Микразим / Сұрақ-жауап / Капсуладаға ферменттер таблеткалардан несімен айрықшаланады?

Капсуладаға ферменттер таблеткалардан несімен айрықшаланады?

Ферменттік препараттардың таблеткалы және капсулалы түрлерінің негізгі айырмашылықтары:

  • Олар әсер етуі тиіс ішекке түсу жылдамдығы. Капсуладағы ферменттер оның таблеткалы аналогтарына қарағанда асқазаннан тез шығады. Демек, олар ерте әсер ете бастайды.
  • Ас қорыту жолының шырышты қабатына әсері. Желатинді капсулалар бейтарап және асқазанның қабырғаларын тітіркендірмей, асқазанның саңылауында тез ериді. Таблеткалар шырышты қабатқа механикалық түрде әсер етуі мүмкін. Гастрит, эзофагит, дуоденит аурулары болғанда кейбір жайсыздыққа себепкер болуы мүмкін.
  • Әсер ету аймағында тиімді концентрацияға жету. Таблеткалар біртіндеп ериді. Бұл ретте, олар ас жентігімен бірге ас қорыту жолының төменгі бөлімдеріне жылжып үлгіреді. Панкреатиннің физиологиялық әсер ету аймағында (ұлтабарда) ферменттің концентрациясы үнемі жеткілікті бола бермейді. Капсулалар осы кемшіліктен айырылған. Олардағы фермент асқазанның төменгі бөлімінде тез шығады және ұлтабарға панкреатиннің ең көп мөлшері түседі. Әрине, оның кейбір бөлігі белсенді емес. Себебі, ол асқазанда әсер ете бастады. Микразим®-ді пайдаланған кезде осы әсерден құтылуға болады.

Микразим® капсула түрінде шығатын көптеген басқа ферменттік препараттардан айтарлықтай ерекшеленеді. Қолданыстағы затта (панкреатин) қосарланған қорғаныс бар: пеллет деп аталатын шағын түйіршіктердің сыртқы желатинді қабаты мен ішекте еритін қабырғалар.

Осы пеллеттер сілтілі ортаға түскенде ғана ериді. Ас қорыту жолында ол ұлтабардың саңылауында және аш ішектің төменгі бөлімдерінде болады. Сондықтан, Микразим® капсуласын ашу мен асқазанда желатинді қабаттың еруі басқа капсулалы препараттарға қарағанда ферменттердің әсер ету күшін жоғалтпайды.

Шағын түйіршіктердің арқасында панкреатин асқазаннан шыққанда, жеке ұйқы безінен ферменттер шыққан жерде ғана белсенді болады. Сондықтан, Микразим®-дің әсерімен қорыту механизмі бойынша табиғи түрінен айрықшаланбайды.

ТАҒАЙЫНДАР ЖӘНЕ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА МЕДИЦИНАДА ҚОЛДАНЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚТЫ МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ
Aқпаратпен таныстым, жасыру