Микразим / Сұрақтар және жауаптар / Улану салдарын жою үшін Микразим®-ді қалай қабылдау керек?

Улану салдарын жою үшін Микразим®-ді қалай қабылдау керек?

Уланған кезде бүкіл ас қорыту жүйесінің жұмысы бұзылады. Бұл үрдіске  улану панкреатиті өршігенге дейін ұйқы безі де тартылады. Оның секреторлық функциясы төмендейді бұл ферменттік жетіспеушілікке түрткі болады. Осының нәтижесінде асты қорыту нашарлайды, ішек бұзылыстары орын алады, уланғаннан кейін қалпына келу үрдісі баяулайды. 

Сондықтан, ферменттік препараттарды түрлі улану кезінде емдеу сызбасына міндетті түрде қосады. Оларды пайдалану ұйқы безінің жетіспейтін қызметін өтеуге мүмкіндік береді, іш өту мен метеоризмнің ауырлығын төмендетуге ықпал етеді. 

Ферменттер жіті улану симптомдарын жойғаннан кейін және құсуды тоқтатқаннан кейін науқас ас қабылдай бастағанда тағайындалады. Бастапқыда оның рационы қатал әрі оңай игерілетін азық-түліктерден тұрғанына қарамастан, ферменттік препараттар емдеу диетасына міндетті қосымша болады және асты әр қабылдаған сайын енгізіледі. 

Бұл ретте, аз тітіркендіретін әсері бар заманауи дәрілерге, мысалы, Микразим®-ге артықшылық беріледі. Оның капсулаларында панкреатині бар ішекте еритін шағын түйіршіктер бар және олар қажет болғанда жартылай сұйық немесе езбе тәрізді аспен тікелей араласуы мүмкін. Микразим®-нің қажетті мөлшерін дәрігер ферменттік жеткіліксіздіктің айқын көрінуін ескере отырып анықтайды. 

Әдетте бірнеше ай бойы барлық улану симптомдарын жойғаннан кейін де осындай ферменттік алмастырушы терапияны жалғастырады. Бұл зардап шеккен ұйқы безінен жүктемені ішінара алып тастауға және оған толық қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

ТАҒАЙЫНДАР ЖӘНЕ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА МЕДИЦИНАДА ҚОЛДАНЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚТЫ МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ
Aқпаратпен таныстым, жасыру