Микразим / Сұрақ-жауап / Ұйқы безі ауырған кезде Микразим®-ді қабылдауға бола ма?

Ұйқы безі ауырған кезде Микразим®-ді қабылдауға бола ма?

Ұйқы безінің ауруы оның тіндерінің ұзақ ісінуімен, яғни, созылмалы панкреатитпен байланысты. Бұл соңғы буындағы ферменттік препарат - Микразим®-ді қолдануға арналған негізгі көрсеткіштердің бірі болып саналады. Оның капсулаларында ішекте негізгі нутриенттерді (қоректік заттарды) қорытатын панкреатині бар ішекте еритін шағын түйіршіктер бар.

Микразим®-ді қолдану ұлтабар саңылауында жеке ас қорыту ферменттерінің тапшылығын толтыруға, ұйқы безіне жүктемені азайтуға, ас қорытуды жақсартуға мүмкіндік береді. Панкреатит кезінде ферменттік терапия мен диетаның үйлесуі жайсыз симптомдарды жеңуге, жақсаруға көмектеседі.

Бірақ, іш ауырғанда оның себептерін анықтап, тиісті терапияны таңдау үшін дәрігерге жолығу қажет екендігін ұмытпаңыз. Асқынған панкреатит кезінде емдеу процесі ашығудан басталады. Сондықтан, мұндай жағдайда ферменттік препараттар басында қажет болмауы да мүмкін.

ТАҒАЙЫНДАР ЖӘНЕ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА МЕДИЦИНАДА ҚОЛДАНЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚТЫ МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ
Aқпаратпен таныстым, жасыру