Микразим / Бұл қызық / Панкреатит кезіндегі диета

Панкреатит кезіндегі диета

  1. Не үшін диета ұстау керек
  2. Панкреатиттің қатты асқынуы кезінде тамақтану
  3. Асқынған панкреатит кезіндегі диета ережелері
  4. Панкреатит кезінде рационды қалай әзірлеу керек

Диета при панкреатите

Панкреатитпен ауыратын адамдар үшін күнделікті тамақтануды дұрыс ұйымдастырудың мәні зор. Себебі, мұндай ауру кезінде ұйқы безі зақымдалады. Ол ас қорыту жүйесі органдарына қатысы бар және ұлтабар саңылауында әсер ететін ферменттер кешені секрециясына жауап береді. Сондықтан, осы органның ісінуі негізгі қоректік заттарды (нутриенттерді) қорытудың бұзылуымен және қосалқы ішек бұзылыстарының дамуымен жалғасады, бұл кейбір тағамдық шектеулердің сақталуын қажет етеді.

Медицинада панкреатит кезінде емдеу-профилактикалық тамақтану жүйесі Певзнер бойынша № 5п үстел деп аталады. Оның әр түрлі тағамдық шектеулері болуы мүмкін. Себебі, панкреатит кезінде диетадағы мәзір бірнеше факторларды ескере отырып таңдап алынады. Рацион ауру кезеңі мен формаларына, негізгі симптомдары мен ферменттік жетіспеушілік деңгейіне байланысты. Болады. Панкреатиттің холециститпен үйлескен кезінде әдетте 5а диетасы тағайындалады.

Не үшін диета ұстау керек

Панкреатит кезінде емделу және тамақтану – өзара байланысты түсініктер. Дұрыс құрастырылған күнделікті рацион бірнеше маңызды міндеттерді орындауға мүмкіндік береді:

  • Ұнтақтап тамақтану мен қорытуға ауыр тағамдарды алып тастау арқылы ісінген ұйқы безіне артық жүктеме жойылады. Панкреатит кезінде бұл өте маңызды міндет болып саналады.
  • Негізгі нутриенттерді толыққанды қорыту. Панкреатит кезінде үйлесімді құрастырылған мәзір қажетті қоректік заттардың келіп түсуін қамтамасыз етеді, ал тұтынатын тағамның тиісті мөлшері мен тағамдардың үйлесімділігі ұйқы безі ферменттерінің әсерімен олардың жеткілікті мөлшерде қорытылуына ықпал етеді.
  • Қайталанған асқынуды болдырмау. Себебі, көп жағдайларда мұндай ауру кезінде қайталанған асқыну тамақтану кезіндегі қателіктермен байланысты. Сондықтан, диетаның созылмалы панкреатит кезінде тұрақты ұстанған жөн.
  • Қант диабеті қауіп-қатерін азайту. Ұйқы безі ас қорыту жүйесіне ғана қатысты емес. Ол эндокринді (горномналды белсенді) орган болып есептеледі. Оның тіндерінде ерекше түзінділер – Лангерганс бөліктері бар. Осы бөліктерде инсулин гормоны шығады, оның жетіспеушілігінен адамда қант диабеті қалыптасады. Созылмалы немесе жиі қайталанатын ісіну функционалды белсенді жасушалардың, оның ішінде Лангерганс бөліктерінің жойылуымен қауіпті. Міне сондықтан панкреатитті қант диабеті өршуінің негізгі факторларының бірі, ал тамақтанудағы қателіктер маңызды фактор ретінде қарастырады.

Панкреатит кезіндегі диета ас қорыту толыққанды болып есептелетін талаптарды құруға бағытталған.

Панкреатиттің қатты асқынуы кезінде тамақтану

Тыйым салынған» өнімдер Ауыртатын синдромы мен ас қорытуда біршама бұзылыс белгілері бар асқынған ауруда ұзаққа созылмайтын емдік ашығу қолданылуы мүмкін. Бұл ұсынысты өткен ғасырлардағы дәрігерлер айтқан. Олар асқынған панкреатит кезінде өз емделушілеріне суықты (ісінген орган бөлігіне), аштықты және физикалық тыныштықты тағайындады. Осы кезеңде тілген тітіркендірмейтін дәруменді және сілтілі сусын рұқсат етіледі. Қажет болған кезде парентералды (тамыр ішілік) тамақтану тағайындалады. Ал ферменттерді осы кезде қолдануға болмайды. Себебі, ішекке қорытуды қажет ететін ешқандай тағам келіп түспейді.

Асқынған панкреатит кезіндегі аштық әдетте 2-3 күнге созылады. Осы аралықта симптоматика азайып, диеталық тамақтануға кезең-кезеңмен өту мүмкіндігі пайда болады:

  1. Аштықтан кейінгі алғашқы күндері тамақтану құнарлылығы төмен және барынша аяйтын күйде болады. Тағамдар езбе тәрізді, жартылай сұйық, ұнтақталған. Оларды буда әзірлейді немесе пісіреді, берген кезде дене температурасына дейін суытады. Мұндай мәзір көбінесе көмірсу күйінде болып, көп компонентті рецепттер мен специяларды қолданбайды.
  2. Панкреатит симптомдары азайғаннан кейін тамақтану әр түрлі әрі құнарлы болады. Бұл ретте, мәзірді өз көңіл-күй мен тамақты игеру деңгейіне бағытталып біртіндеп кеңейтеді. 4-5 күнге жеңіл игерілетін ақуыздар (ірімшік, пісірілген майлы емес ет, жұмыртқа), содан кейін аздаған сары май енгізіледі. Әзірше өсімдік майлары қолданылмайды. Тағамдар бұрынғыдай қайнаған және буға пісірілген. Оларды ұсақтамайды, сорпа, суфле және көмеш күйінде береді.
  3. Соңғы 8-12 айда панкреатит кезіндегі тамақтану аянышты әрі ұсақталған күйде болады. Жалпы бұл кезде рацион созылмалы панкреатит кезіндегі мәзірді еске салады. Өсімдік майлары енгізіледі, тағамдар әр түрлі болады.

Ашыққаннан кейін алғашқы күннен бастап диетаны ферменттік препараттарды қолданумен толықтырады. Бұл үшін мысалы Микразим® тағайындалады. Бұл ұйқы безінің жеке ферменттерінің жетіспеушілігін жартылай өтеуге, оның артық жүктемелерін болдырмауға мүмкіндік береді. Бұл майлы өнімдерді тұтынған кезде аса маңызды.

Панкреатит кезіндегі диетаны сақтау – асқыну кезіндегі ең маңызды емдік сәті. Міне осы жағдай ісінген ұйқы безі және ас қорыту жолы жұмысын біртіндеп қалпына келтіруге ықпал етеді. Тағайындалатын препараттар симптомдарды жазуға, зақымданған органнан жүктемені жартылай алып тастауға және салыстырмалы ферменттік жетіспеушілікті өтеуге көмектеседі.

Асқынған панкреатит кезіндегі диета ережелері

Панкреатит кезінде диета асқыну кезінде ғана қажет емес екенін түсіну қажет. Негізгі симптомдар кеткеннен кейін, әсіресе, ауру созылмалы күйге өткен кезде ол үлкен рөл ойнайды. Себебі, панкреатит кезінде тамақтанудағы қателіктер көңіл-күйіңіздің жылдам әрі біршама нашарлап кетуімен қауіпті. Мұндай жағдайда аурудың қайталануы немесе асқынуы туралы айтады. Ал, қолданылатын емдік тактика бастапқы ауру белгісінің терапиясымен ұқсас келеді.

Сондықтан, созылмалы панкреатит кезіндегі диетаның қолдап отырушы және профилактикалық мәні болады. Оны сақтаған кезде адам физикалық жайсыздыққа шалдықпайды және өмір сүру сапасы нашарлап кетпейді. Кейбір адамдарға кейбір өнімдер мен тағамдарды жеуге қатаң тыйым салынуға үйрену үшін көп уақыт қажет болады.

Дәрігердің кеңесі бойынша мұндай диетаны медикаментозды терапиямен – ферментті препараттарды қабылдаумен жиі бірлестіреді.

«Тыйым салынған» өнімдер: панкреатит кезінде неден бас тарту керек

Өнім Панкреатит кезінде неліктен келесі заттарды қолданыстан алып тастайды
Соки при панкреатите
Шырын
Панкреатит кезіндегі шырындарды қажетсіз өнімдерге жатқызады. Себебі, олардың ішіндегі сұйықтық тітіркендіруші әсер береді және асқазан сөлі мен барлық ас қорыту ферменттерінің шығуына түрткі болады. Бұл панкреатиттің асқынуына алып келеді. Тек тұрақты жақсару кезінде сумен араластырылған шырындарға рұқсат етіледі.
Фрукты при панкреатите
Жаңа піскен (термикалық өңдеуден өтпеген) жеміс, жидектер
Ас қорыту жолына шырын сияқты әсер етеді. Панкреатит кезінде жемістер пісірілген күйде немесе шоғырландырылмаған компоттар күйінде сирек қолданылады.
Соленья при панкреатите
Қышқыл және жасұныққа бай көкөністер. Тұздамалар, маринадтар, консервілер (оның ішінде үйде әзірленгендер)
Тітіркендіруші әсері бар. Панкреатит кезінде қызанақ, шалқан, шомыр, саумалдық пен қымыздық, жаңа піскен ақбас қырыққабат қажет емес. Ашытқан көкөністер, маринадталған және ұзақ мерзімге сақтауға тұздалған өнімдер, консервілер.
Грибы при панкреатите
Бұршақ тұқымдастар. Саңырауқұлақтар.
Олардың ішіндегі өсімдік ақуызы ұйқы безінің белсенділігін арттыруы мүмкін. Сонымен бірге, бұршақ тұқымдастар ішек саңылауында газдың түзілуіне әсер етеді және әдетте созылмалы панкреатиті бар адамның көңіл-күйіне кері әсерін тигізеді.
Алкоголь при панкреатите
Ішімдік, газдалған сусындар

Барлық ас қорыту ферменттерінің жасалуына себепші болады, барлық ішек-қарын жолының шырышты қабатына тітіркендіргіш күйде әсер етеді.

Панкреатиттің асқынуының шамамен 25 пайызы ішімдік ішумен байланысты.

Хлеб при панкреатите
Жаңа піскен нан, тоқаш, кондитерлік бұйымдар

Инсулиннің көп мөлшерде жылдам бөлінуіне түрткі болатын тез игерілетін көмірсулардың көп мөлшерде шығуының қайнар-көзі болып саналады. Бұл ұйқы безінің біршама ынталандырумен жалғасады.

Сонымен бірге, оның шамадан тыс жүктеме алуына тоқашта, кремдерде, пісірмеде көп көмірсулар мен майлардың үйлесуі ықпал етеді.

Жаренное при панкреатите
Майлы тағамдар

Дәмді қабықшалары пайда болатын өнімдерді қуыру бірнеше зиянды заттардың пайда болуымен жалғасады. Оларға нитрозаминдер, акролеин, акриламид және кейбір басқалары жатады. Олар канцерогенді әсер береді, ас қорыту жолының шырышты қабатын тітіркендіріп, ферменттердің шығуын күшейтеді.

Қуыру өнім майлылығының артуына түрткі болады. Осының нәтижесінде оны қорытуға панкреатит кезінде ұйқы безі қамтамасыз ете алмайтын ферменттер мен көп уақыт қажет.

Колбаса при панкреатите
Шұжық бұйымдар
Сүрленген және піскен-сүрленген шұжықтарға, көп қоспалары бар сосискалар мен шұжықтарға тыйым салынған. Барлық ас қорыту жолын тітіркендіреді және артығымен ынталандырады. Бұл ретте, кейде майлы емес еттен піскен сосискаларға, құс етінен жасалған ветчиналарға рұқсат етіледі.
Майонез и кетчуп при панкреатите
Майонез, кетчуп, басқа да фабрикада жасалған соустар
Ішек-қарын жолының шырышты қабатына тітіркендіргіш әсерін береді, ұйқы безін қатты ынталандырады.
Чипсы и сухарики при панкреатите
Снектер (чипстер, хошиісті қытырлақтар және басқалары), фабрикада жасалған печенье мен торттар
Олардың құрамына кіретін көп химиялық қоспалар ас қорыту жолын тітіркендіреді. Сапасы төмен майлардың артық мөлшері ұйқы безінің артық жұмыс істеуіне себепші болады.

 

Сонымен бірге, май, майлы еттер, майлылығы жоғары қышқыл сүт өнімдері, майда қуырылған көкөністер (сорпа мен соустарды қосу үшін) қажет емес. Панкреатит кезінде майлылығы жоғары басқа да өнімдерді қолдануға болып-болмайтындығын емдейтін дәрігерден немесе диетологтан нақтылау қажет.

Нені жеуге болады?

крупы при панкреатите
Жармалар
Қарақұмық және ұнтақ жармасын, сұлы және бидай үлпегін, күрішті қолданады. Жақсы көтере алғанда ғана ақтаған тары мен арпа жармасын сирек қолдануға болады. Көп адамдар ауыр қорытатын арпа жармасы сирек қолданылады.
Овощи при панкреатите
Көкөністер
Көп жағдайда піскен немесе буға піскен. Кәділер, сәбіз, түрлі-түсті қырыққабат, бұршақ, картоп, қызылша, қияр рұқсат етіледі. Қызанақ аз мөлшерде және жақсы көтере алған жағдайда жақсарғанда тізімге енгізіледі.
Мясо при панкреатите
Ет, құс
Майлы емес сұрыптар (сиыр еті, ор қоян еті, тауық еті, күрке тауық еті). Майлы қабаттар мұқият кесіп алып тастайды. Етті пісіріп, буда әзірлейді. Жақсарған кезде оны кейде маринадсыз пісіруге болады.
Рыба при панкреатите
Балық
Буда әзірленген немесе піскен майлы емес сұрыптар. Судың аз мөлшерінде бұқтыруға болмайды. Себебі бұл тітіркендіргіш экстрактивті заттардың пайда болуына ықпал етеді. Көксерке, нәлім, минтай, шортан, сазан, алабұға, хек, путассу жақсы үйлеседі.
Яйца при панкреатите
Жұмыртқа
Қуырылған және піскен жұмыртқаны алып тастайды. Буға әзірленген және пісірілген омлеттер болады. Басқа да әзірлеме тәсілдері де қолданылуы мүмкін.
Молочные продукты при панкреатите
Сүт өнімдері
Майлы емес өнімдер ғана. Сүзбе, афидофилин, айран, қатық қолдануға болады. Сүт ботқа мен сусындарға қоспа, суфле және омлет құрамында жүреді. Ірімшік аз мөлшерде майлы емес сұрыптары рұқсат етілген және тағамдарға қосымша ретінде ғана.
Хлеб при панкреатите
Нан, печенье
Нан – бидай, жаңа піспеген, кептірілген түрлері ұсынылады. Печенье сирек қолданылады және ол май қоспасыз, галетті болуы тиіс.

Фрукты при панкреатите
Жемістер, жидектер

Көп жағдайда піскен күйінде немесе компоттар, кисельдер, желе, мусс, пастил құрамында беріледі. Алма, кептірілген жемістер (аз мөлшерде) жақсы үйлеседі.

Что можно пить при панкреатите
Сусындар
Сұйық шай (аздап лимон қосылған), шоғырландырылмаған компоттар, минералды су, итмұрын тұнбасы

 

Панкреатит кезінде рационды қалай әзірлеу керек

Панкреатит кезінде жобаланған мәзір 3 негізгі ас қабылдауды (таңғы ас, түскі ас, кешкі ас), олардың арасында 2 жеңіл-желпі тамақтануды және ұйықтар алдында қышқыл сүтті сусынды қамтиды.

Таңғы асқа суда әзірленген тұтқыр ботқалар берілгені жөн, тұрақты жақсарған кезде су қосылған сүт қолданылады. Ең алдымен, оларды ұнтақтап, суфле түрінде береді. Кейіннен жақсылап пісірген жеткілікті. Таңғы ас аздаған майы бар тәуліктік кептірілген наннан жасалған бутербродпен толықтырылады (тәулігіне ең көбі 10 гр.). Майлы емес сұрыптағы ірімшік немесе майлы емес ветчинаның бөлігін жеуге болады.

Екінші таңғы асқа (жеңіл-желпі тамақтану) сүзбе немесе етті суфледен, ірімшігі немесе балы бар көмештелген алмадан, тәтті сүзбеден, буға піскен немесе көмештелген омлеттен құрылуы мүмкін. Компот немесе итмұрын тұнбасы да беріледі.

Түскі ас түрлі сорпадан, екінші тағам мен сусыннан тұрады. Сорпаларды екінші бульонда пісіреді және кейде аздап қаймақ қосады. Екінші тағам міндетті түрде ақуыз тағамын қамтиды және оны көкөніс немесе жарма гарнирімен толықтыруға болады.

Бесін асына бірінші жеңіл-желпі тамақтануға арналған тағамдар беріледі. Ол кисельден және галетті печеньеден, кейде бананнан тұруы мүмкін.

Кешкі ас ақуыз бен көмірсу мөлшері жеткілікті қорытуға жеңіл тағам болуы тиіс. Бұл суфле, көмеш, етті-сүзбелі кнельдер, омлеттегі етті орамалар, піскен ет / балық болуы мүмкін. Оларға гарнир қосылады.

Түнге қарай айран немесе басқа да рұқсат етілген майлы емес қышқыл сүтті өнімдер.

Панкреатит кезінде диета сақтау көңіл-күйді жылдам жақсартуға және ұзақ мерзімге тұрақтандыруға көмектеседі. Себебі, 5п үстеліндегі емдік рацион үйлесімді, ағзаны барлық қажетті қоректік заттармен қамтамасыз етеді, зақымдалған ұйқы безін барынша аяйды және оның функцияларын қалпына келтіреді.

Тамақтануда қателіктер болмаған кезде панкреатит ұзақ мерзім бойы өтелген күйде қалады және жайсыздық симптомдарымен жалғасын таппайды. Ферменттік препараттарды қосымша пайдалану асты жеткілікті мөлшерде қорытады.

Foydalanish foydalanuvchi uchun qo'llanma qarang yoki sizning shifokor bilan maslahatlashing oldin

ТАҒАЙЫНДАР ЖӘНЕ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА МЕДИЦИНАДА ҚОЛДАНЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚТЫ МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ
Aқпаратпен таныстым, жасыру