Микразим / Сұрақтар және жауаптар / Мен Микразим®-ді қабылдаймын. Маған қандай да бір талдаулар тапсыру қажет пе?

Мен Микразим®-ді қабылдаймын. Маған қандай да бір талдаулар тапсыру қажет пе?

Ұзақ қолданғанның өзінде Микразим® қантүзілім жүйесіне, бүйірге және бауырға кері әсерін тигізбейді. Сондықтан, оны қабылдау кезінде осы ағзалардың күйін бақылаудың қажеті жоқ. Осыған қарамастан, дәрігер кейбір талдауларды тапсыруға кеңес беруі мүмкін.

Микразим®-ді қабылдау кезіндегі зертханалық диагностика ферменттік жетіспеушілікті бағалау үшін қолданылады. Себебі, алғашқы кезде тағайындалған препараттың мөлшері ұйқы безі ферменттерінің тапшылығын өтеу үшін жеткілікті бола бермейді. 

Бейтарап майдың мөлшерін анықтай отырып, копрограмма (нәжіс талдауы) арқылы Микразим®-дің беретін әсерін бағалауға болады. Осы көрсеткіш ферменттік препараттарды мөлшерлеуді сұрыптау кезінде қолданылады. Стеатореяның (нәжісте майдың артық мөлшерде болуы) жойылуы қажетті өтемге жеткендігін растайды.

Панкреатит ушыққан кезде амилаза деңгейін анықтауға арналған талдау тағайындалуы мүмкін. Осы қоспаның аса жоғары деңгейі – ұйқы безінің белсенді түрде ісу белгісі. 

ТАҒАЙЫНДАР ЖӘНЕ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА МЕДИЦИНАДА ҚОЛДАНЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚТЫ МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ
Aқпаратпен таныстым, жасыру