Микразим / Сұрақ-жауап / Ас қорыту үшін ферменттік препараттарды қабылдау қауіпсіз бе?

Ас қорыту үшін ферменттік препараттарды қабылдау қауіпсіз бе?

Қабылдау ережелерін сақтаған кезде заманауи ферменттік препараттарда жоғары қаупсіз деңгейі болады. Мұны бірнеше факторлармен түсіндіреді:

  • Ферменттік препараттарда табиғи негіз бар. Олар жеке ас қорыту сөлдерімен бәсекелеспей, олардың әсерін толықтырады. Бұл ретте, ас қорыту процесі физиологиялықтан айрықшаланбайды. Себебі, секреттелетін және қосымша енгізілетін ферменттердің әсер ету механизмі бірдей.
  • Ферменттік препараттар әдетке айналмайды және жеке ас қорыту бездерінің жұмысын баспайды. Бірақ ұйқы безіне қатал тәртіпте жұмыс істеу мүмкіндігін береді.
  • Препараттар түрінде қабылданатын ферменттер ағзада жиналмайды. Олар келіп түскен көлемді қорытуға «жұмсалады». Ал қалған қажетсіз қалдықтар ішектің төменде жатқан бөлімдеріне өтеді. Ол жерде жойылып, жартылай бұзылады.
  • Енгізілетін қосымша ферменттер сорылмайды, сондықтан ас қорыту жолының саңылауында ғана жұмыс істейді. Олардың функционалды белсенділік аймағы – бұл аш ішектің жоғарғы бөлімдері. Олардың асқазан мен тоқ ішектің жұмысына әсері жанама түрде ас қорыту процесін қалпына келтіру арқылы жүзеге асады. Сонымен бірге, Микразим®-ді пайдалану шырышты қабаттың тітіркену қаупін азайтуға және ферменттердің алдын ала белсенділігін болдырмауға мүмкіндік береді.

Микразим®-дің капсулаларында көп шағын түйіршіктер бар. Олардың қабаты сілтілі ортада ғана ериді. Сондықтан, ол сілекей мен асқазан сөлінің әсеріне төзімді, препараттың тағаммен, сумен және қышқыл сусындармен араласқан кезде бұзылмайды.

Микразим® шағын түйіршіктерінен алынатын ферменттер әсер етуі тиіс ұлтабарға түскен кезде ғана босайды.

Басқа баптың тақырыбы бойынша

ТАҒАЙЫНДАР ЖӘНЕ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА МЕДИЦИНАДА ҚОЛДАНЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚТЫ МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ
Aқпаратпен таныстым, жасыру