Микразим / Сұрақтар және жауаптар / Іш өту кезінде Микразим®-ді қабылдау қажет пе?

Іш өту кезінде Микразим®-ді қабылдау қажет пе?

Диарея немесе іш өту – бұл жиі болатын сұйық нәжіс. Оның пайда болуының себебі әртүрлі болуы мүмкін: ішек инфекциясы, улану, созылмалы панкреатитті қайта өтеу, энтероколиттер, тітіркенген ішек синдромы, невротикалық бұзылыстар... Және терапияны таңдау кезінде негізгі себеп факторын анықтау және мүмкіндігінше жою (немесе өтеуге) қажет. Сондықтан ішек бұзылуларының дамуы кезінде тексеру жүргізетін және емдеу тактикасын анықтайтын дәрігерге жолығу ұсынылады. 

Іш өту кезінде түрлі препараттар, оның ішінде, ферменттік дәрілер тағайындалуы мүмкін. Өйткені, ішек бұзылыстарында барлық ас қорыту жүйесі зардап шегеді, қоректік заттардың қорыту үрдісі бұзылады, салыстырмалы ферменттік жетіспеушілік күшейеді. Мұның барлығы күйді ушықтырып, түзетулерді қажет етеді. Сондықтан, түрлі іш өту кезінде емдеу сызбасына Микразим®-ді жиі қосады. Бұл ұйқы безі сөлдің әсерін толықтырып, ас қорыту үрдісін жақсартатын заманауи ферменттік препарат. 

Егер іш өту созылмалы панкреатитті өтеу салдарынан туындаса, Микразим® жағдайды жақсартатын маңызды дәріге айналады. Бұл ретте аурудың барлық ішек бұзылыстары стеаторея деп аталатын нәжісте майдың артық болуымен байланысты. Микразим® майларды жеткілікті қорытуға ықпал етіп, панкреатит кезінде іш өтуді емдеуге көмектеседі.

ТАҒАЙЫНДАР ЖӘНЕ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА МЕДИЦИНАДА ҚОЛДАНЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚТЫ МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ
Aқпаратпен таныстым, жасыру