Микразим / Бұл қызықты / Ұйқы безіндегі ауырсыну

Ұйқы безіндегі ауырсыну

  1. Қайда орналасқан, қай жерде ауырады
  2. Симптомдары
  3. Себептері
  4. Емдеу

Ұйқы безі-ішектің жоғарғы бөлігінде ас қорыту ферменттерін бөлетін орган. Оның аурулары көбінесе ауырсыну мен ас қорыту жүйесінің бұзылуымен көрінеді. Ұйқы безінде ауырсыну пайда болса не істеу керек? Міндетті түрде дәрігерге жүгіну.

Ұйқы безіндегі ауырсыну

Қайда орналасқан, қай жерде ауырады

Ұйқы безінің анатомиялық орналасуы- ішастар арты, асқазанның артында. Оның басың аш ішек оралып өтеді, ұзын денесі жоғарғы бел омыртқаларының деңгейінде көлденең орналасқан, ал құйрығы көкбауыр мен сол бүйрекке жақын.

Жіті панкреатит кезінде сол немесе оң жақ қабырға асты, іш қуысының жоғарғы бөлігінде қарқынды ауырсыну пайда болады.

Созылмалы без аурулары кезінде ауырсыну дененің әртүрлі ааймақтарында пайда болуы мүмкін:

  • іштің сол жағында;
  • оң немесе сол жақ қабырға астындағы белдеулене ауырсыну сипатымен;
  • семсер тәрізді өсікте және кеуденің төменгі бөлігінде;
  • арқада және белде;
  • іш қуысының жоғарғы және орта бөлігінде.

Симптомдары

Ұйқы безі сыртқы секреция ағзасы болып табылады, яғни ферменттерді бөледі, сондай-ақ ол гормондарды секреттейді, олардың ең бастысы инсулин болып табылады. Сондықтан оның ауруларында ағзаның өзі (ауырсыну) және ас қорыту жүйесі тарапынан симптомдар болуы мүмкін. Ауыр жағдайларда без жасушаларының негізгі массасы өлгенде қант диабеті дамиды.

Ағза қабынуының негізгі белгілері:

  • ұйқы безінде, яғни сол жақ қабырға астындағы және төс асты аймағындағы, диетадағы қателіктерден туындаған, арқаға жаңғырып ауратын, батып, күйіп-жанатын ауырсыну;
  • жеңілдік әкелмейтін мол құсу;
  • май тәрізді сипатқа ие болатын сұйықтыққа бейімделген нәжіс;
  • іштің кебуі;
  • жаман тәбет, салмақ төмендеуі мүмкін;
  • шырышты қабықтардың, содан кейін терінің сарғыштығы.

Себептері

Ұйқы безіндегі ауырсыну оның жарақаттарымен, шығару өзектерінде тастардың пайда болуымен, ағзаның өзінде немесе оған жақын орналасқан түзілімдерде пайда болуы мүмкін. Алайда, бұл симптомның негізгі себебі - қабыну немесе панкреатит.

Неліктен ауырсыну синдромы пайда болады? Бұған төмендегі факторлар себеп болуы мүмкін:

  • бауыр және өт шығару жолдары аурулары;
  • маскүнемдік;
  • асқазан және аш ішектің патологиясы;
  • ақуызы төмен диета;
  • тағамдық аллергия;
  • вирустық инфекциялар;
  • зат алмасуының бұзылуы, муковисцидоз;
  • бездің жарақаты.

Емдеу

Ұйқы безін емдеу

Егер ұйқы безі ауырса, емдеу әртүрлі болуы мүмкін, бірақ оның негізгі қағидалары кестеде келтірілген.

Диеталық тамақтану

Майдың, ақуыздың төмен мөлшері, аз мөлшерде жиі тамақ ішу, алкогольден, дәмдеуіштерден, тітіркендіргіш заттардан бас тарту

Жансыздандыру

Анальгетиктер

Түйілуді басатын дәрілер

М-холинотежегіштер

Антацидтік препараттар

H2-гистаминді рецепторлардың тежегіштері

Протонды помпа тежегіштері

Депрессияға қарсы дәрілер

Ферменттермен дәрілік препараттарды қабылдау

Препараттың маңызды сипаттамалары:

  • липазаның жоғары мөлшері;
  • ферменттерді асқазан сөлінің әсерінен қорғайтын қабық;
  • ішкі түйіршіктердің кіші мөлшері;
  • құрамында өт қышқылдарының жоқтығы.

Панкреатитті емдеудің оңтайлы нұсқасы – панкреатин қамтитын Микразим препараты. Бұл зат-ұйқы безінің табиғи гормоны.

Дәрумендік тапшылықты түзету

В тобының дәрумендері және майда еритін дәрумендер

Көмірсулар алмасуын қалыпқа келтіру

Инсулин қатаң көрсеткіштер бойынша үлкен сақтықпен тағайындалады

Уытсыздандыру

Альбумин, көктамыр ішіне енгізуге арналған ерітінділер

Симптоматикалық терапия

Ішек сорбенттерінің, мысалы, Фильтрум препаратының көмегімен іштің кебуін жою. Ол қорытылмаған заттардың бөліктерін, пайда болған газдарды тиімді байланыстырады, ішектің моторикасын қалпына келтіреді.

Ұйқы безінің ауруларын қалай және немен емдейді, диагноз расталғаннан кейін дәрігер анықтайды.

Маңызды: қолданар алдында нұсқаулықпен танысыңыз немесе емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.

ТАҒАЙЫНДАР ЖӘНЕ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА МЕДИЦИНАДА ҚОЛДАНЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚТЫ МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ
Aқпаратпен таныстым, жасыру