Аурулар анықтамалығы

Барлығы
А
Ә
Б
В
Г
Ғ
Д
Е
Ё
Ж
З
И
Й
К
Қ
Л
М
Н
Ң
О
Ө
П
Р
С
Т
У
Ұ
Ү
Ф
Х
Һ
Ц
Ч
Ш
Щ
І
Э
Ю
Я
Гастрит
Асқазанның шырышты қабығының қабынуы асқазан-ішек жолдарының ең көп таралған ауруларының бірі болып табылады. Гастрит несімен жағымсыз? Ол пайда болған кезде тағамның ас қорыту функциясы бұзылады, бұл энергияның жетіспеушілігіне және күштің төмендеуіне әкеледі. Бүгінгі күні гастрит ғасыр ауруы болып саналады. Оған ересектер де, балалар да бейім. Өмір бойы гастриттің бірде-бір симптомы болмаған адам жоқ шығар.
Толығырақ
Диарея
Диарея (іш жүру) — бұл жиі сұйық нәжіс. Сарапшылар бұл бұзылысты тәуелсіз ауру емес, тек симптом деп санайды. Сұйық нәжіспен қатар жүретін аурулардың тізімі өте ауқымды. Оларға гастроэнтерит (асқазан тұмауы), ротавирус, саяхатшылардың диареясы, микроскопиялық колит, лактоза жақпаушылығы, тітіркенген ішек синдромы және т.б. жатады. Сонымен қатар, диарея - уланудың сенімді серігі.
Толығырақ
Метеоризм
Газ түзілудің жоғарылауы, іштің ауыруы және кебуі тұрақты серікке айналды ма? Осы жағымсыз симптомдардың барлығы көбінесе медицинада "метеоризм" деп аталатын өте кең таралған проблема туралы куәландырады. Бұл жағдай өзі бөлек ауру болып табылмайды, бірақ оның белгілерінің бірі болуы мүмкін. Шамадан тыс тамақтану, дұрыс тамақтанбау, организмнің сіңуі қиын тағамдарды жеу де ішек жұмысының бұзылуының себебі болып табылады.
Толығырақ
Тұрақты емес тамақтану
Қазіргі өмірдің жылдам ырғағы көп жағдайда ас қорытумен болатын проблемаларды туындатады. Таңқалатын жағдай емес, өйткені біз әрдайым іспен айналысып, уайымдап жүріп, таңғы ас туралы жиі ұмытып кетеміз және ұйықтар алдында артық нәрсе жеп қоямыз. Асығыс тамақтану әдеті де бар, несін айтамыз. Режим болмаған жағдайда организмге түсетін қоректік заттар толыққанды пайда әкеле алмайды. Тұрақты емес тамақтану физиологиялық ырғақтардың бұзылуына және тағамның сіңімділігінің төмендеуіне әкеледі. Бұл адам өміріне айтарлықтай жайсыздық әкеледі, ал кейбір жағдайларда асқазан-ішек жолдарының ауруларының дамуының себебі болуы мүмкін.
Толығырақ
Шайнау функциясының бұзылуы
Тамақты шайнау мен жұтуда қандай проблема болуы мүмкін деп ойлаймыз Бұл қарапайым үдеріс көптеген проблемаларды тудыруы мүмкін екен. Біз үнемі бір жерге асығуға дағдыланғанбыз, сондықтан ауыр күн аяқталғаннан кейін үйге шаршып, ашығып келеміз. Нәтижесінде біз тоңазытқышқа қарай жүгіреміз, тез тамақтанамыз және үй шаруасымен айналысамыз, режимге сәйкес дұрыс тамақтанудың қаншалықты маңызды екендігі және тамақты неге мұқият шайнау керектігі туралы ойланбаймыз. Алайда, мәселе тек асығыстықта емес. Көптеген жағдайларда әңгіме шайнау функциясының бұзылуы туралы болады. Бұл мәселе, сайып келгенде, ас қорыту патологиясына әкелмеуі үшін, тіс-жақ жүйесінің күйін бақылау маңызды.
Толығырақ
Артық тамақтану
Қазіргі әлемде шамадан тыс тамақтану мәселесі өте кең таралды. Бұл бұзылыс тамақтың шамадан тыс пайдаланудан және қажетті сәтте тоқтай алмауынан тұрады. Көбінесе бұл тамақтанудағы қателіктерден, диетаны бұзған кезде, эмоционалды кернеу аясында және т.б. пайда болады. Жүйелі түрде шамадан тыс тамақтану асқазанда жайсыздық тудырып қана қоймайды, сонымен қатар уақыт өте келе семіздікке және әртүрлі патологиялардың дамуына әкелуі мүмкін.
Толығырақ
Майлы тағамдарды жеу
Қыжыл, ауыру, асқазандағы ауырлық - бұл симптомдардың барлығы бізді тепе-теңдіктен шығарады және дәмді тағамнан толық ләззат алуға мүмкіндік бермейді. Көп жағдайда ас қорытудың бұзылуыныңғ себебі ауыр, майлы тағам болып табылады. Көбінесе біз калориялы тағамды жеуге азғырылып қана қоймай, оны асығыс немесе түнге қарай жей отырып жағдайды нашарлатамыз. Таң қалатын емес, содан кейін бізді жайсыздық пен ауырлық сезімі ұзақ уақыт азаптайды. Ас қорыту бұзылған кезде біз өзімізді нашар сезінеміз және ұзақ уақыт бойы күйзеліст боламыз, бұл жалпы денсаулыққа теріс әсер етеді.
Толығырақ