Микразим / Сұрақ-жауап / Мен Микразим®-ді қабылдаймын. Маған қандай да бір анализдер тапсыру қажет пе?

Мен Микразим®-ді қабылдаймын. Маған қандай да бір анализдер тапсыру қажет пе?

Ұзақ қолданғанның өзінде Микразим® қантүзілім жүйесіне, бүйірге және бауырға кері әсерін тигізбейді. Сондықтан, оны қабылдау кезінде осы органдардың күйін бақылаудың қажеті жоқ. Осыған қарамастан, дәрігер кейбір анализдерді тапсыруға кеңес беруі мүмкін.

Микразим®-ді қабылдау кезіндегі зертханалық диагностика ферменттік жетіспеушілікті бағалау үшін қолданылады. Себебі, алғашқы кезде тағайындалған препараттың мөлшері ұйқы безі ферменттерінің тапшылығын өтеу үшін жеткілікті болады.

Бейтарап майдың мөлшерін анықтай отырып, копрограмма (нәжіс анализі) арқылы Микразим®-дің беретін әсерін бағалауға болады. Осы көрсеткіш ферменттік препараттарды дозалауды сұрыптау кезінде қолданылады. Стеатореяның (нәжісте майдың артық мөлшерде болуы) жойылуы қажетті өтемге жеткендігін растайды.

Панкреатит ушыққан кезде амилаза деңгейін анықтауға арналған анализ тағайындалуы мүмкін. Осы қоспаның аса жоғары деңгейі – ұйқы безінің белсенді түрде ісу белгісі.       

ТАҒАЙЫНДАР ЖӘНЕ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА МЕДИЦИНАДА ҚОЛДАНЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚТЫ МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ
Aқпаратпен таныстым, жасыру