Гастрит

  1. Гастриттің түрлері
  2. Гастриттің пайда болуының эндогендік себептері
  3. Гастриттердің симптомдары
  4. Гастрит диагностикасы
  5. Гастритті қалай емдеу керек
  6. Гастрит кезіндегі асқынулар
  7. Гастрит кезіндегі алдын алу шаралары

Гастрит желудкаАсқазан гастриті Гастрит – бұл асқазанның шырышты қабығында қабыну үрдістерінің пайда болуы, оның нәтижесінде бұл ағза патологиялық өзгерістерге ұшырайды. Мұндай аурудың әр түрлі алғышарттары және әртүрлі ағымы болуы мүмкін. Ғылым асқазанның тәуелсіз патологиясы болып табылатын бастапқы гастритті және қайталама гастритті (ол улану, инфекциялар және басқа қолайсыз жағдайлардан туындайды) бөледі. Хеликобактериоз көбінесе іштегі ауырсыну сезімімен көрінеді, ол тағамды ішкеннен кейін немесе одан бұрын пайда болуы мүмкін. Басқа симптомдарының арасында – жүрек айнуы, іш қату, іш өту және қыжылдау жатады.

Гастриттің түрлері

Ауру ағымының сипатына қарай гастриттің келесі түрлері бөлінеді:

  • Жіті гастрит. Бұл ағзаның ауруды қоздыратын факторға тап болуынан кейін бірнеше сағат ішінде сезілетін тез дамушы қабыну. Көптеген жағдайларда бұл дерт ішек инфекцияларына және бактериялық типті уыттармен улануға байланысты (мысалы, сапасыз тамақ қабылдау үшін). Кейде жіті гастрит асқазанның шырышты қабығын зақымдайтын фармацевтикалық препараттармен, химикаттармен және басқа заттармен қоздырылады. Олар спирттер, сілтілер және қышқылдар.
  • Созылмалы гастрит. Бұл ауру айтарлықтай баяу жүреді, бірақ әрдайым асқазанның жұмысында патологияларға әкеледі, оның ішінде шырышты қабықтың жойылуына дейін. Жіті гастрит созылмалы түрге айнала алады; бұл жағдайда науқаста ремиссия мен асқыну кезеңдері кезектеп жүреді. Кейде аурудың пайда болғанын білу өте қиын, себебі ол хал-күйге әсер етпей, ешқандай қауіпті белгілерді көрсетпейді. Аурудың барысын дұрыс тамақтанбау, тым ыстық немесе тым ащы тамақ қабылдау, тағамдық аллергиялық реакциялардың болуы, зат алмасуының бұзылуы, темекі шегу және ішімдік ішу қиындата түсуі мүмкін.

Бұл ауру пайда болған кезде ағзада қандай үрдістер орын алады? Ауру тудыратын бактериялар (Хеликобактер пилори / Helicobacter pylori) асқазанда көбейіп, бірте-бірте оның шырышты қабығын бұзады. Жауап ретінде шырышты қабық арнайы заттар шығарып, өлі жасушаларды емдеуге тырысады. Ішкі қақтығыс орын алып, ол ауырсыну, қабыну, тәбеттің төмендеуі, қыжылдау және гастриттің басқа да белгілерінің пайда болуына әкеледі.

Гастриттің пайда болуының эндогендік себептері

Ағзаның ішінде гастриттің пайда болуын келесі факторлар туғызуы мүмкін:

  • АІЖ ауруларына генетикалық бейімділік;
  • Он екі елі ішек рефлюксі;
  • иммундық жүйе деңгейінде жасушалардың қорғаныш функциясының әлсіреуі;
  • гормоналдық бұзылулар;
  • көрші ағзаларды зақымдаған патологиялардың автоматты түрде таралуы.

Он екі елі ішек рефлюксі – бұл аш ішектегі өттің залалды түрде асқазанға түсуі. Нәтижесінде асқазан қабырғаларының тітіркенуі орын алып, оның қышқылының химиялық құрамы өзгереді. Көбінесе патология бірінші асқазанның антральді бөлігінде пайда болады, содан кейін бүкіл ағзаны зақымдайды.

Иммундық жүйе деңгейінде жасушалардың қорғаныш функциясының әлсіреуі, жасушалар қалыпты жұмыс істеуін тоқтатады дегенді білдіреді. Бұл асқазан сөлінің рН-балансын өзгертіп, оның қабырғаларын тітіркендіретін бірқатар жеке патологиялық үрдістерге әкеледі. Нәтижесінде ішкі улану орын алып, асқазан өз сөлінің қышқыл ортасына теріс әсер ете бастайды.

Гастриттердің симптомдары

Гастрит кезіндегі іштің ауыруы

Гастриттің көріністері асқазанның түрлі қабаттарының тұтастығы бұзылуына байланысты. Көбінесе ауру өзін ешқалай білдірмейді, алайда, ақыр соңында, науқас мол дастарханды отырыстардан кейін ауырлық, іштің жағымсыз түйілуі, құсу, тәбеттің нашарлауы, салмақ жоғалту және т.б. симптомдарды сезетін болады. Асқазанның гастрит белгілері дамуының нақты алгоритмі жоқ: симптомдар пайда болып, қайта жоғалуы мүмкін, ал олардың қарқындылығы аурудың барысына және сіз қабылдаған препараттарға байланысты өзгеруі мүмкін.

Жіті түрі үшін келесі айғақтар тән:

  • іштің тұсындағы ауырсынуды сезіну: ауырсыну күтпеген ұстамалар түрінде орын алады немесе керісінше, батып ауыру ұзақ уақыт бойы жалғасады. Көп жағдайларда ауру тамақ қабылдауға байланысты: аш қарынға қабылдау кезінде және осыдан кейін жағымсыз сезінулер арта түседі;
  • жүрек айнуы (тұрақты немесе эпизодтық болуы мүмкін, әдетте тамақ қабылдаудан кейін бірден пайда болады);
  • қыжылдау (өңеште ауыртатын күйдіруді сезу);
  • кекірік (тамақ ішкеннен кейін немесе тіпті аш қарынға; кейде қышқыл иісі болады);
  • жиі құсу (бастапқыда ағза тек асқазанның ішіндегісін ғана қабылдамайды, одан кейін одан жасыл немесе сары түсті шырыш шыға бастайды);
  • мол сілекей бөліну (осылай біздің ағзамыз ас қорытудың бұзылуына жауап береді); кейде ауыз қуысы, керісінше, кеуіп кетуі мүмкін (бұл құсудан туындаған дегидратацияға байланысты);
  • іш қату немесе іш өту;
  • жалпы күйзеліске ұшырау, бас айналу, бастың сынып ауыруы, аса терлеу, безгек, артериялық қысымның төмендеуі, тамыр соғуының жиілеуі (тахикардия көріністері).

Хеликобактериоздың созылмалы түрі қышқылдықтың қалыпты, төмен немесе жоғары деңгейімен сипатталуы мүмкін. Бұл, тиісінше, анацидті, гиперацидті және гипоацидті гастриттік бұзылулар.

Егер қышқылдығы қалыпты болса немесе жоғарыласа, науқас тамақ ішуден кейін ауырсыну, қыжылдау және ауырлық сезінеді. Кейде дефекация қиындық туғызады. 

Созылмалы гастрит кезінде қышқылдықтың жоғарылауынан қышқыл дәмді кекірік, құсу, ұзақ уақыт тамақ ішпегенде ауырсыну және түнгі уақытта асқазанда жағымсыз сезінулер тәрізді қосымша симптомдар орын алуы мүмкін. 

Төмен қышқылдық тілде жағымсыз дәмнің болуы, тәбеттің бұзылуы, жүрек айнуы, іштің шұрқырауы және нәжістің бұзылуымен сипатталады. 

Төменгі қышқылдықты созылмалы Хеликобактериозды аса көп сілекей бөліну, іштің толып кетуін сезіну, анемия, тамаққа қызығушылықтың жоқтығы белгілерінен анықтауға болады. Егер ауру ұзақ жылдар бойы жалғасса, адам салмағын жоғалтып, тұрақты әлсіздікті сезінуі мүмкін.

Гастрит диагностикасы

Созылмалы гастриттер бірнеше кезеңмен анықталады:

  • Клиникалық зерттеулер (дәрігер, науқастың шағымдарын тыңдап, оның ауру тарихын құрады, тексеруін жүргізеді, алдын ала диагнозды тұжырымдайды және науқас өтуі қажетті емшаралар мен зерттеулердің жоспарын құрады).
  • Эндоскопиялық зерттеулер + биопсия (ағзасында Хеликобактер Пилори бактериясының болуы тексеріледі, асқазан шырышты қабығының құрылымдық ерекшеліктері анықталады, шырышты қабықтың обыралды үрдістерінің болуы нақтыланады). Биопсия кем дегенде биоматериалдың 5 элементі негізінде жүзеге асырылады (2 антральді бөлімнен, 2 – негізгі бөлімнен және 1 – асқазанның бұрыштық бөлігінен алынады).
  • Зертханалық зерттеулер (пациент қанның, зәрдің және нәжістің клиникалық талдауын, қан биохимиясы және нәжісте жасырын қанның болуын талдауды өтуі тиіс). Бұл сондай-ақ ағзада гастриттік бактерияның болуын анықтауға көмектеседі.
  • Бауыр, ұйқы безі және өттің УДЗ (осылайша дәрігерлер АІЖ-ның қатар бұзылуларының болуын тексере алады).
  • Асқазанішілік рН-метрия (бұл процедура асқазан сөлінің қышқылдығын талдау және АІЖ-ның қышқылға тәуелді аурулары болған жағдайда ықтимал бұзылуларды тексеру үшін талап етіледі).
  • Электрогастроэнтерография (АІЖ-ның мотор-эвакуациялық функциясын зерттеу, оның нәтижесінде аш ішек-асқазан рефлюксін анықтауға болады).
  • АІЖ-ның жоғарғы бөлімдерінің манометриясы (рефлюкс-гастритті анықтайды). Осындай аурумен ауыратын науқастарда аш ішектегі қысым шамамен 200 мм су. бағ. құрайды, ал бұл кезде сау адамда бұл көрсеткіш 130 мм су. бағ. аспайды.

Гастритті қалай емдеу керек

Гастритті қалай емдеу керек

Гастритті емдеуде мамандандырылған дәрігерлер бірнеше типті препараттарды тағайындайды:

  • Уытсыздандырушы дәрілер (антидоттар);
  • Антацидтер;
  • Антисептиктер және дезинфекцияға арналған препараттар;
  • Іштің өтуіне қарсы құралдар;
  • Тетрациклині бар антибиотиктер;
  • Сорбенттер (Фильтрум);
  • Аллергияға қарсы құралдар (H2 кіші типі);
  • Ферменттік препараттар («Микразим»).

Гастритке қарсы терапияның басты мақсаты – аурудың себептерін, сондай-ақ асқазан гастритінің эволюциясын немесе асқынуын тудыруы мүмкін факторларды (мысалы, тамақтанудың оңтайлы емес режимі, инфекциялық бұзылулар және т.б.) жою. Асқазанның шырышты қабығының қалпына келу үрдісін жеделдету маңызды. Сонымен бірге, бірқатар алдын алу шаралары бар. Осылайша, күресудің бүкіл кешені дәрілік терапияны, дұрыс тамақтануды және гастриттің асқынуының алдын-алу шараларын қамтиды.

Гастритті емдеу кешенді әсер ету қағидатына ие және көбінесе аурудың қалай және неліктен туындағанына байланысты. Әдетте, дәрігерлер антибиотиктермен бірге асқазан сөлінің қышқылдығын азайту үшін дәрілік заттарды тағайындайды. Өздігінен емделумен айналысуға болмайды: терапия мен мөлшерлеу курсын тек емдеуші дәрігер тағайындай алады. Әдетте сауығу үрдісі 7-14 күнді құрайды.

Сонымен қатар, қышқылдық деңгейін төмендету – емдеудің өте маңызды кезеңі болып табылады. Бұл шырышты қабықтың жасушаларын қорғауға, жағымсыз сезінулерді жоюға және сонымен қатар гастритпен күресуге арналған препараттардың жалпы тиімділігін жақсартуға көмектеседі. Гастрит кезіндегі дұрыс диета - бұл сауығу кепілі екендігін есте сақтау қажет.

Ақырында, антигастриттік терапия висмут дәрілері аталатын препараттарды қабылдауды қамтиды. Олар шырышты қабықтың бетінде қорғаныш қабығын қалыптастыруға көмектеседі, нәтижесінде шырышты қабықтың жасушалары қышқылдардың зиянды әсер етуіне сезімталдығы әлдеқайда төмендейді немесе ондай әсерге мүлдем шалдықпайды.

Гастрит кезіндегі асқынулар

Жалпы алғанда, гастриттер қауіпті аурулардың санатына жатпайды (бұл аурудың іріңжайылмалы түрін қоспағанда). Гастритке байланысты келесі қауіпті айғақтар пайда болуы мүмкін:

  • Асқазаннан қан кету;
  • Асқазан мен аш ішектің жарасы;
  • Асқазанның обыры.

Осындай салдарды алмағанда, гастрит негізінен тағамның ас қорыту үрдісіне әсер етеді. Бұл аурумен ауыратын адамдар тамақ ішу жағымсыз сезінулерге әкелетінен қорқып, тамақ ішуден бас тартулары мүмкін. Нәтижесінде, адам жүдейді, ал кейде тамақ құсу арқылы қабылданбайды немесе қатты қыжылдауды тудырады. Сонымен қатар, гастрит жиі авитаминоз бен анемияға әкеледі.

Гастрит кезіндегі алдын алу шаралары

Кез келген адам гастриттік бұзылуларға жол бермеу үшін өмір бойы алдын алу шараларын қабылдауы керек. Бұл үшін темекі шегуден бас тарту, алкогольді тұтынуды шектеу, дұрыс тамақтану, спортпен оңтайлы шұғылдану және өзін күйзелістен сақтау қажет.

 

Маңызды: қолдану алдында нұсқаулықпен танысыңыз немесе емдеуші дәрігеріңізден кеңес алыңыз.

ТАҒАЙЫНДАР ЖӘНЕ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА МЕДИЦИНАДА ҚОЛДАНЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚТЫ МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ
Aқпаратпен таныстым, жасыру