Микразим / Бұл қызықты / Микразим препараты бойынша АВВА РУС компаниясы жүргізетін зерттеулер тізімі

Микразим препараты бойынша АВВА РУС компаниясы жүргізетін зерттеулер тізімі

"Ұйқы бездік жеткіліксіздігі бар муковисцидозда Микразим 25 000 ӘБ препаратының клиникалық тиімділігі, қауіпсіздігі және төзімділігі" ашық клиникалық зерттеуі.

Ижевск – 2009 ж.

Бас зерттеуші – Н.А. Краснова

Тексерілгендер: 18 адам, 10-18 жастағы балалар және ересектер, 5 әйел және 13 ер. 

Қорытынды: Микразим 25 00 ӘБ препараты 10 жастан асқан Ұйқы безінің жеткіліксіздігінің бар муковисцидозы бар науқастарда алмастыру ферментативті ем ретінде тағайындауға ұсынылуы мүмкін. Және муковисцидозбен ауыратын науқастарды әдеттегі панкреатиннен Микразимге 25 00 ӘБ 10-14 күн ішінде ауыстыру схемасы клиникалық тиімді болып келеді.

"Ұйқы безінің жеткіліксіздігі бар науқастарда микротүйіршіктелген Микразим 10 000 ӘБ панкреатинінің клиникалық тиімділігінің және таблеткаланған панкреатинді Лактофильтрум пребиотигі бар кешенде қолдану схемаларының зерттеуі".

СПб – 2008ж.

Бас зерттеуші  – В.И. Симаненков 

Тексерілгендер: 60 адам

Қорытындылар: Алынған деректер созылмалы панкраетиттердің асқынуы кезінде микразиммен емнің оң әсері туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Микразимнің әсерінен ұйқы безінің сыртқы секреторлы жетіспеушілігінің көрінісінің айқын төмендеуі байқалады. Сондай-ақ, осы дәрілік заттың жақсы төзімділігін атап өткен жөн. Таблеткалы 10 000 ӘБ (Мизим) панкреатин қабылдайтын топта оң динамика байқалады, бірақ баяу, көрсеткіштердің қалыпқа келуі 14 күнге жақын болады. 

Пребиотик және энтеросорбент (Лактофильтрум) қасиеттеріне ие препараттың созылмалы панкреатиттерінің асқынуларын кешенді терапияға қосу диспептикалық синдромның айқын көрінуін азайтуға ықпал етеді және тоқ ішектің "микробтық көрінісіне" оң әсер етеді. 

Зерттеу нәтижелері панкреатиннің микронизацияланған формаларын пребиотикалық және энтеросрбциялық терапиямен бірге созылмалы панкреатиттердің асқынуларын кешенді емдеуге қосуды ұсынуға мүмкіндік береді. 

Ұйқы безінің жеткіліксіздігі бар науқастарда 10 000 ӘБ Микразимнің клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігінің ашық салыстырмалы зерттеуі.

Саратов – 2008 ж.

Бас зерттеуші  – Тяпкин И.А. 

Тексерілгендер: 50 адам, жасы 20-дан 59-ға дейін. 

Қорытындылар: Микразим 10 000 ӘБ препараты, Мезим-форте препаратымен салыстырғанда, оны созылмалы панкреатиттің кешенді еміне қосқан кезде ауырсыну синдромының айқын көрінуін неғұрлым тиімді азайтуға ықпал етеді, нәжістің жиілігіне, фекалий консистенциясына және метеоризмге тиімді әсер етеді, капрограмма көрсеткіштерін жақсартады, қысқа мерзімде көңіл-күйді жақсартады. 

Қауіпсіз дп болып табылады. 

Микразим 10 000 ӘБ препараты ұйқы безінің сыртқы секреторлы жеткіліксіздігі бар пациенттерде емдеу үшін ұсынылуы мүмкін. 

Ауырсыну синдромы бар созылмалы панкреатитпен ауыратын науқастарда 10 000 ӘБ Микразим препаратының тиімділігі мен қауіпсіздігінің салыстырмалы, рандомизацияланған, ашық зерттеуі.

Мәскеу – 2006 ж. 

Бас зерттеуші – Калинин А.В. 

Тексерілгендер: 50 адам, 18 жастан 65 жасқа дейін. 

Қорытындылар: Зерттеуде ауырсыну синдромы бар СП науқастарында 10 000 ӘБ Микразимнің жоғары терапиялық тиімділігі анықталды, 100% жағдайда емнің оң әсері байқалады. Ең төменгі курс 14 күн.

Ауырсыну синдромы бар СП науқастарында Микразим 10 000 ӘБ және Панкреатин 10 000 ӘБ емдеуден терапиялық әсерді салыстырғанда, емдеудің әсері Микразимде 10 000 ӘБ айтарлықтай жоғары. 

Микразим препараты ауырсыну синдромы бар созылмалы панкреатитпен ауыратындарды емдеу үшін жақсы төзімділігі бар тиімді препарат ретінде ұсынылуы мүмкін. 

Мақала жарияланды (ж. емдеуші дәрігер, 2 2009 ж. және ж. Клинические перспективы гастроэнтерологии, гепатологии, 2, 2007 ж.). 

"Салыстырмалы ұйқы безінің жеткіліксіздігі" диагнозы бар балалар жасындағы пациенттерде 10 000 ӘБ Микразимнің клиникалық тиімділігі мен төзімділігінің ашық салыстырмалы зерттеуі.

Мәскеу – 2009ж. 

Бас зерттеуші – Захарова И.Н.

Тексерілгендер: 90 адам, 3 жастан 12 жасқа дейін. 

Қорытынды: Салыстырмалы ұйқы безінің жеткіліксіздігі бар науқастарда Микразим 10 000 ӘБ препаратының жоғары терапиялық тиімділігі және жақсы төзімділігі анықталды. 

Салыстырмалы зерттеу панкреатиннің Микразим және Креон капсулаланған формалары ферменттердің таблеткаланған түрлерімен (Мезим-форте) салыстырғанда айқын клиникалық және зертханалық әсер ететінін көрсетті. Бұл ретте аурудың әртүрлі объективті және субъективті симптомдарына әсерін бағалау бойынша Микразим мен Креонның тиімділігі бірдей болып табылады (немесе айырмашылықтар статистикалық маңызды болып табылмайды). 

Микразимде жағымсыз аллергиялық реакциялар тіркелген жоқ. 

Микразим салыстырмалы ұйқы безінің жеткіліксіздігі бар науқастарды емдеу үшін ұсынылуы мүмкін. 

Мақала жарияланды (ж. Вопросы практической педиатрии, 2,2009) 

"Ұйқы безінің экзокриндік жеткіліксіздігі бар созылмалы панкреатит" диагнозы бар пациенттерде Микразим 10 000 ӘБ капсулаларында микротүйіршіктелген панкреатинді қолданудың клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігінің ашық зерттеуі.

Новосібір – 2008ж. 

Бас зерттеуші – Воевода М.И.

Тексерілгендер: 30 адам, жасы 37-ден 66-ға дейін. 

Қорытындылар: Микразим 10 000 ӘБ капсуларындағы микротүйіршіктелген панкреатин әртүрлі генездегі созылмалы панкреатитті кешенді терапияға қосқан кезде пациенттердің өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етеді: қысқа мерзімде көңіл-күйді жақсартады, ауырсыну синдромының айқындығын тиімді төмендетеді, нәжістің сипатын, капрограмма көрсеткіштерін қалыпқа келтіреді, метеоризмді азайтады. 

Микразимге ешқандай жанама әсер тіркелген жоқ. 

Микразим әртүрлі генездегі созылмалы панкреатиттері бар пациенттерді емдеуге арналған тиімді препарат ретінде ұсынылуы мүмкін. 

Ұйқы безінің жеткіліксіздігі бар науқастарда 10 000 ӘБ  Микразимнің клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігінің ашық салыстырмалы зерттеуі.

СПб – 2008ж. 

Бас зерттеуші – Дорофеев В.И. 

Тексерілгендер: 30 адам, 20 жастан 60 жасқа дейін.

Қорытындылар: Микразим 10 000 ӘБ жақсы төзімділікке ие және ұйқы безінің экзокриндік жеткіліксіздігін емдеудің ең тиімді және қауіпсіз құралы болып табылады. 

Микразим ұйқы безінің экзокриндік жеткіліксіздігін емдеудің қауіпсіз құралы болып табылады. 

Микразим 10 000 ӘБ таблеткаланған Мезим форте панкреатинімен салыстырғанда анағұрлым тиімді және қысқа мерзімде клиникалық және зертханалық көрсеткіштерді қалыпқа келтіреді, қысқа мерзімде пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартуға қол жеткізуге мүмкіндік береді. 

Зерттеу нәтижелері созылмалы панкреатиттердің асқынуын кешенді емдеуге 10 000 ӘБ Микразимді қосуды ұсынуға мүмкіндік береді. 

СП терапиясында Микразим 10 000 ӘБ препаратының тиімділігі мен қауіпсіздігінің зерттеуі. 

Мәскеу – 2008ж. 

Бас зерттеуші – Лазебник Л.Б. 

Тексерілгендер: 40 адам, жасы 23-тен 61-ге дейін.

Қорытындылар: Сыртқысекреторлық жеткіліксіздіктің орташа дәрежесі бар науқастар тобында емдеу барысында клиникалық симптоматиканы тоқтатудың айқын динамикасы және копрологиялық тексеру деректерінің қалыпқа келуі байқалды. 

Ашық көрінген сыртқы секреторлы жеткіліксіздігі бар науқастар тобында клиникалық симптомдардың емдеу аясында оң жаққа қарай бағытталған динамикасы аз байқалған, копрограммада майлы қышқылдар, бейтарап май, сызықсыз сіңірілмейтін талшықтар сақталған, бірақ бұл ретте олардың деңгейі айтарлықтай төмендеді. 

Зертханалық зерттеу деректері Микразим 10000 ӘБ микротүйіршіктелген панкреатинмен емдеу аясында қанның биохимиялық көрсеткіштерінің өзгеруі болмайтынын көрсетті, бұл емдеудің осы әдісінің қауіпсіздігін көрсетеді. 

Осылайша, зерттеудің жүргізілген бөлігі мыналарды көрсетті: Микразим 10 000 ӘБ препаратының СП науқастарында тағайындалуы тиімді және қауіпсіз болып табылады, бұл СП науқастарында осы препаратты зерттеуді жалғастыруға мүмкіндік береді. 

Маңызды ақпарат: қолданар алдында нұсқаулықпен танысыңыз немесе емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.

ТАҒАЙЫНДАР ЖӘНЕ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА МЕДИЦИНАДА ҚОЛДАНЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚТЫ МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ
Aқпаратпен таныстым, жасыру