Микразим / Сұрақтар және жауаптар / Ас қабылдағаннан кейін іштегі ауыртпалық мені жиі мазалайды. Осындай жағдайды жеңілдету үшін не істеуге болады?

Ас қабылдағаннан кейін іштегі ауыртпалық мені жиі мазалайды. Осындай жағдайды жеңілдету үшін не істеуге болады?

Ас қабылдағаннан кейін іштегі ауыртпалық бірнеше себептермен пайда болуы мүмкін:

  • Артық жеу. Егер адам әрдайым артық ас қабылдаса, ол өзінің тағамдық рационы мен асқа қатысты көзқарасын қайта қарауы қажет. Негізгі ас қабылдаумен бірге қатты аш қалуды болдырмайтын жеңіл-желпі тамақтануды енгізген жөн. Егер аста қателік жіберілсе, Микразим® ферменттік препаратына көмекке келуге болады. 
  • Қорыту үшін ауыр асты тұтыну. Фаст-фуд, қуырылған және қақталған тағамдар, рационда жануарлардың майлары мен тоқаш-нан бұйымдарының артық болуының барлығы ұйқы безі мен өт қабына артық жүктеме жасайды. Бөлінетін ферменттер жетіспейді, ас тым ұзақ қорытылады және бұл іштің ауырлық сезіміне әкеледі. Мәзірді денсаулыққа пайдалы өнімдердің пайдасына қайта қарау керек, ал тамақтанудағы қателіктер кезінде Микразим® пайдалы болуы мүмкін. 
  • Ферменттік жетіспеушілікті қалыптастыра отырып, ішек-қарын жолының созылмалы аурулары. Дәрігерге жолығып, тексерілу қажет. Емделу сызбасына Микразим® сияқты ферменттік препараттар қосылады.

Басқа баптың тақырыбы бойынша

ТАҒАЙЫНДАР ЖӘНЕ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА МЕДИЦИНАДА ҚОЛДАНЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚТЫ МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ
Aқпаратпен таныстым, жасыру