Микразим / Сұрақтар және жауаптар / Мен арықтауға тырысамын, сондықтан өзімді ас қабылдау кезінде шектеймін. Бірақ менің салмағым азаймайтын болды. Арықтау үшін не істеу керек?

Мен арықтауға тырысамын, сондықтан өзімді ас қабылдау кезінде шектеймін. Бірақ менің салмағым азаймайтын болды. Арықтау үшін не істеу керек?

Бұл мәселе арықтауға ұмтылатын көптеген адамдарға таныс. Жеткілікті қатаң тағамдық шектеулерді енгізу және рационның құнарлығының айтарлықтай төмендеуі дене салмағының тез және әрдайым айқын төмендеуіне әкеп соқтырмайды. Салмақты күрт жоғалтқаннан кейін салмағы орнында тұрған кезде плато фазасы басталады. Бұл ретте қатты диета ұстасаңыз да қажетті нәтижеге жетпейсіз. 

Себебі, арықтау үрдісі метаболизм (заттардың алмасу) жылдамдығымен тікелей байланысты. Калорияның айқын жетіспеушілігі және негізгі қоректік заттардың түсуінің күрт жеткіліксіздігі үнемдеудің қорғаныс режимін қосуға ықпал етеді. Сондай-ақ, ағзадағы барлық үрдістер баяулап, негізгі күш-жігер маңызды ағзалардың жұмыс істеуіне бағытталады. Өйткені, заттардың барлық алмасу түрлері – бұл өзара байланысты реакциялар кешені. Олардың жұмысы үшін белгілі бір заттар қажет. Аштық диета кезінде олар ағзаға жеткіліксіз мөлшерде келіп түседі. Сондықтан, заттардың алмасуы өте баяу күйде үнемдеу тәртібі бойынша өтеді. 

Осы плато фазасынан өту үшін ең алдымен тамақтану тәртібін қалпына келтіру қажет. Рацион барлық негізгі қоректік заттар мен дәрумендердің келіп түсуін қамтамасыз етуге тиіс. Тамақтанудың құнарлылығын негізгі алмасу көрсеткішінен аздап асатын деңгейде ұстап тұру керек. Ол жүдейтін адамның жынысын, бойын және жасын ескере отырып есептеледі. Бұл ретте әдеттегі тәулік құнарлылығының 15–20% мөлшерінде тапшылықтың болуы қауіпсіз әрі нәтижелі болады. Тағамдық қалдық пен рационда жылдам көмірсулардың артық болуынан бас тартып, денсаулыққа пайдалы тамақтануға көшу қажет. 

Арықтау кезінде мәзірді дұрыс жасауға диетолог көмектеседі.

ТАҒАЙЫНДАР ЖӘНЕ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА МЕДИЦИНАДА ҚОЛДАНЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚТЫ МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ
Aқпаратпен таныстым, жасыру