Микразим / Бұл қызық / Гастрит кезіндегі диета

Гастрит кезіндегі диета

  1. Гастрит кезіндегі тамақтану режимі
  2. Гастриттік сырқаттану кезіндегі диетаның негізгі қағидаттары
  3. Гастрит кезінде қандай өнімдерді тұтынуға болады?
  4. Рационнан нені алып тастау керек?
  5. Жоғары қышқылдық кезіндегі диета
  6. Төмен қышқылдық кезіндегі рацион
  7. Гастрит кезіндегі рацион – жалпы ұсынымдар

Гастрит деп асқазанның шырышты қабығындағы қабыну процестерін атайды, бұл сөзсіз ас қорыту проблемаларына әкеледі. Адам тамақты нашар қорытып, нәтижесінде денсаулығы төмендейді және әлсіздік пен шаршау пайда болады. Статистикаға сүйенсек, барлық ресейліктердің шамамен жартысы әр түрлі дәрежеде гастрит симптомдарын сезінеді.

Гастрит кезіндегі тамақтану режимі

Гастрит кезіндегі тамақтану режимі
Көбін мына сұрақ мазалайды: Гастрит кезінде қандай диета ұстану қажет? Бұл өте маңызды сұрақ, өйткені, дұрыс тамақтану – АІЖ ауруларын емдеудің негізгі бөлігі. Гастриттік сырқаттану кезінде әрқашан аялауыш диета ұстану керек, ал денсаулықтың жақсаруы кезінде бұрынғы тамақтануға біртіндеп оралу қажет. Бірқатар жағдайларда, дәрігерлер гастрит кезінде дербес диета белгілейді.

Сондай-ақ гастрит кезінде ферментативтік жетіспеушілік орын алатының түсіну қажет, сондықтан кейбір жағдайларда ас қорытуды жақсарту үшін диетамен бірге Микразим тәрізді ферменттік препараттарды қолданған жөн.

Гастрит екі түрлі болып табылады: жіті және созылмалы. Әр адамдарда бұл түрлері асқазан сөлінің жоғары және төмен қышқылдығымен жүруі мүмкін. Жіті гастриттің келесі түрлері болады:

  • фибриноздық (инфекциялық аурулар кезінде асқынады);
  • катаралдық (асқазанның сыртқы қабығының тұтастығы бұзылуымен жүреді);
  • флегмоноздық (асқазан қабырғаларында іріңді қабыну процестерін тудырады);
  • коррозиялық (уланудың жанама әсерлерінің бірі).

Созылмалы ауру, өз кезегінде, төмендегі түрлерде болады:

  • беткі;
  • гипертрофиялық;
  • полипозды;
  • бактериялық;
  • гранулематозды;
  • аутоиммундық.

Созылмалы гастриттің тағы бір түрі асқазан қабырғасының зақымдалуы көп мөлшерде алкогольді жүйелі түрде тұтынуынан туындаған адамдарға тән.

Гастриттік сырқаттану кезіндегі диетаның негізгі қағидаттары

Асқазанның гастриті кезінде дұрыс диета ұстану – симптомдарды сәтті еңсерудің кепілі болып табылады. Егер сізде асқазан сөлінің қышқылдығы жоғарыласа, онда оның белсенділігін азайтуға көмектесетін тағамдарды ғана қолдану керек. Үш қағиданы сақтаңыз:

  1. Механикалық қағидат. Құрамында ірі жасұнықты қамтитын тағамнан аулақ болыңыз. Мұндай өнiмдерге шалқан тәрізді дақылдар, сіңірлі ет, кебек жатады. Бұдан басқа, майда дайындалған тағамдарға қатаң тыйым салынған.
  2. Химиялық қағидат. Асқазан секрециясын жоғарылататын өнімдерден бас тартыңыз. Бұл тізімге алкоголь, газдалған су, цитрус жемістері (соның ішінде олардың шырындары), кофе, қара нан, қырыққабат және майлы ет сорпасы кіреді.
  3. Термиялық қағидат. Өте жоғары немесе өте төмен температуралы тағамдарды қолданбаңыз. Олар өңешті тітіркендіреді, және суық тамақ, сонымен бірге, асқазанда көбірек уақыт қорытылады.

Гастрит кезінде қандай өнімдерді тұтынуға болады?

Гастрит кезінде қандай өнімдерді тұтынуға болады?

Рационыңызға майлы емес ет қосыңыз (мысалы, қоян еті). Үйрек, қой және қаз еті рұқсат етілмейді, ал тауықтың етін тек терісіз жеуге болады.

Басқа қолайлы өнімдер мен тағамдар:

  1. өзен балығы;
  2. теңіз өнімдері;
  3. жұмыртқа ақуыздарынан жасалған омлет;
  4. сұлы мен қарақұмықтан жасалған ботқалар;
  5. сүт;
  6. кәді, асқабақ, қызанақ, сәбіз, түрлі жас көк;
  7. құрамында қанты көп жидектер;
  8. пісірілген және езілген түрдегі жемістер.

Рационнан нені алып тастау керек?

Егер сізде Хеликобактер Пилори бактериясымен тудырылған гастрит анықталса, өз өзіңізге диета тағайындамағаңыз жөн. Гастритті емдеу бірізді және тиімді болуы үшін міндетті түрде гастроэнтерологпен немесе диетологпен кеңесіңіз.

Бұл ауру кезінде мәзірде төмендегі өнімдер болмауы тиіс:

  1. Жаңа піскен нан өнімдері, әсіресе қара бидай ұны, сондай-ақ қаттама нан өнімдері. Оның орнына, ақ нан, қарапайым печенье және бәлішті тұтынған дұрыс.
  2. Майлы сорпалы көжелер, оның ішінде саңырауқұлақтан жасалған көже, щи және борщ. Мұндай тағамдарды картоп, қырыққабат, сәбіз және пияз қосылған жеңіл көкөніс сорпалармен алмастыру керек.
  3. Ысталған тағамдар, сондай-ақ майлы және сіңірлі ет. Оның орнына, пісірілген еттен немесе буға әзірленген еттен жасалған тамақ (котлет, домалатпа) ішкен жөн. Рұқсат етілген ет түрлері – тауық және қозы еті.
  4. Ұзақ қайнатылған жұмыртқа мен қуырылған омлет. Оларды шалалау пісірілген жұмыртқа мен буға пісірілген омлетке ауыстыру керек.
  5. Кез келген тұздалған және дәмқосарлар қосылған тағамдар, маринадтар, шоколад, газды сусындар, кофе және квас.
  6. Алкоголь.

Жоғары қышқылдық кезіндегі диета

Гастриттің бұл түрі кезінде жемістер мен көкөністерді артық тұтыну керек емес, себебі олар сіздің жағдайыңызды нашарлатуы мүмкін. Сонымен бірге, бұл өнімдерді мәзірден толықтай алып тастаудың қажеті жоқ. Асқазан қышқылының бөлінуін белсендіре алатын тағамдарды алып тастап, қышқылдықты азайтатын өнімдердің пайдасына таңдау жасаңыз. Дұрыс тамақтану кезінде, сіздің толғаннан гөрі салмақ жоғалтуыңыз ықтимал. Төмендегі кестеде рұқсат етілген және тыйым салынған өнімдер көрсетілген:

Рұқсат етілгенТыйым салынған
Көкөністер: сәбіз, асқабақ, картоп, қызылша. Көкөністерден жасалған жеңіл салаттар. Қызанақ: уылжып піскен, ұсақталған түрінде. Қабығы алынға қияр. Жас көк.
Жемістер: қышқыл емес, уылжып піскен, қабықсыз (банан, алмұрт, алма). Жемісті шикі емес, пісірілген түрінде жеген жақсырақ. Қарбыз бен қауын – өте шектелген мөлшерде. Қуырылған картоп, маринадталған өнімдер, ашытылған қырыққабат.
Сүт (сиыр немесе ешкінің), кілегей, йогурт. Жаңа дайындалған сүзбе. Қаймақ, айран, қатты ірімшік.
Диеталық сорпалы көже. Майлы сорпалы щи және борщ.
Макарон өнімдері Бұршақ тұқымдастар.
Пісірілген түрдегі тауықтың немесе қоянның еті, майлы емес өзен балығы. Ысталған өнімдер, өте майлы балық және ет, консервіленген өнімдер.
Сұлы және қарақұмық. Кептірілген жемістер.
Шалалау пісірілген жұмыртқа. Шоколад.
Кептірілген нан, ақ нан (бір-екі күн тұрған), құрғақ печенье. Ұзақ қайнатылған жұмыртқа, қуырылған түрдегі омлет.
Қою емес шай және кофе, сүт қосылған какао. Қара бидай наны және жаңа пісірілген нан. Торттар, крем салмасымен кондитерлік өнімдер.

Төмен қышқылдық кезіндегі рацион

Бұл жағдайда сіз бұрынғыға қарағанда өзгеше тамақтануыңыз керек. Асқазан секрециясына ықпал ететін тағамдарды пайдалану қажет. Төмендегі кестеде ремиссия кезінде қолайлы тағамдар көрсетілген. Егер сіздің асқазаныңыз кенеттен қатты ауырса, асқазанның тінін тітіркендіретін тағамдарды мәзірден алып тастау керек.

Рұқсат етілгенТыйым салынған
Сүт өнімдері (тұздалмаған ірімшікті қоса алғанда). Қатты сұрыпты ірімшіктер.
Көкөністер: пісірілген картоп, қызанақ, жас көк, сәбіз, қызылша, асқабақ, тұздалған қияр. Қуырылған түрдегі картоп, ірі макарон өнімдері.
Майлы емес ет, жоғары сапалы шұжық өнімдері, пісірілген және қуырылған түрдегі котлеттер. Қуырылған майлы ет.
Тұздалған майшабақ, құрамында майы аз ысталған балық. Ет және балық консервілері.
Пісірілген жұмыртқа. Қуырылған жұмыртқа.
Кебірсіген нан, кепкен нан. Жаңа пісірілген нан, кебек қосылған нан.
Пісірілген түрдегі жемістер, шырындар. Жидектер: мүкжидек, қара қарақат. Қызыл қарақат, таңқурай.
Жеміс желе, кисель. Кәмпит өнімдері және мұздатылған тәттілер.
Минералды су (күшті газдалған емес), көк және қара шай. Газды тәтті сусындар, алкоголь, квас, кофе.
Борщ және щи, бірақ олар үшін қырыққабатты ұсақ турап, мұқият қайнату керек. Үрме бұршақ және бұршақ қосылған көжелер, сүт көжелер.

Гастрит кезіндегі рацион – жалпы ұсынымдар

Гастрит кезіндегі рацион – жалпы ұсынымдар

Гастритпен ауыратын науқастарға тағам дайындау кезінде пайдаланылатын дәмдеуіштерді мәзірден алып тастау керек. Тамақтың дәмін жас көкпен (ақжелкен, аскөк, балдыркөк) жақсартуға болады. Жас көк рационға дәрумендерді қосуға да көмектеседі: өзіңіз жейтін тағамдарды барынша ұсақталып туралған жас көкпен дәмдеуге тырысыңыз.

Бөліп тамақтану қажет, бірақ оның арасындағы жеңіл-желпі ас ішуді тоқтату керек; нәтижесінде асқазанның ас қорытуына қиындық келтірілмейді. Тамақты мұқият шайнап, асықпай ішіңіз. Асығып ішкен ас денсаулық күйін нашарлатып, гастритті күшейтуі мүмкін. Тамақты оңай сіңірілетін шайнамаға айналғанша шайнаңыз.

Дұрыс және оңтайлы тамақтану – гастритті емдеудің жолы екенін ұмытпаңыз. Емдеу кезінде қатаң диетаны ұстанған науқастардың көбісі 4 апта ішінде бұл аурумен байланысты барлық симптомдар мен ауыруды сезінулер сәтті еңсерілгенін атайды.

 

Маңызды: қолдану алдында нұсқаулықпен танысыңыз немесе емдеуші дәрігеріңізден кеңес алыңыз.

ТАҒАЙЫНДАР ЖӘНЕ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА МЕДИЦИНАДА ҚОЛДАНЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚТЫ МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ
Aқпаратпен таныстым, жасыру