Микразим / Бұл қызық / Іштегі жайсыздықтың негізгі себептері. Ферменттер неге керек?

Іштегі жайсыздықтың негізгі себептері. Ферменттер неге керек?

Тамақтан кейінгі іштегі ауырлық-көбіне таныс жағдай. Көптеген адамдар тамақтан кейінгі асқазан ауруын дұрыс тамақтанбауға немесе сапасыз тағамға жатқызады. Бірақ іштің кебуі, шұрқырауы, метеоризм, ал кейбір жағдайларда тамақтан кейін лоқсу, әртүрлі мәселенің салдары болуы мүмкін.

- Аса көп тамақ. Артық тамақтану кезінде ас қорыту жүйесінің тұтынған азықты толық дұрыс қорыту қабілеті азаяды. Сондай-ақ тамақтану кезінде тұтынатын аса көп сұйықтық мөлшері маңызды кезең болып табылады. Сол уақытта ас қорыту процесіне жауапты заттарды (тұз қышқылы, ас қорыту ферменттері, өт) сұйылту болады. Ол олардың әсерінің тиімділігін азайтады және асты қорыту процесін бұзады.

- Кеш тамақтану. Кешке ас қорыту процесі бәсеңдейді және түнге жақын асты қорыту процесі іс жүзінде тоқтайды. Ол ас қорытудың бұзылуына әкеледі.

-Күйзелу. Күйзелу ас қорыту процесін төмендететіндігі дәлелденген.

- Асқазан сөлінің төмен қышқылдығы немесе ас қорыту ферменттерінің жеткіліксіз бөлінуі. Кейбір адамдарда тамақты тиімді қорыту үшін ас қорыту ферменттерін жеткіліксіз өндіру байқалады.

Ферменттер қалай әрекет етеді

Ферменттер — ол іс жүзінде барлық жануарларда және өсімдік өнімдерінде бар ақуызды заттар. Егер ферменттер болмаса, онда өнімнің ыдырау процесі елеулі қиындыққа ие болар еді.

Ферменттің әрекет етуі- реакцияға қатысатын заттармен (субстрат) байланыстыруда және оның басқа затқа түрленуінде. Егер ішекке сіңіру үшін дайындалмаған ас түссе, ол шырышты тітіркендіреді, ашу немесе бұзылу процесі басталады, ішек флорасы бұзылады. Толық ас қорытудың бұзылуы болады, себебі олар өзара байланысты. Онда аспен бірге келетін ферменттер жеткіліксіз және қалыпты ас қорыту үшін қосымша ферменттердің көзін қолдану қажет.

Организмге қандай ферменттер қажет?

Адамға қажет ферменттердің үш тобы бар:

  • протеазалар (ақуызды ажырату үшін қажет заттар);
  • липазалар (майды ажыратуға жауап береді);
  • амилазалар (көмірсуларды ажыратуға жауап береді).

Ферменттердің жетіспеуі асқазанға түскен астың қорытылып үлгермеуіне әкеледі. Ол ас қорыту органдарының ауруына ұрындырады (асқазан, ұйқы безі, бауыр, өт қабы азап шегеді). Ферменттердің жетіспеуінің алғашқы белгілері тамақтан кейінгі қыжылдату, лоқсу, ауырлық және ауыру болып табылады. Ферменттердің жетіспеуін сыртқы факторлар бойынша тануға болады: терінің ауру кейпі, күңгірт және өзгерген шаш, тырнақтың жіктелуі.

Организмде ферменттерді өндіру әртүрлі себептермен бұзылуы мүмкін. Бірақ негізгісі тамақтану теңгерімсіздігі болып табылады. Артық тамақтану ерекше жаман әсер етеді, себебі организм шексіз ферменттерді өндіре алмайды. Сондықтан тамақтану процесіне, азық-түлікті таңдауға аса мұқият қарау, сондай-ақ организмді шектен тыс жұмыс істеуге мәжбүрлемей,оған құрамында ферменттер бар заманауи дәрі-дәрмектің көмегімен көмектесу маңызды. Осындай тиімді құралдардың бірі Микразим болып табылады.  

Микразим – ас қорытуға әсер ететін, заманауи дәрі-дәрмек.

Белсенді зат – панкреатин – әр түрлі ас қорыту ферменттерінің (липазалар, протеазалар, амилазалар) теңгерімделген қоспасының арқасында көмірсулар, ақуыз және майларды сіңіру процесін жақсартады. Микразим құрамындағы ферменттер асқазанға ешқандай әсер етпей, асты ішектер арқылы өткен кезде қорытады. Мұндай әсер асқазан сөліне төзімді панкреатині бар микротүйіршіктер арқасында мүмкін болады. Капсулалар асқазанда ериді, ал ферменттердің өзі, асты өте жақсы қорытуды қамтамасыз етіп, тікелей ішіектерде «жұмыс істейді», жеңілдік және жайлылық береді.

ТАҒАЙЫНДАР ЖӘНЕ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА МЕДИЦИНАДА ҚОЛДАНЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚТЫ МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ
Aқпаратпен таныстым, жасыру