Микразим / Бұл қызықты / Балалардағы іштің ауруы

Балалардағы іштің ауруы

  1. Балаларда іштің ауыруының пайда болуының ең жиі себептері
  2. Баланың жасына қарай ішінің ауыруының себептері
  3. Диагностикасы
  4. Іштің ауырсынуларын емдеу

Балалардың іші ауыруы» мақаласыБалалардағы іштің ауруы Көбінесе балалар ішінің ауыруы сияқты сырқаттануға шағым жасайды. Ол кез келген себептен және кез келген жаста пайда болуы мүмкін. Іштегі жағымсыз сезінулердің пайда болуының дәл себебін тәжірибелі педиатр ғана анықтай алады.

Іштегі ауырсыну әртүрлі болады – қысқа мерзімді және ұзақ, кенеттен және әлсіз, жергілікті және ауқымды. Қалай болғанда да, ауыру симптомдары күшейіп, шыдаттырмайтынға айналғанша күтуге болмайды. Егер жағымсыз сезінулер артық тамақ ішіп қоюға байланысты болмаса, бірден дәрігерге қаралған жөн.

Балалардың іші ауыруының ең жиі себептері

Шаншу

Бұл әдетте 4 айға дейінгі нәрестелерде байқалатын жағымсыз сезім. Іші шаншып ауырғанда бала аяқтарын жиырып, дауыстап жылайды, бүйірінен бүйіріне дөңбекшіп, ішінің бұлшықетін ширатады. Шаншуды ішке жылы жаялық қою немесе аскөк суын беру арқылы басуға болады. Көптеген ата-аналар баланы тігінен көтеріп жүру тәсілін де қолданады. Егер ауырсыну өте ауыр болса және нәресте түнде ұйықтай алмаса, педиатр дәрі тағайындауы мүмкін.

Іш қату

Бұл сырқаттану шаншумен ғана емес, сонымен қатар іштің кебуімен де сипатталады. Жағымсыз сезінулерді кетіру үшін клизма немесе ректальды тығындәрі (глицерин немесе шырғанақ қосылған) қажет болады.

Бұлшықеттердің созылуы

Бұл жағдайда бала жүру барысында немесе тік отыруға тырысқанда қатты ауырсыну сезінеді. Бұлшықеттердің созылуы қатты күшенуден (мысалы, құсудан немесе жөтелуден кейін) туындайды. Бірақ баланың жалпы күйі жақсы болады және тәбеті бұзылмайды, яғни басқа жағымсыз симптомдары болмайды.

Ішектің буылтықтануы

5-9 ай жастағы нәрестелерде кездеседі және жүрек айнуы, құсу және нәжісте қанның пайда болуымен жүреді. Дереу дәрігерге қаралу қажет етіледі.

Метеоризм (іштің кебуі) және газтүзілу

Бала тынышсызданып, мазасы кетеді, ұйқысы нашарлайды. Тамақтандыру кезінде бала үнемі алаңдап, тамақтанудан кейін жиі құсып тастайды. Көбінде газ түзілу сәбидің ағзасында басқа да анағұрлым жағымсыз бұзылулардың болуын көрсетеді.

Жұмырқұрттар

Аскаридаларды жұқтыру кезінде бала аса күшті емес, бірақ тұрақты түрде ауырсынуды сезінеді. Сонымен қатар, баланың басы ауыруы немесе іші кебуі мүмкін. Балалардың ұйықтап жатқанда тістерін сықырлатуы жұмырқұрттардың пайда болуының белгісі деген наным бар, бірақ бұл мифтен басқа ештеңе емес.

Тамақ өнімдерін жеке өзіндік көтере алмау

Көбінесе балалар сүт пен оның өнімдерін көтере алмаудан зардап шегеді. Мұндай өнімді тұтынғаннан кейін шамамен жарты сағатта баланың жағдайы нашарлайды: ол кенеттен ауыруды сезініп, іші кеуіп, іші өтеді, кейде құсады.

Сары ауру

Бұл балалардың жұқпалы және айтарлықтай ауыр дерті, бала оң жақ бүйірінің қатты ауруын сезінеді. Қосымша симптомдары – көзінің ағының сарытүстенуі және зәрінің қошқылдануы. Осындай белгілердің пайда болуы кезінде шұғыл дәрігерге жүгіну қажет.

Аталық бездің қабынуы

Кейде кішкентай ұл балалар бұл аурудан зардап шегеді. Әдетте, бала іштің төменгі бөлігінде және шаптың аумағында ауырсынуды сезеді. Мұндай мәселе шаптың аумағының жарақатына, шаптың жарығына немесе аталық бездерінің бұралуына байланысты болуы мүмкін. Қалай болса да педиатрдың жедел көмегі қажет.

Пиелонефрит

Бұл ауру, керісінше, қыз балаларда кездеседі және бүйрек түбекшесінің қабынуымен қоздырылады. Пиелонефрит белдің, бүйірдің немесе іштің жіті және қарқынды ауыруымен сипатталады. Бұл жағдайда жиі баланың ыстығы көтеріледі, ол әлсіздікке және қалтырауға ұшырайды, жүрек айнуына шағымданады және қатты терлейді. Бұл жағдайда шұғыл түрде дәрігерге бару қажет, өйткені пиелонефриттің ауыр түрі кезінде тек хирургиялық араласу көмектесуі мүмкін.

Гастроэнтерит

Бұл вирустық, паразиттік немесе бактериологиялық сипатқа ие асқазанның және ас ішектің шырышты қабығының қабынуы. Бала ішінің батып ауыруын сезінеді, іш өту, жүрек айну және ыстығының көтерілуіне шағымданады. Гастроэнтерит кезінде де дереу дәрігерге қаралу қажет.

Аппендицит

Аппендицит (немесе соқыр ішектің қабынуы) - бұл балалардың шамамен 15% -ы шалдығатын дерт. Ауру әдетте екі жасқа толмағанша белсенділік көрсетпейді, бірақ көбінесе аппендицит 8 жастан 14 жасқа дейінгі балаларда кездеседі. Аурудың бастапқы кезеңінде бала ішінің оң немесе төменгі бөлігінде созылма ауырсынуды сезінеді, тамақтан бас тартып, әлсіздік, құсу және безгекке шағымданады. Ауру айтарлықтай тез дамып, жақын арада іштің ауыруы күшейе түседі. Ақыр соңында, аппендикстің қабырғалары бұзылып, оның ішіндегісі баланың құрсақ қуысына енеді, бұл өмірге қауіп төндіреді. Жедел ауруханаға жатқызу және хирургиялық араласу талап етіледі.

Баланың жасына қарай ішінің ауыруының себептері

Егер бір жасқа дейінгі баланың іші ауырса, бұл келесі мәселелерге байланысты болуы мүмкін.

6 айға дейінгі нәрестелер

Бір айдан алты айға дейінгі нәрестелерде іштің ауыруы төмендегілерден туындауы мүмкін:

  • шаншу (ас қорыту жүйесінде ауаның тұрып қалуы);
  • асқазанның бітелуі;
  • іш қату.

Әдетте, осындай сырқаттану кезінде бала жылайды, нашар ұйықтайды және жиі дөңбекшиді. Әдетте ауырсыну баланың өсу шамасына қарай кетеді.

6 айдан асқан балалар:

  • гастрит, колит, гастроэнтерит (асқазанның немесе ішектің қабыну үрдістері);
  • шаптың жарығы;
  • тыныс алу жолдарының аурулары.

Мұндай аурулар инфекциядан туындайды және іштің жоғарғы бөлігінде ауырсынуға, тәбеттің жоғалуына және құсуға әкеледі. Емдеу педиатрмен кеңескеннен кейін ғана жүргізілуі керек.

7 жасқа дейінгі балалар:

Балалардың артық тамақтануы

Егер 7 жасқа дейінгі баланың іші ауырса, бұл төмендегілерге байланысты болуы мүмкін:

  • іш қату;
  • несеп шығару жолдарының инфекциялары;
  • өкпенің қабынуы;
  • орақ жасушалы анемия;
  • улану.

Іш қату әрдайым алаңдауға тұратын мәселе емес, бірақ бұл мәселе баланың ас қорыту жүйесінде ақаулар бар екенін көрсетуі мүмкін. Несеп шығару жолдарының инфекциялары іштің ауырсынуы, температураның көтерілуі және несеп шығару кезінде шаншып ауыру арқылы көрінеді. Өкпенің қабынуы кезінде бала жөтеліп, кеудесінің ауыруына шағымданады, ал анемия арқа, кеуде және аяқ-қолдардағы ауырсынумен сипатталады. Балалардағы улану әдетте сапасыз тамақ өнімдерін тұтынудан кейін пайда болады. Уланудың алғашқы белгілері кезінде дәрігерге қоңырау шалып, балаға алғашқы көмек көрсету қажет:

  • баланың көп су ішуін қадағалаңыз;
  • ешқандай тамақ ішкізбеңіз;
  • уытты заттарды шығару үшін сорбенттер (мысалы, Фильтрум) беріңіз.

Мектеп жасындағы балалар:

  • гастроэнтерит;
  • артық тамақ ішу;
  • вирустық және инфекциялық аурулар;
  • іштің жарақаттары;
  • өкпенің қабынуы;
  • несеп шығару жолдарының инфекциялары;
  • орақ жасушалы анемия;
  • жіті түрдегі аппендицит;
  • қыз балаларда – етеккір кезіндегі ауырсыну, жамбас ағзаларының қабынуы.

Диагностикасы

ДиагностикасыБаланың диагностикасы Іштің ауырсынуы пайда болған кезде педиатрға көріну қажет. Ол не диагнозды өздігінен анықтайды және қажетті талдауларға жолдайды, не бейінді мамандардың (уролог және т.б.) қабылдауына баруыңызды сұрайды. Төменде дәрігерлер баланың іші ауыруы кезінде тағайындауы мүмкін талдаулар мен емшаралардың тізбесі берілген, соның ішінде:

  • Іш қуысы және жамбас ағзаларының УДЗ (бауыр, өт қабы, қуық, ұйқы безі, көкбауыр, бүйрек және т.б.).
  • Колоноскопия – арнайы аспапты (колоноскопты) пайдаланып, тоқ ішекті тексеру. Виртуалды жүргізілуі мүмкін.
  • Фиброгастроскопия (ФГС) – дәрігерлер жара немесе гастритті күдіктенген жағдайда, сондай-ақ егер бала себебі әлі анықталмаған ішінің өте қатты ауыруына шағымданғанда жүргізіледі. Кішкентай балаларға фиброскопты жұту өте қиын, сондықтан ФГС-тің орнына балаларға асқазан рентгені жиі тағайындалады.
  • Ирригоскопия немесе ректороманоскопия (ішек аурулары кезінде).
  • Іш қуысының МРТ (нақты диагноз қою мүмкіндігі болмағанда жасалады).
  • Несеп (жалпы) және қан (жалпы және биохимиялық) талдаулары.
  • В және С гепатитінің болуын анықтауға арналған қан талдауы (сирек тағайындалады).
  • Гельминттерге, түрлі ішек инфекцияларына және дисбактериозға арналған нәжіс талдауы.
  • Копрограмма.
  • Қанның онкомаркерлерге талдауы (онкологияға күдіктенген жағдайда).

Іштің ауыруы пайда болған кезде, балаға барлық жоғарыда көрсетілген процедураларды міндетті түрде барлығын өтудің қажеті жоқ. Қандай процедура қажет етілетінің педиатр дәрігер шешеді.

Олардың ішінде, көптеген жағдайларда балаларға тек биохимиялық қан талдауы мен УДЗ тағайындалады. Неғұрлым толық зерттеу сирек талап етіледі, себебі әрбір осындай жағдай дәрігерлермен жеке тексеріледі.

Іштің ауырсынуларын емдеу

Баланың іші ауырған жағдайда не істеу керек? Бірқатар жағдайларда (аппендицит, қабынулар, инфекциялар, бүйрек ауруы және басқа да ауыр бұзылулар) стационарлық емдеу жүргізіледі. Терапияның курсы мен ұзақтығы нақты диагнозға байланысты. Біз кез-келген емдеуді емдеуші дәрігеріңіздің тағайындауларына сәйкес емдеуді ұсынамыз. Төменде балалардың АІЖ бұзылуларына көмектесетін дәрілік заттар мен халықтық емдеу құралдарының тізімі келтірілген.

Дәрі-дәрмектік препараттар

Балаларда іштің ауырсынуларын емдеу
  1. Қатты іш өту кезінде – тұз ерітіндісі.
  2. Жоғары температура кезінде – ыстықты басатын препараттар.
  3. Улану кезінде – сорбенттер (мысалы, Фильтрум).
  4. Дисбактериоз кезінде — ішек микрофлорасын қалыптандыруға арналған дәрілер.
  5. Ішек инфекциялары кезінде – антибиотиктер.
  6. Ас қорыту бұзылған кезде – ферменттік препараттар (Микразим).
  7. Тамақ өнімдеріне аллергия кезінде – антигистаминдік препараттар.
  8. Қатты ауырсыну кезінде – спазмолитиктер.

Халық медицинасы

  • Түймедақ шайы;
  • Бал қосылған жусан немесе асқабақ дәндері – олар баланың ағзасын паразиттерден тазалауға көмектеседі;
  • Даршын қосылған лимон шырынының қайнатындысы;
  • Фенхель дәндері қосылған күріш қайнатындысы;
  • Жалбызды-зімбірлік қайнатынды;
  • Бал қосылған картоп шырыны;
  • Емен қабығының қайнатындысы;
  • Итмұрын қайнатындысы.

Балалардың іші ауыру кезінде кез-келген халық медицинасы құралдарын тек дәрігердің ұсынымы бойынша қолдану қажет. Өйткені, мұндай құралдар тіптен әмбебап емес және бірқатар қарсы көрсетілімдерге ие. Сонымен бірге, олардың кейбіреулерін дәстүрлі дәрілік препараттармен бірге мүлде қолдануға болмайды.

 

Маңызды: қолдану алдында нұсқаулықпен танысыңыз немесе емдеуші дәрігеріңізден кеңес алыңыз.

ТАҒАЙЫНДАР ЖӘНЕ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА МЕДИЦИНАДА ҚОЛДАНЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚТЫ МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ
Aқпаратпен таныстым, жасыру