Микразим / Сұрақ-жауап / Қабылдайтын Микразим®-ден алатын әсердің төмендеуі мүмкін бе?

Қабылдайтын Микразим®-ден алатын әсердің төмендеуі мүмкін бе?

Микразим® жұмысының тиімділігі оның құрамына кіретін пакреатиннің белсенділігіне байланысты. Алатын әсердің төмендеу себептері:

  • Препаратты қабылдау кезіндегі қателіктер (капсуланы шайнау, препаратты сілтілі минералды сумен ішу).
  • Қосалқы дисбактериоз, гельминттерді жұқтыру.
  • Препаратты қате сақтау, жарамдылық мерзімі аяқталған дәріні пайдалану.
  • Ұлтабар саңылауында астың жеткіліксіз мөлшерде сілтіленуі. Мұндай жағдай асқазан сөлінің артық секрециясы немесе оның қышқылдануы артқан кезде болуы мүмкін. Осының нәтижесінде ішекке шығатын ас женттігі кешігіп сілтіленеді және бұл ферменттердің Микразим® шағын түйіршіктерінен баяу шығуына түрткі болады.
  • Астағы май мөлшері мен ферменттер деңгейінің сәйкессіздігі. Мұның негізгі себебі – диетада жіберілген қателіктер.

Егер Микразим®-ді қолдану кезінде ферменттік жетіспеушіліктің клиникалық белгілері қайта пайда болса, өз-өзіңізді емдеумен айналыспаңыз. Препараттың дозасын және оны қабылдау сызбасын өз еркіңізбен түзетпеңіз. Дәрігермен кеңесу қажет.

ТАҒАЙЫНДАР ЖӘНЕ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА МЕДИЦИНАДА ҚОЛДАНЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚТЫ МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ
Aқпаратпен таныстым, жасыру