Микразим / Бұл қызықты / Холецистит кезіндегі диета

Холецистит кезіндегі диета

  1. Холецистит кезінде диета қалай көмектеседі
  2. Жіті холецистит диетотерапиясы
  3. Жіті холецистит кезіндегі диетаның қағидалары
  4. Нені жеуге болмайды: тыйым салынған өнімдер
  5. Асқа нені қосуға болады?
  6. Созылмалы холецистит кезінде жобаланған мәзір

Ас қорыту жолының көп аурулары кезінде диетотерапия асқынулардың негізгі емі және профилактикасы болып саналады. Холециститі бар адамдар үшін дұрыс жасалған диета қайталанатын асқынулардың емі мен профилактикасының негізгі болады. Бұл ретте, шектеулер азық-түлік кәрзеңкесінің құрамы мен термикалық өңдеу тәсіліне қатысы бар, ал диетаның қатал болуы қабыну үрдісіне және ауру түріне байланысты.

Холецистит кезінде диета қалай көмектеседі

Холецистит кезінде диета қалай көмектеседі?

Созылмалы холециститі бар адамдардың көбісі үшін рационалды тағамдық шектеулері бар дұрыс әзірленген күнделікті мәзір – бұл көп ауру белгілерінің пайда болуын ескерту және барлық қажетті қоректік заттарды алу мүмкіндігі. Диетаның көмегімен:

  • ас ішкеннен кейін жайсыздық сезбеуге;
  • оң жақ қабырға асты мен бүйірде ауру синдромын, ауырлық сезімін болдырмауға;
  • холециститтің қайталанатын асқынуын ескертуге;
  • ілеспелі өт-тас ауруы кезінде өт қабында және өт шығаратын жолдарда тастың пайда болу үрдісін тежеуге;
  • өттің тұрып қалуымен байланысты бауырдың қосалқы зақымдану қаупін төмендетуге;
  • асқазан-ішек жолының қалыпты жұмысын қамтамасыз етуге болады.

Жіті холецистит кезінде диета өт қабынан артық жүктемені алуға көмектеседі. Оның медикаментозды терапиямен комбинациясы көңіл-күйдің жылдам жеңілдеуіне, қабыну үрдісінің баяулауына, барлық өт шығару жүйесі жұмысының үйлесімділігіне әсер етеді. Бұл ретте қайталама панкреатиттің даму қаупі (ұйқы безінің қабынуы) азаяды, ал бұл ауру ең кемі 1/3 пациенттердің холециститтің пайда болуына ықпал етеді.

Жіті холецистит диетотерапиясы

Жіті холецистит және созылмалы қабынудың асқынуы тағамдық рационға ерекше күтім жасауды қажет етеді.

  • Алғашқы 1-3 күнде ауыр ауырсыну синдромымен және күшті жүрек айнуы бар қатты көрінімді қабыну кезінде дәрігер қарқынды дәрі-дәрмектік емді толықтыратын емдік ашығуды тағайындай алады. Бұл ретте айтарлықтай сусызданудың алдын алу үшін жеткілікті сұйықтықты ішу ұсынылады. Егер бұл мүмкін болмаса, пациентке инфузиялық терапия жүргізіледі (ерітінділерді көктамыр ішіне енгізу). Бірақ калькулезді холециститтің асқынуы кезінде аш диета панкреатиттің қосылуымен өт қатып қалуын тудыруы мүмкін, сондықтан кез келген тағамды қабылдаудан бас тарту туралы шешімді тек дәрігер қабылдауы тиіс.
  • Кейінгі бірнеше тәулік бойы «сұйық диета» деп аталатын диета ұсынылады. Бұл кезде пациентті сұйық және жартылай сұйық тағамдар жейді. Алғашқы кезде әзірленген компоттар, кисельдер, шөптік қайнатынды қабылдайды. Содан кейін біртіндеп жартылай сұйық көгөніс сорпа-езбелер, шырышты сұйық ұсақталған судағы ботқалар (күріш, сұлы, жарма) енгізіледі. 4-5 тәулік бойы әлсіз сорпалар, майлы емес қышқыл сүтті өнімдер ішуге рұқсат етіледі.
  • Жіті қабыну белгілері басылу барысында рұқсат етілген тізімнен буға піскен және пісірілген өнімдер енгізе отырып, рационды біртіндеп кеңейтеді.
  • Асқынуы тоқтағаннан кейін емдуліш Певзнер бойынша № 5 үстелге ауытырылады, бұл кезде оның диетасы созылмалы холецистит кезіндегі тамақтануға сәйкес келеді.

Созылмалы холецистит кезіндегі диетаның қағидалары

Созылмалы холецистит кезіндегі диетаның қағидалары

Асқынбаған холецистит кезіндегі диета – бұл теңгерілген, әр түрлі, құрамы толық және құнарлы мәзір. Ол Певзнер бойынша № 5 емдік үстелге сәйкес келеді.

Қабылдайтын ас өт қабын артық ынталандырмауы және онда тастардың пайда болу қаупін арттырмауы тиіс, бұл өт шаншуларына түрткі болады. Сондықтан, жіті  холециститпен ауырғаннан кейін немесе алғаш диагностикаланған (аз симптомды) латентті созылмалы холецистит кезінде адам өз рационын қайта қарауы керек. 

Кейбір өнімдер мен оларды әзірлеу тәсілдерінен бас тартуға тура келеді, оның үстіне бұл шектеулер қысқа мерзімді болмауы тиіс. Созылмалы холецистит кезінде диета – бұл іс жүзіндегі өмір салты, сауықтыратын және профилактикалық күнделікті тамақтану. Әлбетте, олардың ерекшеліктері бар:

  • Холецистит кезінде тамақтану бөлшектенуі тиіс, 3 негізгі тағамды және 2-3 жеңіл-желпі асты қабылдау қажет. Мұндай режим артық тамақ жеуді және «ашығу» кезеңдерін болдырмауға мүмкіндік беріп, өт қабына жүктеменің бірқалыпты болуын қамтамасыз етеді.
  • Тағамды шамамен бір уақытта қабылдау керек. Бұл тәбеттің уақытылы пайда болуына және ас қорыту жолы мен өт қабының қоректік заттардың келіп түсуіне табиғи әзірлігіне ықпал етеді.
  • Мәзір барлық негізгі нутриенттерді (ақуыздарды, майларды және көмірсуларды), дәрумендер мен минералды заттарды қамтуы тиіс. Рационның жалпы құнарлылығы мен заттардың балансы жас, жыныс пен физикалық белсенділік ерекшелігімен құрастырылады. Бұл ретте майларды барлық қабылдаулар арасында бірқалыпты үйлестіру керек.
  • Рационнан ұзақ асқыну болмаса да тыйым салынған өнімдер толығымен алынып тасталынады. Кейбір өнімдер шектеулі мөлшерде қолданылады, ал ас қабылдағаннан кейін жайсыздық пайда болса, олардан бас тартқан жөн. Холецистит кезінде тамақтанудағы қателіктер өт шаншулары немесе қабыну үрдісінің белсенді болатын өт қабының артық жүктемесімен жалғасады.
  • Асты буда, пісіру арқылы, қыздырып пісіру арқылы әзірлеуге болады (қабықшаның түзілуінсіз). Қуыруға немесе маринадтауға қатаң тыйым салынады. Жиі асқынулар кезінде бұқтыруға болмайды, себебі, осылай әзірлеу кезінде көп экстрактивті заттар жеткілікті мөлшерде пайда болады.
  • Калориялығы бойынша да, порция көлемі бойынша да артық тамақтанудан аулақ болу керек.
  • Биологиялық сұйықтықтар (оның ішінде өттің) қоюлануын болдырмас үшін жеткілікті мөлшерде су ішу керек.

Созылмалы холецистит кезінде тамақтану ашығуды және аздап азық-түлік жеуді де қарастырмайды. Бұл тағамдық құндылықты және рационның әртүрлілігін сақтай отырып, саналы тағамдық шектеулер болып саналады. Жалпы холецистит кезіндегі диета панкреатит кезіндегі диетаға ұқсайды.

Нені жеуге болмайды: тыйым салынған өнімдер

Холецистит кезінде не жеуге болады – өт қабы мәселесі анықталған адамдардың негізгі сұрағы. Бұл ауру кезінде рационнан мыналарды алып тастау керек:

НЕНІ АЛЫП ТАСТАЙДЫ

НЕЛІКТЕН АЛЫП ТАСТАЙДЫ

Кез келген сүрлемелер (өнеркәсіптік және үйдегі әзірлемелер)

Өт айдайтын әсері бар және бұл созылмалы холециститтің асқынуымен қауіпті.
Қуырылған өнімдер, тыйымдар етті және көкөніс тағамдарына қатысты болады. Фритюрге, оның ішінде десерттік тағамдарды әзірлеуге рұқсат етілмейді. Ферменттік жүйелерді артығымен күшейтеді, артық өт айдайтын әсері бар

Ащы тағам, көп дәмдеуіштер мен дәмділіктер, эфир майлары бар өнімдер (цитрустық, сарымсақ), ақжелкек, шомыр, пияз (термикалық өңдеусіз).

Дәмдеуіштер мен тәттілер ас қорыту жолы жұмысына ынталандырушы әсерін береді және өт айдайтын жүйе моторикасының бұзылуын және өт секрециясы мен жұмсалуы арасындағы дисбалансты өршітеді.

Майлы тағам.

Холецистит кезінде майлы ет (шошқа еті, қой еті, сиыр еті, қаз еті, үйрек еті), іш май, шошқа майы, холестеринге бай субөнімдер (ми, бауыр, бүйрек) алынып тасталуы тиіс. Рационнан майлылығы 5%-дан жоғары сүзбені, майлы сүт және қышқыл сүт өнімдерін, балмұздақты (кілегей және пломбир), майонезді, маргаринді, авокадоны, кондитерлік май кремін, жаңғақтарды, козинактарды, халуаны алып тастайды. 

Майлар (сарымай, өсімдік майы) және сарыуыздар шектеулі мөлшерде қолданылады. Ірімшіктерді шектейді, бұл ретте майы аз сұрыптарға артықшылық беріледі.

Майларды толыққанды қорыту өттің көмегімен ғана мүмкін, оның эмульгирлейтін әсері бар және ол ұйқы безінің ферменттеріне белсенді әсерін береді. Сондықтан, барлық майлы өнімдердің өт айдайтын әсері бар, оларды тұтыну холециститтің асқынуына алып келеді. 

Рационда артық жануарлардың майы өт қабы саңылауында холестеринді тастардың пайда болу ықтималдығын арттырады. 

Бірақ, майды рационнан толық алып тастауға болмайды, себебі, олар жасуша қабырғаларын құру, гормондар мен ферменттердің синтезі үшін ағзаға қажетті балама энергия болып саналады.

Экстрактивті тағамдар (майлы, қатты етті және алық бульондары бірінші суға піскен, қоюлатылған қырыққабат қайнатындысы).

Ас қорыту жолының шырышты қабатын тітіркендіреді және өт қабының моторикасы мен ішектің биологиялық белсенді заттардың –прокининдердің артық секрециясын қоздыртады. Сондықтан, қою бульондарды ішу өт қабы мойын жағының жиырылуына және өт айдайтын жолдардың жұмысында дисбаланстың дамуына түрткі болады.

Жаңа піскен ақ нан, жоғары сұрыпты бидай ұны, әсіресе, тоқаш, кексті және құмды қамырдан жаслаған пісірме

Ішектің жұмысына қолайсыз әсері бар және ұйқы безінің белсенділігін артық ынталандырады, бұл өт қабының қызметін қосалқы бұзады. Қамырдың кейбір түрлерінде өттің пайда болуын күшейтетін артық май болады.
Қымыздық қышқылы көп мөлшердегі өнімдер: асжапырақ, қымыздық, рауғаш, жапырақты қыша, саумалдық, майнгольд, құлпынай. Оксалатты тастардың пайда болуын ынталандыруы мүмкін.
Консервіленген және маридталған өнімдер. Ас қорыту жүйесін шамадан тыс ынталандырады.
Саңырауқұлақтар (кез келген түрде және кез келген сұрыптар) Ас қорыту үшін ауыр, өттің пайда болуын шымадан тыс ынталандырады.
Тоқ ішекте артық газдың пайда болуына ықпал ететін кез келген өнімдер. Оларға: ақбасты қырыққабат, бұршақ тұқымдастар, шалқан жатады. Адамдардың көбісінде метеоризммен жалғасатын тоқ ішектің саңылауында ашытатын және шіріткіш үрдістерді қоздырады.
Шоколад, қоюлатылған какао, қою кофе, қою шай, газдалған сусындар Ынталандырушы әсерін береді.
Ішімдік Өт қабын қоздырып, бұл ретте өт жолдарының даму ықтималдығын арттырады (түрлі бөлімдер моторикасындағы дисбаланс).

Холецистит кезінде белгілі бір өнімдер жеуге бола ма деген күмән туған кезде емдейтін дәрігермен немесе диетологпен кеңесіңіз.

Асқа нені қосуға болады?

Холецистит кезіндегі диета – бұл құрамы мен дәмі бойынша бір түрлі тағам деп ойламау керек. Бұл ретте асқынбаған ауруда дұрыс әзірленген өнімдер мен тағамдар қабылдауға болады.

Рационға мыналарды қосуға болады

  • Еттің майлы емес сұрыптары: тауық еті, күрке тауық еті, бұзау еті, ор қоян еті. Олар тұралған котлеттер (буда піскен немесе пісірілген), фарштан жасалған домалатпалар, көмештер, суфле түрінде тілім немесе бірнеше тілікпен әзірленуі мүмкін. Қайнатылған сиыр тілі рұқсат етіледі.
  • Фабрикада жасалған кейбір шұжық бұйымдары: майлы емес ветчина, сүтті сосиска, Докторлық шұжық (табиғи қабықшада).
  • Балық (майлы емес сұрыптар), әдетте қайнатылған немесе пісірілген түрде, суфле немесе котлет құрамында.
  • Теңіз өнімдері.
  • Майлы емес етті бульонда сорпалар (екінші тамақта, бірінші порция қайнағаннан кейін төгіледі), көкөніс бульонында. Бұл ретте, қоспа ретінде майда қуырылған көкөністерді пайдаланбау керек.
  • Жаңа піскен немесе әзірленген көгөністер (тыйым салынған тізімге кіретіндерден басқалары). Бұл ретте, көңіл-күйін бақылауы және асқазанда ауырлық сезімін, іштің кебуін және метеоризмді туыдарытн өнімдерден бас тартуы қажет.
  • Сүзбе (майлылығы аз немесе майлылығы қалыпты), майлы емес қышқыл сүтті өнімдер, майлылығы 5 – 6%-ға дейінгі сүт.
  • Барлық жармалар, оның ішінде жартылай өңдеуден өткен жармалар (кус-кус, ұнтақ жармасы, пісіруге арналған үлпектер).
  • Жұмыртқа (тауық және бөдене), бұл ретте сарыуыздарын тұтынуды шектеу қажеттілігі туралы ескеру қажет. Сондықтан, тағамдарды (омлеттер, уыздықтар) бірнеше ақуыз бен 1 сарыуызды қолданып әзірлейді. Ал калькулезді холецистит кезінде жалпы сарыуыздан бас тарту қажет.
  • Жемістер, егер олар артық мөлшерде газдың пайда болуына себепші болмайтын болса. Оларды жаңа піскен және пісірілген түрде, сондай-ақ, кептірілген жеміс түрінде тұтынуға болады.
  • Ескі нан (аздап кебе бастаған, 2-3 күндік), тәтті емес қытырлақтар, галетті піспе нан.
  • Сусындар: құрамы әр түрлі қою емес шай, цикорий немесе арпа негізіндегі сусындар, қоюлатылмаған компоттар, кисельдер, итмұрын қайнатындысы.

Кейде созылмалы холецистит кезінде дәрігердің келісімі бойынша рационға демделген кебек түрінде жасұнық енгізіледі, бұл ішек моторикасын жақсартып, өт шығару жүйесінің жұмысын қалпына келтіреді.

Созылмалы холецистит кезінде жобаланған мәзір

Асқынбаған созылмалы холецистит кезіндегі рацион әр түрлі болуы мүмкін. Рұқсат етілген өнімдер арасынан тағамдық әдеттерге сәйкес әр күнге мәзір жасалып, көп тағамдар жасалады.

Таңғы ас. Суда немесе майлы емес сүтте әзірленген қоюлығы әр түрлі ботқаны қосқан жөн. Аздап сарымай және майлы емес ірімшігі бар бутербродпен толықтыруға болады. Ботқаны сүзбе пісірмесімен, қарақұмық немесе вермишель негізінде сүтті сорпамен алмастыруға болады. Кейде сүзбе қолдана аласыз.

Екінші таңғы ас (жеңіл-желпі тамақтану). Жемістерден (жаңа піскен, пісірілген, оның ішінде салат түріндегі салмасы бар), сүзбе порциясынан, етті немесе сүзбе суфлесінен/пісірмеден, омлеттен (буға піскен немесе пісірілген).

Түскі ас. Жармадан немесе көгөністен жасалған гарнирі бар рұқсат етілген ет немесе балықтан әзірленген сорпаны (бульоны немесе езбесі бар), етті-көгөністі пісірмелер, рагуды қосу қажет.

Бесіндік. Бұл жеміс, аздаған салат, суфле, ірімшік, галеттері немесе қытырлақтары бар қышқыл сүтті ішуге арналған өнім, сүзбе, бұқтырылған көкөністер.

Кешкі ас. Гарнирдің аз мөлшері бар етті суфледен/буланған котлеттен, қайнаған балықтан, көкөніс котлетінен, ботқадан, көкөністері бар омлеттен тұруы мүмкін.

Түнге қарай. Әдетте ішетін қышқыл сүтті өнім (айран, йогурт, қатық, ацидофилин, бифидок) ұсынылады.

Тамақтануды кез келген рұқсат етілген сусынмен аяқтау керек. Ас қабылдайтын аралықта жеткілікті мөлшерде таза су ішу керек, минералды су ішкенде одан газ шығару қажет.

Созылмалы холецистит кезіндегі диета – бұл профилактиканың негізгі әрі шынайы нәтижелі тәсілі. Ұсынылған тағамдық шектеулерді сақтау ас ішкеннен кейін осындай ауруы бар адамдарға жайсыздық сезбеуге және дәрі ішуден біртіндеп бас тартуға көмектеседі.

Сонымен бірге, мұндай диета қанның липидтік құрамын жақсартуға, холестерин деңгейін азайтуға, тамыр қабырғаларында склеротикалық бүртіктерін азайтуға көмектеседі, бұл жалпы денсаулыққа жақсы әсер етеді, атеросклероз және онымен байланысты тамыр ауруларының профилактикасы болады.

Маңызды: қолданар алдында нұсқаулықпен танысыңыз немесе емдейтін дәрігермен кеңесіңіз.

Басқа баптың тақырыбы бойынша

ТАҒАЙЫНДАР ЖӘНЕ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА МЕДИЦИНАДА ҚОЛДАНЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚТЫ МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ
Aқпаратпен таныстым, жасыру