Микразим® - капсулалардағы панкреатин микротүйіршіктері. Препараттың құрамына жануарлардың ұйқы безінің табиғи ферменттері- ақуыздардың, майлар мен тамақ көмірсуларының қорытылуын қамтамасыз ететін протеаза, липаза мен амилаза кіреді.
Микразим® қабылдаудан кейін капсула ішекте еритін қабықшамен жабылған панкреатин микротүйіршіктерін босатып, асқазанда тез ериді. Шағын өлшемінің арқасында, микротүйіршіктер тамақпен тез әрі біркелкі араласады және тамақ кесегімен бір уақытта аш ішекке, сосын жіңішке ішекке жеңіл өтіп, онда ұйқы безінің ферменттер босатылып шығады және ақуыздардың, майлар мен тамақ көмірсуларының тез және толық қорытылуына жағдай жасап, белсенді әрекет ете бастайды.
Қатты желатин капсулалары. Қоңыр қақпағы бар мөлдір корпус.
Капсулалардың ішіндегісі – ақшыл- қоңырдан қоңыр түске дейін, өзіне тән иісі бар, цилиндр немесе шар тәрізді пішінді пеллеттер.
Қатты желатин капсулалары. Қара- қызғылт сары қақпағы бар мөлдір корпус. Капсулалардың ішіндегісі – ақшыл- қоңырдан қоңыр түске дейін, өзіне тән иісі бар, цилиндр немесе шар тәрізді пеллеттер.
Қазіргі жіктеме бойынша созылмалы антральды гастрит "неатрофикалық"деп аталады. Сондай – ақ, әдебиетте асқазан ауруының басқа атауларын кездестіруге болады-жоғары секреторлық белсенділігі бар гастрит, беттік, В типті гастрит.
15 Қараша.2017 / Оқу
Дұрыс тамақтану қағидаттары қарапайым. Өкінішке орай, оларды көбі ұстанбайды. Ол аш тіршілік ету, қалжырататын диетаны білдірмейді, бірақ, жара, панкреатит, холецистит және семіру сияқты ауруларды алдын алуға көмектеседі, оның салдарынан жасы келгенде (мүлде жасы ұлғайғанда емес) диабет, инфаркт және инсульт болуы мүмкін.
28 Желтоқсан.2016 / Оқу