Микразим / Бұл қызықты / Іштегі жайсыздықтың негізгі себептері. Ферменттер неге керек?

Іштегі жайсыздықтың негізгі себептері. Ферменттер неге керек?

  1. Ферменттер қалай жұмыс істейді
  2. Ағзаға қандай ферменттер қажет?
  3. Микразим - тағамның қорытылуына әсер ететін заманауи препарат.

Тамақтан кейінгі іштегі ауырлық-көбіне таныс жағдай. Көптеген адамдар тамақтан кейінгі асқазан ауруын дұрыс тамақтанбауға немесе сапасыз тағамға жатқызады. Бірақ іштің кебуі, іштегі қорылдау, метеоризм, ал кейбір жағдайларда тамақтан кейін лоқсу, әртүрлі мәселенің салдары болуы мүмкін.

  • Аса көп тамақ. Артық тамақтану кезінде ас қорыту жүйесінің тұтынған азықты толық дұрыс қорыту қабілеті азаяды. Сондай-ақ тамақтану кезінде тұтынатын аса көп сұйықтық мөлшері маңызды кезең болып табылады. Сол уақытта ас қорыту үрдісіне жауапты заттарды (тұз қышқылы, ас қорыту ферменттері, өт) сұйылту болады. Ол олардың әсерінің тиімділігін азайтады және асты қорыту үрдісін бұзады.
  • Кеш тамақтану. Кешке ас қорыту үрдісі бәсеңдейді және түнге жақын асты қорыту үрдісі іс жүзінде тоқтайды. Ол ас қорытудың бұзылуына әкеледі.
  • Күйзелу. Күйзелу ас қорыту үрдісін төмендететіндігі дәлелденген.
  • Асқазан сөлінің төмен қышқылдығы немесе ас қорыту ферменттерінің жеткіліксіз бөлінуі. Кейбір адамдарда тамақты тиімді қорыту үшін ас қорыту ферменттерін жеткіліксіз өндіру байқалады.

Ферменттер қалай әрекет етеді

Ферменттер — ол іс жүзінде барлық жануарлар және өсімдік тектес өнімдерде бар ақуызды заттар. Егер ферменттер болмаса, онда өнімнің ыдырау үрдісі елеулі қиындыққа ие болар еді.

Ферменттің әсері реакцияға (субстратқа) қатысатын затпен байланыстырудан және оны басқа затқа айналдырудан тұрады. Егер ішекке сіңіру үшін дайындалмаған ас түссе, ол шырышты қабықты тітіркендіреді, ашу немесе бұзылу үрдісі басталады, ішек флорасы бұзылады. Толық ас қорытудың бұзылуы болады, себебі олар өзара байланысты. Онда аспен бірге келетін ферменттер жеткіліксіз және қалыпты ас қорыту үшін қосымша ферменттердің көзін қолдану қажет.

Организмге қандай ферменттер қажет?

Адамға қажетті ферменттердің үш тобы бар:

  • протеазалар (ақуызды ажырату үшін қажет заттар);
  • липазалар (майды ажыратуға жауап береді);
  • амилазалар (көмірсуларды ажыратуға жауап береді).

Ферменттердің жетіспеуі асқазанға түскен астың қорытылып үлгермеуіне әкеледі. Ол ас қорыту ағзаларының ауруына ұрындырады (асқазан, ұйқы безі, бауыр, өт қабы азап шегеді). Ферменттердің жетіспеуінің алғашқы белгілері тамақтан кейінгі қыжылдату, лоқсу, ауырлық және ауырсыну болып табылады. Ферменттердің жетіспеуін сыртқы факторлар бойынша тануға болады: терінің ауру кейпі, күңгірт және өзгерген шаш, тырнақтың қабыршақтануы.

Организмде ферменттерді өндіру әртүрлі себептерге байланысты бұзылуы мүмкін. Бірақ негізгісі тамақтану теңгерімсіздігі болып табылады. Артық тамақтану ерекше жаман әсер етеді, себебі организм шексіз ферменттерді өндіре алмайды. Сондықтан тамақтану үрдісіне, азық-түлікті таңдауға аса мұқият қарау, сондай-ақ организмді шектен тыс жұмыс істеуге мәжбүрлемей,оған құрамында ферменттер бар заманауи дәрі-дәрмектің көмегімен көмектесу маңызды. Осындай тиімді құралдардың бірі Микразим болып табылады.

Микразим – ас қорытуға әсер ететін, заманауи дәрі-дәрмек.

Белсенді зат – панкреатин – әр түрлі ас қорыту ферменттерінің (липазалар, протеазалар, амилазалар) теңгерімделген қоспасының арқасында көмірсулар, ақуыз және майларды сіңіру үрдісін жақсартады. Микразим құрамындағы ферменттер асқазанға ешқандай әсер етпей, асты ішектер арқылы өткен кезде қорытады. Мұндай әсер асқазан сөліне төзімді панкреатині бар микротүйіршіктер арқасында мүмкін болады. Капсулалар асқазанда ериді, ал ферменттердің өзі, асты өте жақсы қорытуды қамтамасыз етіп, тікелей ішіектерде «жұмыс істейді», жеңілдік және жайлылық береді.

ТАҒАЙЫНДАР ЖӘНЕ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА МЕДИЦИНАДА ҚОЛДАНЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚТЫ МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ
Aқпаратпен таныстым, жасыру