Микразим / Сұрақ-жауап / Асқазанға және ішекке операция жасағаннан кейін Микразим® қолданыла ма? Ол несімен көмектеседі?

Асқазанға және ішекке операция жасағаннан кейін Микразим® қолданыла ма? Ол несімен көмектеседі?

Ішек-қарын жолы ауырған кезде консервативті терапия әрдайым жеткілікті болмауы мүмкін. Көрсеткіштер болған кезде органды немесе оның бір бөлігін алып тастағанға дейін түрлі ауқымда және қиындықта хирургиялық әрекеттер жасалады. Бұл ас қорыту сапасының төмендеуіне түрткі болады.

Мұндай операциялардан кейін қоректік заттар мен дәрумендерді игеру жиі бұзылады, метеоризм, асқазанда ауырлық, кекіру, ішек бұзылыстар болады... Осындай мәселелерді шешу үшін диетамен бірге түрлі препараттар, оның ішінде, ферменттік препараттар қолданылуы мүмкін.

Бұл ретте, мүмкіндігінше тітіркендіретін әсер бермейтін және аш ішекке түскенде ғана әсер ете бастайтын заманауи дәрілер тағайындауға тырысады. Міне осы қасиеттер Микразим®-ге тән. Себебі, оның ферменттері капсуланың сыртқы қабатымен және шағын түйіршіктердің ішекте еритін қабырғаларымен қорғалған. Операциядан кейін қалпына келу кезінде Микразим®-ді пайдалану астың негізгі қоректік заттардың (көмірсулардың, ақуыздардың, майлардың) игерілуін жақсартуға, жайсыздықты және ішек бұзылыстарын азайтуға мүмкіндік береді.

ТАҒАЙЫНДАР ЖӘНЕ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА МЕДИЦИНАДА ҚОЛДАНЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚТЫ МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ
Aқпаратпен таныстым, жасыру