Микразим / Сұрақ-жауап / Улану салдарын жою үшін Микразим®-ді қалай қабылдау керек?

Улану салдарын жою үшін Микразим®-ді қалай қабылдау керек?

Уланған кезде бүкіл ас қорыту жүйесінің жұмысы бұзылады. Бұл процеске улану панкреатиті өршігенге дейін ұйқы безі де тартылады. Оның секреторлық функциясы төмендейді. Бұл ферменттік жетіспеушілікке түрткі болады. Осының нәтижесінде асты қорыту нашарлайды, ішек бұзылыстары орын алады, уланғаннан кейін қалпына келу процесі баяулайды.

Сондықтан, ферменттік препараттарды түрлі улану кезінде емдеу сызбасына міндетті түрде қосады. Оларды пайдалану ұйқы безінің жетіспейтін қызметін өтеуге мүмкіндік береді, диарея мен метеоризмнің азаюына ықпал етеді.

Қатты улану мен құсуды тоқтатқаннан кейін, науқас ас қабылдай бастағанда ферменттер тағайындалады. Бастапқыда оның рационы қатал әрі оңай игерілетін азық-түліктерден тұрғанына қарамастан, ферменттік препараттар емдеу диетасына міндетті қосымша болады және асты әр қабылдаған сайын енгізіледі.

Бұл ретте, аз тітіркендіретін әсері бар заманауи дәрілерге, мысалы, Микразим®-ге артықшылық беріледі. Оның капсулаларында панкреатині бар ішекте еритін шағын түйіршіктер бар және олар қажет болғанда жартылай сұйық немесе езбе тәрізді аспен тікелей араласуы мүмкін. Ферменттік жетіспеушілік белгілерін ескере отырып, дәрігер Микразим®-дің қажетті дозасын анықтайды.

Әдетте бірнеше ай бойы барлық улану симптомдарын жойғаннан кейін де осындай ферменттік алмастырушы терапияны жалғастырады. Бұл ұйқы безімен ауыратын науқастан жүктемені жартылай алуға және оған толық қалпына келуіне мүмкіндік береді.

ТАҒАЙЫНДАР ЖӘНЕ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА МЕДИЦИНАДА ҚОЛДАНЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚТЫ МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ
Aқпаратпен таныстым, жасыру