Микразим / Бұл қызықты / Дұрыс тамақтанудың 7-қағидасы

Дұрыс тамақтанудың 7-қағидасы

Дұрыс тамақтану қағидаттары қарапайым. Өкінішке орай, оларды көбі ұстанбайды. Ол аш тіршілік ету, қалжырататын диетаны білдірмейді, бірақ, жара, панкреатит, холецистит және семіру сияқты ауруларды алдын алуға көмектеседі, оның салдарынан жасы келгенде (мүлде жасы ұлғайғанда емес) диабет, инфаркт және инсульт болуы мүмкін.

Осындай мәселеден құтылу және аштықты сезінбей, дұрыс тамақтану үшін келесі қағидаларды сақтаңыздар:

№1-қағида. Сіз бір күнде тұтынатындай тамақтану.

Жағдайды анықтау үшін, алдағы уақытта бағдар болу үшін, бұл мөлшерді  калория мен граммда бір рет өлшеуге болады. Артық тамақтанбау үшін жақсы тәсіл – баяу, теледидарды, компьютерді және алаңдататын, басқа сыртқы қоздырғыштарды қоспай тамақтану.

№2-қағида. Тағам әр түрлі болуы тиіс. 

Егер сізде ешқандай қарсы көрсетім болмаса, онда сіздің мәзірге міндетті түрде сорпалар және ботқалар кіруі тиіс (таңертеңгі асқа міндетті емес және сізді бала кезіңізде қинаған ұнтақ және сұлы жармасының ботқасы міндетті емес). Ботқалардың көп жиынтығы және одан да көп дайындау тәсілдері бар. Олар кез келген және ең таңдаулы дәмге сай. 

№3-қағида. Сіздің рационға көкөністер мен жемістер кіруі тиіс.

Француздар, күніне барлық ағзалардың жұмыс істеуі үшін кемінде 5-көкөніс немесе жеміс: алма немесе ананас, қызанақ немесе авакадо жеу керек дейді. Ол қажет витаминдер және минералды заттар қорын береді және сіздің иммунитетті нығайтады. Егер оны жүйелі түрде істесе – сіз аз шаршап, салқын тигеннен болатын аурулармен сирек аурып, жұмыс қабілетіңіз артады. 

№4-қағида. Сондай-ақ сүт өнімдері жақсы. 

Олар сүйекті нығайтады, остеопороздың дамуына кедергі келтіреді. 40 жастан кейін организм сүтті сіңіруді тоқтатуы мүмкін. Ол дүрбелең үшін себеп емес, қышқыл сүт өнімдерінің үлкен әр түрлілігін ашу мүмкіндігі оның ішінде ең қол жетімдісі ірімшік, айран және йогурт. 

№5-қағида. Негізгі ас қабылдаулар арасында өзіңізге жеңіл-желпі тамақтану жасамаңыздар.

Жеңіл-желпі тамақтануды алып, организм оған қазір құнды ас қабылдауды ұсынады деп «ойлайды». Әдетте ас қабылдауға қажет мөлшерде асқазан сөлі бөлінеді, ал сіз екі кәмпит жейсіз. Қалған ас қорыту сұйықтығы ешқайда кетпейді, және ол асқазан қабырғасын күйдіре бастайды, ол мұндай өмір салты кезінде жараға әкелуі мүмкін. Осы себепті аш қарынға сағыз резеңкеден бас тартқан дұрыс. 

№6-қағида. Сіздің рационды төртке, әйтпесе бес ас қабылдауға бөліңіз, бірақ кіші бөліктерге.

Бастысы - осы бөліктерді жүйелі қабылдау. Сонда организм дағдыны тудырады, және сіз барлық диетологтар ұсынған күніне 4-5 бөлікті асықпай жей аласыз, сонымен бірге асқазанды зақымдамайсыз және артық килограммдарды қоспайсыз. 

Ас қабылдау жиілігі – сіздің ас қорыту жүйесіне ұқыпты қатынас негізі: «соғыс болғанса да, түскі ас кесте бойынша». 

№7-қағида. Міндетті түрде таңғы ас ішіңіз. 

Таңертең ас қабылдау күні бойына зат алмасуын іске қосады, ағзаға сіздің оянып және жұмыс істеуге немесе белсенді істермен айналысуға дайын деген белгі береді, ал суық ауа-райында – сізді күні бойы жылытады.

Алтыдан кейін тамақтануға болмайды деген дәстүрлі мифті әшкерелегіміз келеді. Әрине, егер сіз кешкі 8-де ұйықтауға жатсаңыз, оны істеудің қажеті жоқ. Бірақ егер сіздің кеш алыс түн жарымға кетсе, тамақтанудағы үзіліс өте үлкен болады- зат алмасуы салмақ жинауды іске қосып, баяулайды, ал сіз аш сезіммен төсекке жатасыз. Соңғы ас қабылдау ұйқыға дейін 2-4 сағат бұрын болса болды. 

Осы күрделі емес қағидалар сізге аштық пен артық тамақтану арасында тепе-теңдікті табуға, организмді оған қажет құнарлы заттармен жабдықтауға, иммунитетті арттыруға, ішек-қарын жолын аурудан және басқа көптеген жайсыздықтардан қорғауға көмектеседі. Жегеніңіз ас болсын!

ТАҒАЙЫНДАР ЖӘНЕ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА МЕДИЦИНАДА ҚОЛДАНЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚТЫ МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ
Aқпаратпен таныстым, жасыру