Микразим / Бұл қызықты / Панкреатит кезіндегі диета

Панкреатит кезіндегі диета

  1. Диетаны не үшін ұстану керек
  2. Панкреатиттің жіті сатысы кезіндегі тамақтану
  3. Асқынған панкреатит кезіндегі диета ережелері
  4. Панкреатит кезінде рационды қалай әзірлеу керек

Панкреатит кезіндегі диета

Панкреатитпен ауыратын адамдар үшін күнделікті тамақтануды дұрыс ұйымдастырудың мәні зор. Себебі, мұндай ауру кезінде ұйқы безі зақымдалады. Ол ас қорыту жүйесі ағзаларына қатысы бар және аш ішек саңылауында әсер ететін ферменттер кешені секрециясына жауап береді. Сондықтан, осы ағзаның қабынуы негізгі қоректік заттарды (нутриенттерді) қорытудың бұзылуымен және қосалқы ішек бұзылыстарының дамуымен жалғасады, бұл кейбір тағамдық шектеулердің сақталуын қажет етеді.

Медицинада панкреатит кезінде емдеу-профилактикалық тамақтану жүйесі Певзнер бойынша № 5п үстел деп аталады. Оның әр түрлі тағамдық шектеулері болуы мүмкін. Себебі, панкреатит кезінде диетадағы мәзір бірнеше факторларды ескере отырып таңдап алынады. Рацион ауру кезеңі мен формаларына, негізгі симптомдары мен ферменттік жетіспеушілік деңгейіне байланысты болады. Панкреатиттің холециститпен үйлескен кезінде әдетте 5а диетасы тағайындалады.

Диетаны не үшін ұстану керек

Панкреатит кезінде емделу және тамақтану – өзара байланысты түсініктер. Дұрыс құрастырылған күнделікті рацион бірнеше маңызды міндеттерді орындауға мүмкіндік береді:

  • Қабынған ұйқы безіне артық жүктемені болдырмау, бұл бөлшек тамақтанумен және қорыту үшін ауыр тағамдарды алып тастаумен қамтамасыз етіледі. Панкреатит кезінде бұл бірінші кезектегі міндет болып табылады.
  • Базалық нутриенттерді толыққанды қорытуды қамтамасыз ету. Панкреатит кезінде үйлесімді құрастырылған мәзір қажетті қоректік заттардың келіп түсуін қамтамасыз етеді, ал тұтынатын тағамның тиісті мөлшері мен тағамдардың үйлесімділігі ұйқы безі ферменттерінің әсерімен олардың жеткілікті мөлшерде қорытылуына ықпал етеді.
  • Қайталанған асқынуды болдырмау. Себебі, көп жағдайларда мұндай ауру кезінде қайталанған асқыну тамақтану кезіндегі қателіктермен байланысты. Сондықтан, диетаны созылмалы панкреатит кезінде тұрақты ұстанған жөн.
  • Қант диабетінің даму қаупін төмендету. Өйткені, ұйқы безі ас қорыту жүйесіне ғана қатысты емес, сонымен қатар эндокриндік (гормондық белсенді) ағза болып табылады. Оның тіндерінде ерекше түзінділер – Лангерганс бөліктері бар. Онда инсулин гормоны өндіріледі, оның өнімі жеткіліксіз болған жағдайда адамда қант диабеті қалыптасады. Созылмалы немесе жиі қайталанатын қабыну функционалдық белсенді жасушалардың, оның ішінде Лангерганс бөліктерінің жойылуымен қауіпті. Сондықтан панкреатитті қант диабетінің даму қаупінің негізгі факторларының бірі, ал тамақтанудағы қателіктерді – маңызды бейімдеуші фактор ретінде қарастырады

Панкреатит кезіндегі диета ас қорыту толыққанды болып есептелетін талаптарды құруға бағытталған.

Панкреатиттің жіті сатысы кезіндегі тамақтану

Тыйым салынған» өнімдер

«Тыйым салынған» өнімдер Аурудың жіті сатысында айқын ауырсыну синдромы және ас қорытудың елеулі бұзылуының белгілері бар ұзақ емес емдік аштық қолданылуы мүмкін. Бұл ұсынысты өткен ғасырлардағы дәрігерлер айтқан. Олар асқынған панкреатит кезінде өз пациенттеріне суықты (ісінген орган бөлігіне), аштықты және физикалық тыныштықты тағайындады. Осы кезеңде тілген тітіркендірмейтін дәруменді және сілтілі сусын рұқсат етіледі, қажет болған кезде парентералды (тамыр ішілік) тамақтану тағайындалады. Бірақ осы кезеңде ферменттерді қолдану орынсыз, себебі, ішекке қорытуды қажет ететін ешқандай тағам келіп түспейді.

Жіті панкреатит кезіндегі аштық әдетте 2-3 күнге созылады. Осы аралықта симптоматика азайып, диеталық тамақтануға кезең-кезеңмен өту мүмкіндігі пайда болады:

Аштықтан кейінгі алғашқы күндері тамақтану құнарлылығы төмен және барынша аяйтын күйде болады. Тағамдар езбе тәрізді, жартылай сұйық, ұнтақталған. Оларды буда әзірлейді немесе пісіреді, берген кезде дене температурасына дейін суытады. Мұндай мәзір көбінесе көмірсу күйінде болып, көп компонентті рецепттер мен специяларды қолданбайды.

Панкреатит симптомдарының көрінімі азайғаннан кейін тамақтану әр түрлі әрі құнарлы болады. Бұл ретте, мәзірді өз көңіл-күй мен тамақты игеру деңгейіне бағытталып біртіндеп кеңейтеді. 4-5 күнге жеңіл игерілетін ақуыздар (ірімшік, пісірілген майлы емес ет, жұмыртқа), содан кейін аздаған сары май енгізіледі. Әзірше өсімдік майлары қолданылмайды. Тағамдар бұрынғыдай қайнатылған және буға пісірілген. Оларды ұсақтамайды, сорпа, суфле және көмеш күйінде береді. 

Келесі 8-12 айда панкреатит кезінде тамақтану қатаң емес, бірақ аялауыш және бөлшек болып қалады. Жалпы осы кезеңдегі рацион созылмалы панкреатит кезіндегі мәзірге ұқсайды. Өсімдік майлары енгізіледі, тағамдар әр түрлі бола бастайды.

Ашыққаннан кейін алғашқы күннен бастап диетаны ферменттік препараттарды қолданумен толықтырады. Бұл үшін мысалы Микразим® тағайындалады. Бұл ұйқы безінің жеке ферменттерінің жетіспеушілігін жартылай өтеуге, оның артық жүктемелерін болдырмауға мүмкіндік береді. Бұл майлы өнімдерді тұтынған кезде аса маңызды. 

Панкреатит кезіндегі диетаны сақтау – асқыну кезіндегі ең маңызды емдік сәті. Міне осы жағдай ісінген ұйқы безі және ас қорыту жолы жұмысын біртіндеп қалпына келтіруге ықпал етеді. Тағайындалатын препараттар симптомдарды жазуға, зақымданған органнан жүктемені жартылай алып тастауға және салыстырмалы ферменттік жетіспеушілікті өтеуге көмектеседі.

Созылмалы панкреатит кезіндегі диета ережелері

Панкреатит кезінде диета асқыну кезінде ғана қажет емес екенін түсіну қажет. Негізгі симптомдар кеткеннен кейін, әсіресе, ауру созылмалы күйге өткен кезде ол үлкен рөл ойнайды. Себебі, панкреатит кезінде тамақтанудағы қателіктер көңіл-күйіңіздің жылдам әрі біршама нашарлап кетуімен қауіпті. Мұндай жағдайда аурудың қайталануы немесе асқынуы туралы айтады, ал, бұл кезде қолданылатын емдік тактика бастапқы аурудың жіті белгісінің терапиясымен ұқсас келеді. 

Сондықтан, созылмалы панкреатит кезіндегі диетаның қолдап отырушы және профилактикалық мәні болады. Оны сақтаған кезде адам физикалық жайсыздыққа шалдықпайды және өмір сүру сапасы нашарлап кетпейді. Кейбір адамдарға кейбір өнімдер мен тағамдарды жеуге қатаң тыйым салынуға үйрену үшін көп уақыт қажет болады. 

Дәрігердің кеңесі бойынша мұндай диетаны медикаментозды терапиямен – ферментті препараттарды қабылдаумен жиі бірлестіреді.

«Тыйым салынған» өнімдер: панкреатит кезінде неден бас тарту керек

Панкреатит кезіндегі диета кейбір өнімдерден бас тартуды, сондай-ақ тамақ дайындаудың кейбір тәсілдерін алып тастауды білдіреді. Ұсыныстар бірінші кезекте ас қорыту жүйесін тітіркендіруі немесе секрецияны күшейтуі мүмкін тағамдарды тұтынуды шектеуге бағытталған. 

Майдың жоғары мөлшері бар өнімдерге ерекше назар аударылады. Олардың қорытылуы липазаның жоғары секрециясын талап етеді (ұйқы безі ферменттерінің бірі), бұл аурудың асқынуын тудыруы мүмкін. Бірақ рациондағы майлардан өз бетінше бас тартуға болмайды. Өйткені олар гормондар мен ферменттерді синтездеу үшін, жасушалық қабырғалар мен жүйке талшықтарының қабықтарын құру, терінің қалыпты жағдайын сақтау үшін қажет.

Өнім Панкреатит кезінде неліктен келесі заттарды қолданыстан алып тастайды
Панкреатит кезіндегі шырындар
Шырындар

Панкреатит кезіндегі шырындарды жағымсыз өнімдерге жатқызады. Себебі, олардың ішіндегі сұйықтық тітіркендіруші әсер береді және асқазан сөлі мен барлық ас қорыту ферменттерінің шығуына түрткі болады. Бұл панкреатиттің асқынуына алып келеді. Тек тұрақты жақсару кезінде сумен араластырылған шырындарға рұқсат етіледі.

Панкреатит кезіндегі жемістер
Жаңа піскен (термикалық өңдеуден өтпеген) жеміс, жидектер ас қорыту жолына шырын сияқты әсер етеді
Панкреатит кезінде жемістер пісірілген күйде немесе қоюланбаған компоттар күйінде сирек қолданылады.
Панкреатит кезіндегі тұздамалар
Қышқыл және жасұныққа бай көкөністер. Тұздамалар, маринадтар, консервілер (оның ішінде үйде әзірленгендер) тітіркендіруші әсер етеді.
Панкреатит кезінде қызанақ, шалқан, шомыр, саумалдық пен қымыздық, жаңа піскен ақбас қырыққабат әсіресе жағымсыз. Ашытқан көкөністер, маринадталған және ұзақ мерзімге сақтауға тұздалған өнімдер мен консервілер де тыйым салынған.
Панкреатит кезіндегі саңырауқұлақтар
Бұршақ тұқымдастар
Саңырауқұлақтар. Олардың ішіндегі өсімдік ақуызы ұйқы безінің белсенділігін арттыруы мүмкін. Сонымен бірге, бұршақ тұқымдастар ішек саңылауында газдың түзілуіне әсер етеді және әдетте созылмалы панкреатиті бар адамның көңіл-күйіне кері әсерін тигізеді.
Панкреатит кезіндегі алкоголь

Ішімдік, газдалған сусындар

Барлық ас қорыту ферменттерінің бөлінуін ынталандырады, барлық асқазан-ішек жолының шырышты қабатына тітіркендіргіш күйде әсер етеді.

Панкреатиттің асқыну жағдайларының шамамен 25 % ішімдік ішумен байланысты

Панкреатит кезіндегі нан

Жаңа піскен нан, тоқаш, кондитерлік бұйымдар

Инсулиннің көп мөлшерде жылдам бөлінуіне түрткі болатын тез сіңімді көмірсулардың көп мөлшерде шығуының қайнар-көзі болып саналады. Бұл ұйқы безінің біршама ынталандырумен жалғасады.

Сонымен бірге, оның шамадан тыс жүктеме алуына тоқашта, кремдерде, пісірмеде көп көмірсулар мен майлардың үйлесуі ықпал етеді.

Панкреатит кезіндегі қуырылған тағамдар

Қуырылған тағамдар  

Тән тәбетті қабықтың пайда болуымен өнімдерді қуыру бірқатар әлеуетті зиянды заттардың пайда болуымен бірге жүреді. Оларға нитрозаминдер, акролеин, акриламид және басқалары жатады. Олар канцерогенді әсерге ие, ас қорыту жолының шырышты қабығын тітіркендіреді және ферменттердің өндірісін күшейтеді. 

Қуыру сондай-ақ өнімнің майлылығын артуымен қатар жүреді. Нәтижесінде оның қорытылуына көбірек уақыт пен, панкреатит кезінде ұйқы безін қамтамасыз ете алмайтын, ферменттер қажет.

Панкреатит кезіндегі шұжық
Шұжық бұйымдар
Сүрленген және піскен-сүрленген шұжықтарға, көп қоспалары бар сосискалар мен шұжықтарға тыйым салынған. Барлық ас қорыту жолын тітіркендіреді және артығымен ынталандырады. Бұл ретте, кейде майлы емес еттен піскен сосискаларға, құс етінен жасалған ветчиналарға рұқсат етіледі.
Панкреатит кезіндегі майонез және кетчуп
Майонез, кетчуп, басқа да фабрикада жасалған соустар
Ішек-қарын жолының шырышты қабатына тітіркендіргіш әсерін береді, ұйқы безін шамадан тыс ынталандырады.
Панкреатит кезіндегі қытырлақ картоп және кептірілген нан
Снектер (қытырлақ картоп, хошиісті қытырлақтар және басқалары), фабрикада жасалған піспе нандар мен торттар
Олардың құрамына кіретін көп химиялық қоспалар ас қорыту жолын тітіркендіреді. Сапасы төмен майлардың артық мөлшері ұйқы безінің артық жұмыс істеуіне себепші болады.

 

Сонымен бірге, май, майлы еттер, майлылығы жоғары қышқыл сүт өнімдері, майда қуырылған көкөністер (сорпа мен соустарды қосу үшін) қажет емес. Панкреатит кезінде майлылығы жоғары басқа да өнімдерді қолдануға болып-болмайтындығын емдейтін дәрігерден немесе диетологтан нақтылау қажет.

Нені жеуге болады?

Дәрігерден жағымсыз азық-түліктердің аз тізімін алып, көптеген адамдар панкреатит кезінде не жеуге болады, деп ойлана бастайды? Өйткені, бұл ауруы бар адамдар үшін диета - қысқа мерзімді шара емес. Және дәмді және біркелкі емес тамақтанғылары келеді.

панкреатит кезіндегі жармалар
Жармалар
Қарақұмық және ұнтақ жармасын, сұлы және бидай үлпегін, күрішті қолданады. Жақсы көтере алғанда ғана ақтаған тары мен арпа жармасын сирек қолдануға болады. Арпа жармасы сирек қолданылады, көптеген адамдар үшін ол қорыту үшін ауыр болып келеді.
Панкреатит кезіндегі көкөністер
Көкөністер
Көп жағдайда пісірілген немесе буға піскен. Кәділер, сәбіз, түрлі-түсті қырыққабат, бұршақ, картоп, қызылша, қияр рұқсат етіледі. Қызанақ аз мөлшерде және жақсы көтере алған жағдайда жақсарғанда тізімге енгізіледі.
Панкреатит кезіндегі ет
Ет, құс
Майлы емес сұрыптар (сиыр еті, қоян еті, тауық еті, күрке тауық еті). Көзге түсетін май қабаттары міндетті түрде мұқият кесіліп алынады. Етті қайнатады, бумен дайындалады. Жағдайдың тұрақты жақсаруы кезінде оны кейде маринадтамай пісіруге болады.
Панкреатит кезіндегі балық
Балық
Буда әзірленген немесе піскен майлы емес сұрыптар. Судың аз мөлшерінде бұқтыруға болмайды. Себебі бұл тітіркендіргіш экстрактивті заттардың пайда болуына ықпал етеді. Көксерке, нәлім, минтай, шортан, сазан, алабұға, хек, путассу жақсы үйлеседі.
Панкреатит кезінде жұмыртқа
Жұмыртқа
Қуырылған және піскен жұмыртқаны алып тастайды. Буға әзірленген және пісірілген омлеттер болады. Басқа да әзірлеме тәсілдері де қолданылуы мүмкін.
Панкреатит кезіндегі сүт өнімдері
Сүт өнімдері
Майлы емес өнімдер ғана. Сүзбе, афидофилин, айран, қатық қолдануға болады. Сүт ботқа мен сусындарға қоспа, суфле және омлет құрамында жүреді. Ірімшік аз мөлшерде майлы емес сұрыптары рұқсат етілген және тағамдарға қосымша ретінде ғана.
Панкреатит кезіндегі нан
Нан, печенье
Нан, піспе нан Нан – бидай, жаңа піспеген, кептірілген түрлері ұсынылады. Піспе нан сирек қолданылады және ол май қоспасыз, галетті болуы тиіс.

Панкреатит кезіндегі жемістер
Жемістер, жидектер

Көп жағдайда піскен күйінде немесе компоттар, кисельдер, желе, мусс, пастил құрамында беріледі. Алма, кептірілген жемістер (аз мөлшерде) жақсы үйлеседі.

Панкреатит кезінде не ішуге болады
Сусындар
Қою емес шай (лимонның аз мөлшерімен болуы мүмкін), қоюлатылған компоттар, минералды су, итмұрын тұнбасы

 

Панкреатит кезінде рационды қалай әзірлеу керек

Панкреатит кезінде жобаланған мәзір 3 негізгі ас қабылдауды (таңғы ас, түскі ас, кешкі ас), олардың арасында 2 жеңіл-желпі тамақтануды және ұйықтар алдында қышқыл сүтті сусынды қамтиды.

Таңғы асқа суда әзірленген тұтқыр ботқалар берілгені жөн, жағдай тұрақты жақсарған кезде су қосылған сүт қолданылады. Ең алдымен, оларды ұнтақтап, суфле түрінде береді, кейіннен жақсылап пісірген жеткілікті. Таңғы ас аздаған майы бар тәуліктік кептірілген наннан жасалған бутербродпен толықтырылады (тәулігіне ең көбі 10 гр.). Майлы емес сұрыптағы ірімшік немесе майлы емес ветчинаның бөлігін жеуге болады.

Екінші таңғы асқа (жеңіл-желпі тамақтану) сүзбе немесе етті суфледен, ірімшігі немесе балы бар көмештелген алмадан, тәтті сүзбеден, буға піскен немесе көмештелген омлеттен құрылуы мүмкін. Компот немесе итмұрын тұнбасы да беріледі.

Түскі ас сорпадан, екінші тағам мен сусыннан тұрады. Сорпаларды екінші бульонда пісіреді және кейде аздап қаймақ қосады. Екінші тағам міндетті түрде ақуыз тағамын қамтиды және оны көкөніс немесе жарма гарнирімен толықтыруға болады.

Бесін асына бірінші жеңіл-желпі тамақтануға арналған тағамдар беріледі. Ол кисельден және галетті піспе наннан, кейде бананнан тұруы мүмкін.

Кешкі ас қорыту үшін айтарлықтай жеңіл болуы керек, бірақ ақуыз бен көмірсулардың жеткілікті мөлшерімен. Бұл суфле, көмеш, етті-сүзбелі кнельдер, омлеттегі етті орамалар, піскен ет / балық болуы мүмкін. Оларға гарнир қосылады.

Түнге қарай айран немесе басқа да рұқсат етілген майлы емес қышқыл сүтті өнімдер.

Панкреатит кезінде диета сақтау көңіл-күйді жылдам жақсартуға және ұзақ мерзімге тұрақтандыруға көмектеседі. Себебі, 5п үстеліндегі емдік рацион үйлесімді, ағзаны барлық қажетті қоректік заттармен қамтамасыз етеді, зақымдалған ұйқы безін барынша аяйды және оның функцияларын қалпына келтіреді.

Тамақтануда қателіктер болмаған кезде панкреатит ұзақ мерзім бойы өтелген күйде қалады және жайсыздық симптомдарымен жалғасын таппайды, ал ферменттік препараттарды қосымша пайдалану асты жеткілікті мөлшерде қорытылмауын болдырмауға мүмкіндік береді.

Маңызды: қолданар алдында нұсқаулықпен танысыңыз немесе емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.

Басқа баптың тақырыбы бойынша

ТАҒАЙЫНДАР ЖӘНЕ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА МЕДИЦИНАДА ҚОЛДАНЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚТЫ МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ
Aқпаратпен таныстым, жасыру