Микразим / Сұрақ-жауап / Мен арықтауға тырысамын, сондықтан өзімді ас қабылдау кезінде шектеймін. Бірақ менің салмағым азаймайтын болды. Арықтау үшін не істеу керек?

Мен арықтауға тырысамын, сондықтан өзімді ас қабылдау кезінде шектеймін. Бірақ менің салмағым азаймайтын болды. Арықтау үшін не істеу керек?

Бұл арықтағысы келетін адамдарға тән мәселе. Қатты тағамдық шектеулер мен рационның құнарлығын біршама азайту арқылы салмақты тез тастау мәселесі әрдайым шешіле бермейді. Салмақты күрт жоғалтқаннан кейін салмақ тұрақты бір фазада қалып қояды. Бұл ретте қатты диета ұстасаңыз да қажетті нәтижеге жетпейсіз.

Себебі, арықтау процесі метаболизм (заттардың алмасу) жылдамдығымен тікелей байланысты. Калория мен негізгі қоректік заттардың күрт тапшылығы үнемдеу режимін қосуға ықпал етеді. Сондай-ақ, ағзадағы барлық процестер баяулап, негізгі күш-жігер маңызды органдардың жұмыс істеуіне бағытталады. Өйткені, заттардың барлық алмасу түрлері – бұл өзара байланысты реакциялар кешені. Олардың жұмысы үшін белгілі бір заттар қажет. Аштық диета кезінде олар ағзаға жеткіліксіз мөлшерде келіп түседі. Сондықтан, заттардың алмасуы өте баяу күйде үнемдеу тәртібі бойынша өтеді.

Осы фазадан өту үшін ең алдымен тамақтану тәртібін қалпына келтіру қажет. Рацион барлық негізгі қоректік заттар мен дәрумендердің келіп түсуін қамтамасыз етеді. Тамақтанудың құнарлылығын негізгі алмасу көрсеткішінен аздап асатын деңгейде ұстап тұру керек. Бұл ретте әдеттегі тәулік құнарлылығының 15–20% мөлшерінде тапшылықтың болуы қауіпсіз әрі нәтижелі болады. Тағамдық қалдық пен рационда жылдам көмірсулардың артық болуынан бас тартып, денсаулыққа пайдалы тамақтануға көшу қажет.

Диетолог арықтау кезінде мәзіріңізді дұрыс дайындап береді.

ТАҒАЙЫНДАР ЖӘНЕ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА МЕДИЦИНАДА ҚОЛДАНЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚТЫ МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ
Aқпаратпен таныстым, жасыру