, пісірілгеннен кейін тұмшапешке пісірілген. Диетада қолдануға болмайды: майлы түрлерді, ысталған, тұздалған балықты, консервілерді.

Сүт өнімдері: Сүт, айран, ацидофилин, ұйыған сүт; қаймақ - тағамдарға қоспа ретінде; жартылай майлы және майлы емес сүзбе және одан жасалған тағамдар (запеканка, жеңіл дайындалған вареник, пудинг және т.б.). Ащы емес, майлы емес ірімшік. Жұмыртқа: Тұмшапешке пісірілген ақуыз омлеті. Күніне тағамдарға қосылған жұмыртқаның 1 толық сарыузына дейін. Қорыта алу кезінде - шала пісірілген, омлет түріндегі жұмыртқа. Диетада қолдануға болмайды: ұзақ қайнатылған және қуырылған жұмыртқа. Өт-тас ауруы кезінде күніне тағамдарға қосылған жұмыртқаның 1/2 сарыузына дейін.

Жарма: Түрлі жармадан, әсіресе қарақұмық пен сұлыдан жасалған кез келген тағамдар. Құрғақ жеміс, сәбіз қосылған палау, сәбіз және сүзбе қосылған пудинг, крупениктер. Пісірілген макарон өнімдері.

Көкөністер: Шикі, пісірілген, қуырылып пісірілген түрлі - салат, гарнир, жеке тағамдар. Қышқыл емес ашытылған қырыққабат, пісірілген пияз, көк бұршақ езбесі.

Жеңіл астар: Өсімдік майы қосылған жаңа піскен көкөністерден жасалған салат, жеміс салаттары, винегрет, кәді икрасы, сорпа құйылып ұйыған балық (пісіріп дайындалған), жібітілген, майлы емес майшабақ, теңіз өнімдерінен, пісірілген балық пен еттен жасалған салаттар, доктор, сүт, диеталық шұжықтар, майлы емес ветчина, ащы емес, майлы емес ірімшік.

Жеміс, жидек, тәттілер: Түрлі жеміс-жидек (қышқылдарынан басқасы) - шикі, пісірілген, тұмшапешке пісірілген. Құрғақ жемістер. Компот, кисель, желе, мусс, самбук. Меренга, снежок. Мармелад, шоколадты емес кәмпит, пастила, бал, тосап. Қантты жартылай ксилитпен (сорбитпен) алмастыру.

Тұздықтар: Қаймақ, сүтті, көкөніс, тәтті жемісті қатықтар. Ұнды қуырмайды. Аскөк, ақжелкен, ванилин, даршын.

Сусындар: Шай, сүт қосылған кофе, жеміс, жидек және көкөніс шырындары, итмұрын және бидай кебектерінің қайнатындылары. Диетада қолдануға болмайды: қара кофе, какао, суық сусындар.

Майлар: Табиғи түрдегі және тағамдарға қосылған сары май, тазартылған өсімдік майлары.

Қолдануға болмайды:

Жаңа піскен нан, қабаттама және майқоспалы қамыр, қуырылған бәліш.

Ет, балық, саңырауқұлақ сорпалары, окрошка, көк сорпа.

Еттің майлы сұрыптары, үйрек, қаз еттері, бауыр, бүйрек, ми, сүр, шұжықтардың көпшілігі, консервілер.

Бұршақ тұқымдастар.

Ащы және майлы жеңіл астар, сүр, консервілер, уылдырық.

Саумалдық, қымыздық, шалғам, шомыр, көк пияз, сарымсақ, саңырауқұлақ, маринадталған көкөністер.

Шоколад, крем өнімдері, балмұздақ.

Қыша, ақжелкек, бұрыш.

Шошқа, сиыр, қой майлары, кулинариялық тоң майлар.
Шектеледі: кілегей, майлылығы 6% сүт, майлы айран, қаймақ, майлы сүзбе, тұздалған, майлы ірімшік.

4 Түршіккен ішек синдромы (ТІС) және шаншулар

Түршіккен ішек синдромы (ТІС) – ас қорыту жүйесінің ең таралған бұзушылықтарының бірі, онымен жершарындағы шамамен әрбір бесінші адам зардап шегеді. Және де, әйелдерде екі есе жиі байқалады. Синдром жиі іш кебулермен, ішек құрысуларымен, шаншулармен, метеоризммен, іш өтумен немесе керісінше іш қатулармен жүруі мүмкін және көптеген жайсыздық әкеледі.

ТІС толықтай емдеу мүмкін емес, алайда дене белсенділігін арттыру, дұрыс тамақтану мен ферментті Микразим препаратын пайдалану кешенді терапияда оның жағымсыз көріністерін азайтуға көмектеседі.

Түршіккен ішек синдромы кезінде тамақтану. №3 Диета 

Диетаның мақсаты:  ішектің бұзылған функцияларын және бұл бұзушылықтармен байланысты ағзадағы зат алмасу процестерін қалпына келтіру. Ішекте ашу мен шіруді күшейтетін және ас қорытудың басқа органдарына теріс әсер ететін өнімдер мен тағамдар алып тасталған (майларға бай, қуырылған өнімдер және т.б.). Тамақты ұсатылмаған түрде, суда, буда даярлайды немесе қыздырып пісіреді. Көкөністер мен жемістерді шикі және пісірілген түрде пайдаланады. Диетаға суық алғашқы және тәтті тағамдарды, сусындарды кіргізеді. Тамақ қабылдау күніне 4-6 рет. Таңертең балмен суық су немесе жемістер мен көкөністердің шырындарын ішкен дұрыс; түнге: айран, балғын немесе құрғақ жеміс- жидектердің компоттары, балғын жемістер, қара өрік.

Ұсынылатын өнімдер мен тағамдардың тізімі

Ұсынылады:

Нан және нан өнімдері: 2-ші сұрыпты бидай ұны, дәнді барвихиндік, докторлық; ұнаса – қара бидай. Бәрі – кеше пісірілген нандар. Дәмделмеген печенье, құрғақ бисквит. Жеміс- жидектері бар, дәмделмеген, пісірілген өнімдерді шектеу.

Сорпалар: Күші шамалы, майсыздандырылған ет және балық сорпасында, көкөніс қайнатпасында. Көкөністік (борщтар, щи, қызылша сорпасы), арпа жармасымен, жемістік сорпалардың артықшылығы бар.

Ет пен құс: Еттің, тауықтың әр түрлі түрлерінің майлы емес сұрыптары, күркетауық – суда пісірілген, көбінесе кесектеп пісірілген, кейде шабылған. Сүтті сосискалар. Балық. Майсыз түрлері. Кесекпен- суға пісірілген, қыздырып пісірілген. Теңіз өнімдерінен тағамдар. Сүт өнімдері. Ыдыстардағы сүт. Әр түрлі сүт қышқыл сусындары. Жас сүзбе және одан даярланған тағамдар: пудингтер, жалқау варениктер, ватрушка, жармалармен үйлестіріп. Кілегей. Ащы емес ірімшік. Ыдыстардағы қаймақ.

Жұмыртқалар: күніне 2 данаға дейін. Шала пісірілген, булық омлеттер, тағамдарға ақуыздық омлеттер.

Жармалар мен макарон өнімдері. Көбінесе, үгілмелі ботқалар мен қарақұмық, тары, бидай, арпа жармаларынан пісірілімдер түрінде, сүт қосып, суда пісірілген.

 Көкөністер: қызылша, сәбіз, қызанақ, салат, қияр, кәді, асқабақ, түсті қырыққабат - шикі және гарнирлерге пісірілімдер түрінде, суда пісірілген. Ақбас қырыққабат және жасыл бұршақ – пісірілген түрде және ұнаса.

 Тіске басарлар: Шикі көкөністерден салаттар және өсімдік майымен винегреттер, көкөністі уылдырық, жеміс салаттары. Ащы емес ірімшік, майлы емес ет, жібітілген майшабақ, сорпа құйып ұйыған ет және балық.

Жемістер, тәтті тағамдар мен тәттілер: Балғын, піскен, тәтті жеміс- жидектер шикі және аса көп мөлшерде тағамдарда. Кептірілген жемістер шыланған түрде және әр түрлі тағамдарда (қара өрік, кептірілген өрік, өрік, інжір). Бал, қайнатпа, мармелад, пастила, сүт карамелі.

Тұздықтар мен дәмдеуіштер: Қатты емес ет, балық сорпасында, томатты, сүтті бешамель, сиректеу- қаймақты, жемісті. Аскөк, ақжелек, балдыркөк, лавр жапырағы.

Сусындар: Алмастырғыштардан шай кофе. Балмұрын мен бидай кеуектері қайнатпасы, жеміс- жидек және көкөніс шырындары (алхорыдан, өріктен, сәбізден, қызанақтан және басқ.).

Майлар:  Сары май. Өсімдік майлары - тағамдарға. 

Алып тасталады:

Жоғары сұрыпты ұннан пісірілген нан, қатпарлы және тәтті қамыр.

Тұрып, шалғам, сарымсақ, пияз, шалқан, саңырауқұлақ.

Майлы түрлер, ысталған балық, консервілер.

Қатып пісірілген, қуырылған жұмыртқа.

Күріш, ұнтақ жармасы, саго, вермишель, бұршақ тұқымдастар.

Еттің, үйректің майлы сұрыптары, қаз, қақталғандар, консервілер.

Майлы және ащы тағамдар, қақталғандар.

Кисель, қаражидек, айва, қызыл тал, шоколад, кремі бар өнімдер

Қуырылған және ащы тұздықтар, ақжелек, қыша, бұрыш.

Какао, табиғи кофе, қою шай.

Жануар және аспаздық майлар.

Картоп шектеледі.

ТАҒАЙЫНДАР ЖӘНЕ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА МЕДИЦИНАДА ҚОЛДАНЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚТЫ МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ
Aқпаратпен таныстым, жасыру