Микразим / Сұрақтар және жауаптар / Панкреатит ушыққан кезде Микразим®-ді қабылдауға бола ма?

Панкреатит ушыққан кезде Микразим®-ді қабылдауға бола ма?

Панкреатит кезінде Микразим® негізгі препараттарға жатады және міндетті шектеу диетасымен бірге оның барлық сатыларында қолданылады. Бірақ осы аурудың ушыққан кезін емдеудің кейбір ерекшеліктері бар және бірінші кезекте бұл ферменттік терапияға жатады. 

Алғашқы ушыққан күндері ісінген ұйқы безінің жүктемесін барынша «азайту» қажет. Мұны емдік ашығумен қамтамасыз етеді. Безге функционалды тыныштық беру оның тіндерінің ісінуін азайтуға және ұйқы безі сөлдің іркілісін жоюға жағдай жасайды. Бұл ретте, ауыр асқынулар ықтималдығы азайып, қалпына келу үрдісі күшейеді. Бұл кезде ферменттік препараттар қолданылмайды себебі, ашыққан кезде олар ішек саңылауында ештеңеге әсер етпейді. 

3-4 тәулікте жіті панкреатиті бар адам әдетте ас қабылдай бастайды. Басында оның диетасы өте қатал болады. Бірақ мұның өзі ұйқы безі үшін үлкен жүктеме болады. Сондықтан, емдік қоректену әдетте ферметтік терапиямен, мысалы, Микразим®-ді пайдаланумен толығады. Осындай препараттар қоректік заттарды толық игеруге ықпал етеді. Сонымен бірге, оларды қолдану ұйқы безіне «жартылай» жұмыс істеуге және біртіндеп қалпына келуіне мүмкіндік береді. 

Асқынған панкреатит симптомдарын жою бұрынғы өмірге оралу мүмкіндігін білдірмейді. Қалпына келу кезеңі әдетте 8-12 айды алады, бұл мерзім ішінде бірнеше кеңейтілген диетаны ұстанып, ферменттік препараттарды қабылдауды жалғастыру ұсынылады.

Басқа баптың тақырыбы бойынша

ТАҒАЙЫНДАР ЖӘНЕ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА МЕДИЦИНАДА ҚОЛДАНЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚТЫ МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ
Aқпаратпен таныстым, жасыру