Микразим / Сұрақ-жауап / Ас қабылдау кезінде артық жеп қою сезімін ажырата алмаймын, сондықтан көп жағдайда артық тамақ жеп қоямын. Бұл мәселені қалай шешуге болады?

Ас қабылдау кезінде артық жеп қою сезімін ажырата алмаймын, сондықтан көп жағдайда артық тамақ жеп қоямын. Бұл мәселені қалай шешуге болады?

Әдетте артық жеп қою бірнеше факторлармен байланысты болуы мүмкін:

  • Асты қабылдар алдында аштық сезімі. Артық жеп қоюға бейім адам әдетте сирек жеуге тырысып, қабылдайтын ас мөлшерін азайтуға талпынады. Осының нәтижесінде ол аштық сезімін дұрыс бақылай алмай, өте тез жеп, артық жеп қою сезімін кеш түсінеді. Мұның шешім жолы мынадай – жеңіл-желпі тамақтану тәртібін енгізу арқылы «қатты ашырқау» күйіне жетпеу.
  • Ас қабылдау кезінде басқа бірдеңеге алаңдау. Ас қабылдау процесіне көңіл бөлмей, теледидар мен оқуға назар аударып, миымыз артық тамақ жеп қою сигналын кеш береді. Осының нәтижесінде қажетінен тыс артық жеп қоюға болады. Шешім жолы – тамақ жеу процесінен ләззат алу, қабылдаған астың мөлшерін сезіну, тамақтану барысында фильм мен оқуды тоқтату.
  • Асығу, жүріп бара жатып жеу. Қоректік заттар қанға келе бастаған кезде, бірнеше уақыт өткен соң, миымызға артық жеп қою сигналы беріледі. Егер өте тез тамақ жесеңіз, ағзаңыз ештеңеге жауап бере алмай, асқазан артық мөлшерде толып қалғанда ғана кешігіп сигнал береді. Шешім жолы – жүріп бара жатып ас қабылдамау, тез шайнап жемеу, ас қабылдауға ең кемі 20 минут уақыт бөлу.
ТАҒАЙЫНДАР ЖӘНЕ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА МЕДИЦИНАДА ҚОЛДАНЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚТЫ МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ
Aқпаратпен таныстым, жасыру