Микразим / Сұрақ-жауап / Таблеткалар мен капсулаларды қабылдау қиынға соғады. Мұндай жағдайда Микразим® қалай қолдануға болады?

Таблеткалар мен капсулаларды қабылдау қиынға соғады. Мұндай жағдайда Микразим® қалай қолдануға болады?

Капсулаларды жұту кезінде туындайтын қиыншылықтар Микразим®-ді қолдануға қарсы көрсетім болмайды. Себебі бұл препарат ерекше шығарылым түрінде әзірленген.

Микразим®-дің әр капсуласында қолданыстағы заты бар көп шағын түйіршіктер (пеллет) бар. Олардың қабаты сілтілі ортаға енгенде ғана ериді. Су, сілекей, ас, асқазан сөлі шағын түйіршіктердің бүтіндігін бұзып, ферменттердің белсенділігін өзгерте алмайды. 

Сондықтан, Микразим® капсуласын әдейі ашуға және пеллетті сілтілі емес сусындармен немесе тікелей жартылай сұйық тағаммен араластыруға болады. Бірақ, шағын түйіршіктердің механикалық әсерге ұшырамауын бақылау қажет. Оларды шайнауға, қасықпен езуге, ұнтақ күйіне дейін бөлшектеуге болмайды. Шағын түйіршіктердің бүтіндігін бұзу ас қорыту ферменттерінің алдын ала шығуына түрткі болады. Олар болса қолайсыз ортада әсер етпейді.

Микразим®-ді осылай қабылдау тәсілі ірі капсулаларды жұтудан өздерін жайсыз сезінетін адамдар мен балалар үшін тиімді.

Басқа баптың тақырыбы бойынша

ТАҒАЙЫНДАР ЖӘНЕ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА МЕДИЦИНАДА ҚОЛДАНЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚТЫ МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ
Aқпаратпен таныстым, жасыру