Микразим / Сұрақтар және жауаптар / Микразим®-ді қабылдау мен жүктілік үйлесімді ме?

Микразим®-ді қабылдау мен жүктілік үйлесімді ме?

Көп жүкті әйелдер ас қорыту ағзалары тарапынан жайсыздық мәселесіне тап болады. Бұған кейбір факторлар әсер етеді: 

  • Құрсақ қуысының барлық ағзаларына өсіп келе жатқан жатыр беретін қысым;
  • Жатыр мен басқа ішкі ағзалардың қабырғаларында тегіс бұлшықеттің босаңсуына бағытталған гормоналды аясының өзгеруі;
  • Көп жүкті әйелдерге тән ерекше әрі сирек кездесетін физиологиялық тағамдық әуестіктер. 

Осының аясыда уақытша ферменттік бұзушылықтар жиі орын алады. Олар жүкті әйелге белгілі бір жайсыздық туғызып қана қоймай, ішекте негізгі қоректік заттардың игерілуін бұзады. Бұл анасының жай-күйіне кері әсерін тигізіп, ұрықтың даму үйлесімділігін бұзады. 

Осы бұзушылықтарды реттеу үшін дәрігердің шешімі бойынша заманауи ферменттік препараттар қолданылуы мүмкін. Осы мақсатта Микразим® тағайындалады. Ол аш ішек саңылауында ғана әсер етіп, ұрықтың ерте даму сатысында да оған кері әсерін тигізбейді, жақсы көтеріп, әдетке айналдырмайды. Бірақ оны өз еркіңізбен қабылдаудың қажеті жоқ, жүкті әйелдің жеке ерекшеліктерін ескере отырып, дәрігер Микразим®-ді қабылдау сызбасы мен терапияны бастау туралы шешімді қабылдауы тиіс.

ТАҒАЙЫНДАР ЖӘНЕ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА МЕДИЦИНАДА ҚОЛДАНЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚТЫ МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ
Aқпаратпен таныстым, жасыру