Ферменттер және алхимия?
«Ферментация» сөзінің бастауы ғасырлар қойнауына кетеді. Орта ғасырларда осы сөзбен шараптың ашуына немесе қамырды ашытуға ұқсас, кез келген «сиқырлы» үрдістерді белгілеген. Алхимиктер осы сиқырлы «ферменттерді» іздеген, сол кездегі сенім бойынша «ферменттер» адамның араласуынсыз химиялық үрдістерді іске қоса алады. Алайда ферменттер туралы нақты білім үзінділер мен фрагменттер бойынша қалыптасты.
Ферменттердің тарихы
17-ғасырдың ортасында голланд ғалымы, анатом және химик Франциск Сильвий, адамның ұйқы безі, кейін аспен араласатын ерекше сөл бөлетіндігін дәлелдей алды. Осылайша адам организмінде ферменттердің мәні мен ролін түсінуге апаратын ұзақ жол бастау алды. 19-ғасыр жаңалық ашуға аса дарқан болды:
Ферменттер буыны
19-ғасырдың аяғында, асқазанда панкреатин өзінің белсенділігін айтарлықтай жоғалтатыны байқалған болатын, себебі ферменттер асқазан сөлінде бұзылады. Оны болдырмау үшін, панкреатинды Pankreon деп атап, таниннен жасалған арнайы қабыршақта өндіру бастады. Уақыт өте келе, қабыршақ жетілдірілді, оның ішектерде еруі үшін аса тұрақты етіп жасалды – осылайша ферменттердің екінші буыны пайда болды.
Уақыт өте келе, дәрі-дәрмек бөлшегінің мөлшері үлкен роль атқаратындығы дәлелденген болатын. Кіші мөлшер ферментті дәрі-дәрмекке үкпе аспен бірге асқазаннан аш ішекке жылдам түсуге мүмкіндік беретін еді. Өйткені, химуспен (асқазан сөлімен араласқан, үкпе ас) бірге асқазаннан одан әрі ішектерге тек диаметрі 1,5 мм аспайтын бөлшектер «лып ете» алады. Бұдан басқа, түйіршіктер ұсақ болған сайын, оның құрамындағы ферменттер ішектерде аса жылдам белсенді болуы тиіс. 1963 ж. ферментті дәрі-дәрмектер тағы жетілдірілген болатын, таблетканың орнына қабыршағы жоқ түйіршіктер өндіріле бастады.
Осылайша біртіндеп ферменттердің үшінші буыны «өсті». 1983 жылы микросфераны капсулаға салды (ферменттерді асқазан сөлінен қорғау үшін).
Алайда, әзірлемелер бір орында тұрмады. Диаметрі 1,0-1,2 мм минимикросфералар диаметрі 1,9-2,0 мм микросферадан ширектік тиімді екені анықталған болатын. Осылайша 1993 жылы минимикросфера түрінде панкреатин өндірісіне патент алынған болатын (ферменттік дәрі-дәрмектердің төртінші буыны). Минимикросфералардың диаметрі шамамен 1,2 мм –және осы мөлшер дәрі-дәрмектің аса тиімділігі үшін іс жүзінде мінсіз болды. Дәл осы ферменттік дәрі-дәрмектер бүгінгі күні оңтайлы болып саналады. Және дәл осы технология Микразим дәрі-дәрмегі өндірісінде қолданылады.