Микразим / Сұрақ-жауап / Мен 18:00-ден бұрын кешкі асты қабылдау қажет екенін білемін. Бірақ, жұмысыма байланысты уақытылы тамақ жеп үлгермеймін. Аталған уақыттан кеш ас қабылдағаным менің денсаулығыма қаншалықты зиян болады?

Мен 18:00-ден бұрын кешкі асты қабылдау қажет екенін білемін. Бірақ, жұмысыма байланысты уақытылы тамақ жеп үлгермеймін. Аталған уақыттан кеш ас қабылдағаным менің денсаулығыма қаншалықты зиян болады?

18:00-ге тамақтану қажет деген ереже түзетулер мен толықтыруларды қажет етеді. Адамның түнгі ұйқысы шамамен 20:30-21:00-де басталса, бұл ережені қолдануға болады. Себебі, диетологтардың айтуы бойынша жатар алдында 2-2,5 сағат бұрын тамақ ішу қажет. Егер де адам шамамен 23:00-де ұйықтайтын болса, онда ол кешкі сағат 21:00-де тамақ іше алады.

Тағы бір айта кететін жайт: артық тамақ жемеу. Бұл кешкі ас қабылдау үшін өте маңызды. Кешкі ас құнарлы болуы тиіс, бірақ қорыту үшін ауыр болмауы қажет. Кері жағдайда, түнде ұйқыңыз қашып, ішіңіз таңертең ауыр болады. 

Негізгі ас қабылдау арасында жеңіл-желпі тамақтануды енгізу арқылы артық жеп қою мәселесін шешесіз. Бұл сіздің аштық сезіміңізді жойып, қажетті мөлшерде тамақ ішуге итермелейді.

ТАҒАЙЫНДАР ЖӘНЕ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА МЕДИЦИНАДА ҚОЛДАНЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚТЫ МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ
Aқпаратпен таныстым, жасыру