Микразим / Бұл қызықты / Ферменттер

Ферменттер

  1. Ферменттердің жалпы қасиеттері
  2. Жіктелу
  3. Ас қорыту ферменттері
  4. «Микразим» препаратымен толықтырушы емнің рөлі

Кез келген ағзаның өмірі оның ішінде болып жатқан заттардың алмасу үрдістердің арқасында болуы мүмкін. Бұл реакциялармен табиғи катализаторларды немесе ферменттерді басқарады. Бұл заттардың басқа атауы – энзимдер. «Ферменттер» термині fermentum латын тілінде «ашытқы» дегенді білдіреді. Бұл түсінік ашыту үрдісін зерттеген кезде пайда болды.

Ашытқыны пайдалана отырып ашыту – ферменттік реакцияның әдеттегі үлгісі
1-сурет – Ашытқыны пайдалана отырып ашыту – ферменттік реакцияның әдеттегі үлгісі

Адамзат бұрыннан осы ферменттердің пайдалы қасиеттері қолданады. Мысалы, көп ғасырлар бойы сүттен мәйек ферментінің көмегімен ірімшік жасайды.

Ферменттер катализаторлардан ерекшеленеді, өйткені олар тірі ағзада әрекет етеді, ал катализаторлар өлі табиғатта жұмыс істейді. Өмір үшін маңызды осы заттарды зерттейтін биохимия саласы энзимология деп аталады.

Ферменттердің жалпы қасиеттері

Ферменттер түрлі заттармен өзара әрекеттесіп, белгілі жолда олардың химиялық өзгеруін тездетіп, ақуыз табиғатының молекулалары болып есептеледі. Бұл ретте, олар жұмсалмайды. Әр ферментте субстратқа қосылатын белсенді орталық және қандай да бір химиялық реакцияны іске қосатын каталитикалық учаске бар. Бұл заттар ағзада болатын биохимиялық реакцияларды температураны арттырмай тездетеді.

Ферменттердің негізгі қасиеттері:

  • өзгешелік: ферменттің арнайы субстратта ғана әрекет ету қабілеті, мысалы, липаздар майларға;
  • каталитикалық тиімділік: ферментативті ақуыздардың биологиялық реакцияларды бірнеше жүз және мың есеге жылдамдату қабілеті;
  • реттеу қабілеті: әр жасушада ферменттерді шығару және олардың белсенділігі осы ақуыздарды қайта синтездеуге әсер ететін өзгерістердің өзіндік тізбегімен анықталады.

Адам ағзасындағы ферменттерді рөлін асыра бағалау мүмкін емес. ДНҚ құрылымын енді ашқан кезде бір ген қандай да бір белгіні анықтайтын бір ақуыздың синтезі үшін жауап береді деп айтқан. Бүгінде мұны былай айтады: «Бір ген – бір фермент – бір белгі». Яғни, жасушадағы ферменттердің белсенділігінсіз тіршілік ету мүмкін емес.

Жіктелу

Химиялық реакциялардағы рөлге байланысты келесі фермент топтарын ажыратуға болады:

Топтар

Ерекшеліктер

Оксиредуктаздар

Электрондарды немесе сутегі атомдарын тасымалдай отырып, өз субстраттарының қышқылдануын катализдейді

Трансфераздар

Химиялық топтарды бір заттан екінші затқа тасымалдауға қатысады

Гидролаздар

Ірі молекулаларға су молекуласын қоса отырып, оларды ұсақ бөліктерге ыдыратады

Лиаздар

Гидролиз процесінсіз молекулярлы байланыстың ыдырауы катализдейді

Изомераздар

Молекуладағы атомдардың алмасуын күшейтеді

Лигаздар (синтетаздар)

АТФ энергиясын қолданып, көміртек атомдарымен байланысты құрайды.

 

Тірі ағзада барлық ферменттер жасуша ішіндегі және жасуша сыртындағыға бөлінеді. Жасуша ішіндегі ферменттерге қанмен келіп түсетін түрлі заттарды залалсыздандыру реакциларын қатысатын бауыр ферменттері жатады. Олар ағза зақымдалған кезде қанда байқалады, ол ауру диагностикасына көмектеседі.

Ішкі ағзаларды зақымдайтын маркерлер болып саналатын жасуша ішілік ферменттер:

  • бауыр – аланинаминотрансефраза, аспартатаминотрансфераза, гамма-глютамилтранспептидаза, сорбитдегидрогеназа;
  • бүйрек - сілтілі фосфатаза;
  • қуықалды безі – қышқыл фосфатаза;
  • жүрек бұлшықеті – лактатдегидрогеназа

Жасуша сыртындағы ферменттер сыртқы ортаға бездермен бөлінеді. Олардың негізгілері сілекей бездерінің, асқазан қабырғасының, ұйқы безінің, ішектің жасушаларымен секрецияланады және ас қорытуға белсенді қатысады.

Ас қорыту ферменттері

Ас қорыту ферменттері – бұл тағам құрамына кіретін ірі молекулалардың ыдыратуын тездететін ақуыздар. Олар мұндай молекулаларды ұсақ фрагменттерге бөледі, олар жасушалармен оңай игеріледі. Ас қорыту ферменттерінің негізгі түрлері – протеаздар, липаздар, амилаздар.

Негізгі ас қорыту безі – ұйқы безі. Ол осы ферменттердің көп бөлігін, сондай-ақ, ДНҚ мен РНҚ ыдырататын нуклеазды және еркін аминқышқылдардың пайда болуына қатысатын пептидазды шығарады. Бұған қоса, пайда болған ферменттердің аздаған бөлігі тағамды көп мөлшерде «өңдей» алады.

Қорек заттарды ферментативті ыдырату кезінде энергия бөлінеді, ол заттардың алмасуы мен тіршілік ету үрдістері үшін жұмсалады. Ферменттердің қатысуынсыз мұндай үрдістер тым баяу жүретін еді және ағзаға жеткілікті энергетикалық қормен қамтамасыз етпейтін еді.

Сонымен бірге, ферменттердің ас қорыту үрдістеріне қатысуы қоректік заттардың молекулаларға дейін ыдыратады, олар молекулалар ішек қабырғасының жасушасы арқылы өтіп, қанға ене алады.

Амилаза

Амилаза сілекей бездерімен шығарылады. Ол глюкоза молекулаларының ұзын тізбегінен тұратын тағамның крахмалына әсер етеді. Осы ферменттің әсер етуі нәтижесінде глюкозаның екі бірлескен молекуласынан тұратын учаскелерді, яғни, фруктозаны және басқа қысқа тізбекті көмірсуларды жасайды. Кейіннен олар ішектегі глюкозаға дейін метаболизденеді және ол жерден қанға сорылады.

Сілекей бездері крахмалдың бір бөлігін ғана ыдыратады. Сілекейдің амилазасы асты шайнап жатқан қысқа мерзім ішінде белсенді болады. Тағам асқазанға түскеннен кейін фермент оның қышқыл құрамымен әсерсізденеді. Крахмалдың көп бөлігі ұйқы безімен бөлінетін панкреаттық амилазаның әсерімен аш ішекте ыдырайды.

Панкреаттық амилазаның әсерімен пайда болған қысқа көмірсулар жіңішке ішекке түседі. Мұнда мальтаза, лактаза, сахараза, декстриназаның көмегімен олар глюкозаның молекулаларына дейін ыдырайды. Ферменттермен ыдырамайтын шелмай ішектен нәжіспен шығарылады.

Протеаздар

Ақуыздар немесе протеиндер – адам рационының ауқымды бөлігі. Оларды ыдырату үшін протеаз – ферменттері қажет. Олар синтез, субстраттар мен басқа сипаттамалары бойынша ажыратылады. Олардың кейбіреулері асқазанда белсенді, мысалы, пепсин. Басқалары ұйқы безімен бөлініп, ішек саңылауында белсенді. Бездің өзінде ферменттің белсенді емес ізашары – химотрипсиноген бөлінеді. Ол химотрипсинге айналып, қышқыл тағамдық құраммен араласқаннан кейін ғана әрекет ете бастайды. Мұндай механизм ұйқы безі жасушаларының протеаздармен өздігінен зақымдалуға жол бермейді.

Протеаздар азық-түлік ақуыздарын бірнеше ұсақ фрагменттерге – полипептидтерге ыдыратады. Ферменттер – пептидаздар ішекте игерілетін аминқышқылдарына дейін оларды бөлшектейді.

Липаздар

Азық-түлік майлары ұйқы безі бөлетін липаз ферменттерімен бөлшектеледі. Олар май молекулаларын майлы қышқылдарға және глицеринге ыдыратады. Мұндай реакция аш ішектің саңылауында бауырда пайда болатын өттің болуы қажет етеді.

«Микразим» препаратымен толықтырушы емнің рөлі

Ас қорыту бұзылыстары, ең алдымен, ұйқы безі аурулары бар көп адамдар үшін ферменттерді тағайындау ағзаның функционалды қолдауын қамтамасыз етеді және жазылу үрдістерін тездетеді. Панкреатит ұстамасы немесе басқа жіті жағдайды тоқтатқаннан кейін ферменттерді қабылдауды тоқтатуға болады. Себебі, ағза өз бетінше олардың секрециясын қалпына келтіреді.

Ферментативті препараттарды ұзақ қабылдау ұйқы безінің ауыр сыртқы секрециялық жетіспеушілік кезінде ғана қажет.

Микразим препараты құрамы бойынша ең физиологиялық препараттардың бірі болып есептеледі. Оның құрамында амилаза, протеаздар және панкреаттық сөлде бар липаза кіреді. Сондықтан, осы ағзаның түрлі ауруларында қай ферментті пайдалану керек деген сұрыптаудың қажеттілігі жоқ.

Осы дәріні пайдалануға арналған көрсеткіштер:

  • созылмалы панкреатит, муковисцидоз және ұйқы безі ферменттерінің жеткіліксіз секрециясының басқа да себептері;
  • ас қорыту жүйесін тезірек қалпына келтіру үшін оларға операция жасағаннан кейін бауырдың, асқазанның, ішектің ісіну аурулары;
  • тамақтанудағы қателіктер;
  • стоматологиялық аурулар немесе пациент аз қозғалған кезде шайнау функциясының бұзылуы.

Толықтырушы мақсатта ас қорыту ферменттерін қабылдау іштің кебуін, сұйық нәжісті, іштің ауруын болдырмайды. Сонымен бірге, ұйқы безінің ауыр созылмалы аурулары кезінде Микразим қоректік заттарды ыдырату функциясын толық өзі қабылдайды. Сондықтан, олар ішекте кедергісіз игерілуі мүмкін. Бұл муковисцидозбен ауыратын балалар үшін өте маңызды.

 

Маңызды: қолданар алдында нұсқаулықпен танысыңыз немесе емдейтін дәрігермен кеңесіңіз.

ТАҒАЙЫНДАР ЖӘНЕ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА МЕДИЦИНАДА ҚОЛДАНЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚТЫ МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ
Aқпаратпен таныстым, жасыру